https://sputnik.kz/20250207/qosarlangan-qun-salygy-osedi-baga-qansha-protsentke-qymbattauy-mumkin-50648698.html
Қосылған құн салығы өседі: баға қанша процентке қымбаттауы мүмкін
Қосылған құн салығы өседі: баға қанша процентке қымбаттауы мүмкін
Sputnik Қазақстан
Ірі дүкендерде бір бөлке нанның бағасы 9,8 процентке өседі 07.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-07T13:55+0500
2025-02-07T13:55+0500
2025-02-11T11:42+0500
бюджет
салық
https://sputnik.kz/img/07e7/09/13/38573396_0:207:2908:1843_1920x0_80_0_0_3b754f7bbd87636a1ac2ad267dc2158d.jpg
АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. Үкімет қосылған құн салығын 20 процентке дейін көтеруді ұсынды. Бірақ кәсіпкерлер әлеуметтік салық пен жұмысшылар үшін міндетті зейнетақы жарнасын төлеуден босатылуы мүмкін. Вице-премьер Серік Жұманғарин 20 проценттік меже әлі нақты емес деп отыр. Одан төмен болуы да мүмкін. Sputnik Қазақстан алдағы салық реформасының негізгі нормаларына шолу жасайды.Реформаның негізгі жаңалығыҮкіметтің салық реформасына сәйкес, қосылған құн салығын 20 процентке көтеріп қана қоймай, осы салықты төлеу міндетін жылдық ақша айналымы 15 млн теңгеден асатын кәсіпкерлер үшін енгізуді ұсынып отыр. Қазіргі меже – 78 млн теңге. Оны түсірудің негізгі себебі – бизнесмендердің өз кәсібін бөліп жүргізуі. Осылайша, көбісі бірнеше шағын фирма ашып алады да, жылдық табысы 78 миллионнан төмен болғасын қосымша құн салығын төлемейді. Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде кәсіпкерлердің 4 проценті ғана ол салықты төлеп жүр.Вице-премьер Серік Жұманғариннің айтуынша, қосылған құн салығы барлығына бірдей 20 процент болмайды. Сараланған мөлшерлеме енгізіледі. Қазіргі ұсыныстар:Азық-түлік өндірісі үшін бірнеше ұсыныс бар:Ал құрылыс саласында инфрақұрылымдық алымды енгізу ұсынылып отыр. Оның мөлшері – бір шаршы метр үшін 40-60 доллар. Оны енгізсе, қосылған құн салығы алынады.Бөлшек салықты төлейтіндер азаядыҚосылған құн салығын төлеу межесін түсірумен бірге бөлшек салықты төлейтін компанияларды қысқарту да ұсынылып отыр. Бүгінде ондай кәсіпкерлер жылдық табыстың тек 4 процентін төлейді.Бөлшек салықты төлейтін салалар:Жалпы, бұл тізімге экономикалық қызметтің 364 түрі кіреді. Оларды 40-қа дейін қысқартуы мүмкін. Ал негізгі басымдық бөлшек саудаға, қонақ үйлер мен қоғамдық тамақтануға беріледі.Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин халықпен жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін ештеңе өзгермейді деп отыр. "Үй жанындағы дүкендер, киоскілер, сауда шатырлары, мейрамханалар, шаштараздар және тағы басқа бизнеске салықтық реформаның ешқандай қатысы жоқ. Олар бөлшек саудада қалай жұмыс істесе, тура солай істей береді", - деді Жұманғарин сенатта өткен брифингте.Нан бағасы қанша боладыҰлттық экономика министрлігі қосылған құн салығы 20 процентке көтерілген жағдайда нан бағасы неше процентке өсетінін де есептеп шығарды. Осы есепке сәйкес, шағын дүкендерде бір бөлке нанның бағасы 7,1 процентке көтерілуі мүмкін. Ал сол нанды ірі дүкендер сатса, бағасы 9,8 процентке өседі. Себебі наубайханаға да, оларға да қосылған құн салығын төлеу керек. Кәсіпкерлер бұл салықты бағаның ішіне қосатыны белгілі.Үй жанындағы шағын дүкендер болса, бұрынғы бөлшек салықты, яғни, жалпы жылдық табыстан 4 процентті төлей береді.