https://sputnik.kz/20250210/ukimet-qqs-molsherlemesin-16-dengeyinde-belgileudi-usyndy-50744883.html
Үкімет ҚҚС мөлшерлемесін 16% деңгейінде белгілеуді ұсынды
Үкімет ҚҚС мөлшерлемесін 16% деңгейінде белгілеуді ұсынды
Sputnik Қазақстан
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді ҚҚС-дан толық босату, ал бірқатар салалар үшін 10% мөлшеріндегі аралық мөлшерлеме енгізу ұсынылды 10.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-10T21:25+0500
2025-02-10T21:25+0500
2025-02-10T21:25+0500
салық
үкімет
https://sputnik.kz/img/07e9/02/0a/50744723_183:0:1097:514_1920x0_80_0_0_8d0137389cd20c6b495e195eed340724.jpg
АСТАНА, 10 ақпан - Sputnik. Қаржы министрі Мәди Такиев пен ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин бизнес өкілдерімен салық реформасы шеңберінде қосылған құн салығының сараланған мөлшерлемелерін белгілеу жөніндегі Үкімет ұсыныстарын талқылады, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі."Атамекен" ҰКП қолдауымен ұйымдастырылған кездесуге бизнестің, қауымдастықтардың, қоғамдық және салалық бірлестіктердің 150-ден астам өкілі қатысты. Олардың қатарында қазақстандық салық кеңесшілері қауымдастығының, өзін-өзі реттейтін қоғамдық тамақтандыру ұйымының өкілдері, Астана кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңестерінің және өңдеу және фармацевтика, медицина өнеркәсібі комитеттерінің, "Атамекен" ҰКП, "Alageum Electric" компаниялар тобының, "Petro mining" қауымдастығының мүшелері және басқалар бар.Қаржы министрі мемлекет басшысының салық жүйесі теңгерімді болуы тиіс дегені нақты нұсқау болғанын айтты.Өз кезегінде ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин салық реформасы шеңберінде ҚҚС сараланған мөлшерлемелерін белгілеу жөніндегі Үкіметтің ұсыныстарын айтты.Қазіргі уақытта аграрлық секторда шаруа қожалықтары ҚҚС төлемейтіні, ал заңды тұлғалар қолда бар жеңілдіктерге байланысты бюджетке төлеуге тиісті салықтардың тек 30%-ын төлейтіні айтылды. Жаңа тетіктер бойынша олардың ешқайсысы ҚҚС төлемейтін болады. Бұл қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін (картоп, қызанақ, пияз және басқалары) бәсекеге қабілетті етуге мүмкіндік береді. 10% мөлшерлеме қолданылатын салалардың түрлері бизнеспен әлі де талқылануда.Сондай-ақ кездесуде жеңілдетілген декларация мен бөлшек салық режимін, оның мәні – кіріс шегін жылына 600 мың АЕК (2 млрд 359 млн теңге) мөлшерінде сақтай отырып, қайта қарау бойынша ұсыныстар айтылды. Негізгі өзгеріс – бұл режимді тек B2C сегментінде (бөлшек саудада) жүзеге асыру. Жұмысшылар саны бойынша шектеуді алып тастау ұсынылды. Кәсіпкердің сатудан түскен табысы жылына 100 млн теңгеден асатын болса, салық салынатын табысты еңбекақы қоры (еңбекақы төлеу қоры) сомасына азайту мүмкіндігі көзделген. Осылайша, 100 млн теңге шегі жалақыны ақтауға ынталандыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте бөлшек салықтың 4% мөлшерлемесі (мәслихаттардың 50%-ға төмендету мүмкіндігімен) сақталады.Салық реформасын іске асыру кезінде ел бюджетіне түсетін салық түсімдері жыл сайын 4-5 трлн теңгеге артады деп күтіледі.
https://sputnik.kz/20240516/eaeo-eksporttaushylary-tranzaktsiyalardy-zhyldam-rastap-noldik-qqs-qoldana-alady-44306987.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/0a/50744723_297:0:982:514_1920x0_80_0_0_93591a9186b0cd0dac4daa02917c656a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
салық, үкімет
Үкімет ҚҚС мөлшерлемесін 16% деңгейінде белгілеуді ұсынды
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді ҚҚС-дан толық босату, ал бірқатар салалар үшін 10% мөлшеріндегі аралық мөлшерлеме енгізу ұсынылды
АСТАНА, 10 ақпан - Sputnik. Қаржы министрі Мәди Такиев пен ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин бизнес өкілдерімен салық реформасы шеңберінде қосылған құн салығының сараланған мөлшерлемелерін белгілеу жөніндегі Үкімет ұсыныстарын талқылады, деп хабарлады
үкіметтің баспасөз қызметі.
