https://sputnik.kz/20240516/eaeo-eksporttaushylary-tranzaktsiyalardy-zhyldam-rastap-noldik-qqs-qoldana-alady-44306987.html
ЕАЭО экспорттаушылары транзакцияларды жылдам растап, нөлдік ҚҚС қолдана алады
ЕАЭО экспорттаушылары транзакцияларды жылдам растап, нөлдік ҚҚС қолдана алады
Sputnik Қазақстан
ЕАЭО салық органдарымен ақпарат алмасудың жаңа мерзімдерін белгілейтін түзетулер күшіне енді 16.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-16T11:11+0500
2024-05-16T11:11+0500
2024-05-16T11:11+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e8/05/10/44303669_0:0:1401:789_1920x0_80_0_0_09a74533a8651d411d126de9be7fd143.jpg
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде қосымша құн салығы (ҚҚС) нөлдік мөлшерлемесін қолдану үшін экспорт фактілерін растау енді әлдеқайда оңай және жылдам орындалады, дейді ЕЭК Экономика және қаржы саясаты министрі Бақыт Сұлтанов.2009 жылдың 11 желтоқсанындағы Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің салық органдары арасында төленген жанама салықтардың сомасы туралы электронды түрде ақпарат алмасу туралы хаттамаға енгізілген түзетулер күшіне енді, деп хабарлады ЕЭК баспасөз қызметі.Бұл жаңашылдық Еуразиялық "бестік" елдері мен салық органдары арасындағы ақпарат алмасуды жылдамдатады – бұрын бұл процесс жиілігі он күн болса, енді апта сайын орындалады."Форматтық-логикалық бақылау хаттамаларымен алмасу мерзімі үш күннен бір жұмыс күніне дейін қысқартылды", - делінген ЕЭК хабарламасында.Сондай-ақ хаттама жанама салықтардың сомалары туралы электронды түрдегі ақпараттың құрамы мен құрылымына қойылатын талаптармен толықтырылған.Сұлтановтың айтуынша, өзгерістер салық органдары арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға, салықтық бақылаудың тиімділігін және акциздерден босатудың заңдылығы туралы жиналған дәлелдемелік базаның сапасын арттыруға бағытталған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/10/44303669_76:0:1288:909_1920x0_80_0_0_210a33fb8638d29b3854111bfc4758d3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
ЕАЭО экспорттаушылары транзакцияларды жылдам растап, нөлдік ҚҚС қолдана алады
ЕАЭО салық органдарымен ақпарат алмасудың жаңа мерзімдерін белгілейтін түзетулер күшіне енді
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде қосымша құн салығы (ҚҚС) нөлдік мөлшерлемесін қолдану үшін экспорт фактілерін растау енді әлдеқайда оңай және жылдам орындалады, дейді ЕЭК Экономика және қаржы саясаты министрі Бақыт Сұлтанов.
"Жаңа шаралар өзара саудаға қатысушылардың тауарларды экспорттау фактісін растауды, жанама салықтарды төлеуді және ҚҚС нөлдік мөлшерлемесін қолдануды жеделдетеді", - деді министр.
2009 жылдың 11 желтоқсанындағы Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің салық органдары арасында төленген жанама салықтардың сомасы туралы электронды түрде ақпарат алмасу туралы хаттамаға енгізілген түзетулер күшіне енді, деп хабарлады ЕЭК баспасөз қызметі.
Бұл жаңашылдық Еуразиялық "бестік" елдері мен салық органдары арасындағы ақпарат алмасуды жылдамдатады – бұрын бұл процесс жиілігі он күн болса, енді апта сайын орындалады.
"Форматтық-логикалық бақылау хаттамаларымен алмасу мерзімі үш күннен бір жұмыс күніне дейін қысқартылды", - делінген ЕЭК хабарламасында.
Сондай-ақ хаттама жанама салықтардың сомалары туралы электронды түрдегі ақпараттың құрамы мен құрылымына қойылатын талаптармен толықтырылған.
Сұлтановтың айтуынша, өзгерістер салық органдары арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға, салықтық бақылаудың тиімділігін және акциздерден босатудың заңдылығы туралы жиналған дәлелдемелік базаның сапасын арттыруға бағытталған.