"Атамекен" ҰКП қолдауымен ұйымдастырылған кездесуге бизнестің, қауымдастықтардың, қоғамдық және салалық бірлестіктердің 150-ден астам өкілі қатысты. Олардың қатарында қазақстандық салық кеңесшілері қауымдастығының, өзін-өзі реттейтін қоғамдық тамақтандыру ұйымының өкілдері, Астана кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңестерінің және өңдеу және фармацевтика, медицина өнеркәсібі комитеттерінің, "Атамекен" ҰКП, "Alageum Electric" компаниялар тобының, "Petro mining" қауымдастығының мүшелері және басқалар бар.
Қаржы министрі мемлекет басшысының салық жүйесі теңгерімді болуы тиіс дегені нақты нұсқау болғанын айтты.
"Бүгін біз басты мәселелердің бірін талқылау үшін жиналдық, бұл қосылған құн салығына қатысты. Біз өңірлерде экономика, қаржы министрліктерінің, "Атамекен" палатасының өкілдері қатысатын көптеген кездесу өткіземіз. Жұмыс үлкен және жан-жақты. Біздің мекен-жайымызға келіп түскен барлық ұсыныстар тыңдалады. Біз бірыңғай ұстанымды қалыптастырамыз, өйткені Салық кодексі өте қарапайым, түсінікті, нақты болуы тиіс", - деді Мәди Такиев.
Өз кезегінде ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин салық реформасы шеңберінде ҚҚС сараланған мөлшерлемелерін белгілеу жөніндегі Үкіметтің ұсыныстарын айтты.
"Біз мынадай тетікті қарастыруды ұсынамыз: жалпы белгіленген ҚҚС мөлшерлемесі 16%, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді ҚҚС-тан толық босату, ал бірқатар салалар үшін – 10% мөлшеріндегі аралық мөлшерлеме. Осылайша, Үкімет ұсынып отырған мөлшерлемелерді саралау: 16%, 10%, 0% және босату", - деп түсіндірді Азамат Әмрин.
Қазіргі уақытта аграрлық секторда шаруа қожалықтары ҚҚС төлемейтіні, ал заңды тұлғалар қолда бар жеңілдіктерге байланысты бюджетке төлеуге тиісті салықтардың тек 30%-ын төлейтіні айтылды. Жаңа тетіктер бойынша олардың ешқайсысы ҚҚС төлемейтін болады. Бұл қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін (картоп, қызанақ, пияз және басқалары) бәсекеге қабілетті етуге мүмкіндік береді. 10% мөлшерлеме қолданылатын салалардың түрлері бизнеспен әлі де талқылануда.
Сондай-ақ кездесуде жеңілдетілген декларация мен бөлшек салық режимін, оның мәні – кіріс шегін жылына 600 мың АЕК (2 млрд 359 млн теңге) мөлшерінде сақтай отырып, қайта қарау бойынша ұсыныстар айтылды. Негізгі өзгеріс – бұл режимді тек B2C сегментінде (бөлшек саудада) жүзеге асыру. Жұмысшылар саны бойынша шектеуді алып тастау ұсынылды. Кәсіпкердің сатудан түскен табысы жылына 100 млн теңгеден асатын болса, салық салынатын табысты еңбекақы қоры (еңбекақы төлеу қоры) сомасына азайту мүмкіндігі көзделген. Осылайша, 100 млн теңге шегі жалақыны ақтауға ынталандыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте бөлшек салықтың 4% мөлшерлемесі (мәслихаттардың 50%-ға төмендету мүмкіндігімен) сақталады.
Салық реформасын іске асыру кезінде ел бюджетіне түсетін салық түсімдері жыл сайын 4-5 трлн теңгеге артады деп күтіледі.