Сондай-ақ үкімет әлеуметтік салық пен жұмыс берушілер төлейтін міндетті зейнетақы төлемдерін алып тастауды ұсынып отыр. Соның есебінен жұмысшылардың жалақысы көтеріледі деген үміт бар.Ал Жұманғариннің сөзіне қарағанда, қосылған құн салығы 20 процентке дейін көтерілсе, тауар бағасы шамамен 4,5 процентке өседі. Бірақ үкімет бағаны біртіндеп түсіруге тырысады.Салықшылардың жұмысы көбейедіҮкімет салықшылардың бірқатар функциясын қайтаруды жоспарлап отыр. Бүгінде салықшы тексеріске жайдан-жай шыға алмайды. Оларға біраз процедурадан өту керек."Ал көлеңкелі экономикада жұмыс істейтіндер салықшыларды күтіп отырмайды, олар өте жылдам әрекет етеді", - дейді Жұманғарин.Осыған байланысты салықшылардың өкілеттілігін күшейту жоспарланып отыр.Бюджетке түсетін салық қаншаға көбейедіМинистрлер кабинетінің жоспарына сәйкес, салық реформасының нәтижесінде бюджетке қосымша 6-7 трлн теңге түседі. Оны экономиканың нақты секторына жұмсау, алдымен ірі жобаларға салу жоспарланып отыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/13/38573396_89:0:2820:2048_1920x0_80_0_0_c01f8379dd2a9ddb42ec8df5bd9267ba.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бюджет, салық
Қосылған құн салығы өседі: баға қанша процентке қымбаттауы мүмкін
13:55 07.02.2025 (жаңартылды: 11:42 11.02.2025) Ірі дүкендерде бір бөлке нанның бағасы 9,8 процентке өседі
АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. Үкімет қосылған құн салығын 20 процентке дейін көтеруді ұсынды. Бірақ кәсіпкерлер әлеуметтік салық пен жұмысшылар үшін міндетті зейнетақы жарнасын төлеуден босатылуы мүмкін. Вице-премьер Серік Жұманғарин 20 проценттік меже әлі нақты емес деп отыр. Одан төмен болуы да мүмкін.
Sputnik Қазақстан алдағы салық реформасының негізгі нормаларына шолу жасайды.
Реформаның негізгі жаңалығы
Үкіметтің салық реформасына сәйкес, қосылған құн салығын 20 процентке көтеріп қана қоймай, осы салықты төлеу міндетін жылдық ақша айналымы 15 млн теңгеден асатын кәсіпкерлер үшін енгізуді ұсынып отыр. Қазіргі меже – 78 млн теңге. Оны түсірудің негізгі себебі – бизнесмендердің өз кәсібін бөліп жүргізуі. Осылайша, көбісі бірнеше шағын фирма ашып алады да, жылдық табысы 78 миллионнан төмен болғасын қосымша құн салығын төлемейді. Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде кәсіпкерлердің 4 проценті ғана ол салықты төлеп жүр.
Вице-премьер Серік Жұманғариннің айтуынша, қосылған құн салығы барлығына бірдей 20 процент болмайды. Сараланған мөлшерлеме енгізіледі. Қазіргі ұсыныстар:
ауыл шаруашылығы үшін 0 процентке төмендету;
фармацевтикалық салада 5 процентке дейін түсіру.
Азық-түлік өндірісі үшін бірнеше ұсыныс бар:
1.
Қазіргі 12 процентті қалдыру;
2.
Қосылған құн салығын 5 процентке дейін төмендету;
3.
Қосылған құн салығынан босату.
Ал құрылыс саласында инфрақұрылымдық алымды енгізу ұсынылып отыр. Оның мөлшері – бір шаршы метр үшін 40-60 доллар. Оны енгізсе, қосылған құн салығы алынады.
Бөлшек салықты төлейтіндер азаяды
Қосылған құн салығын төлеу межесін түсірумен бірге бөлшек салықты төлейтін компанияларды қысқарту да ұсынылып отыр. Бүгінде ондай кәсіпкерлер жылдық табыстың тек 4 процентін төлейді.
Бөлшек салықты төлейтін салалар:
құрылыс-монтаждау жұмыстары;
Жалпы, бұл тізімге экономикалық қызметтің 364 түрі кіреді. Оларды 40-қа дейін қысқартуы мүмкін. Ал негізгі басымдық бөлшек саудаға, қонақ үйлер мен қоғамдық тамақтануға беріледі.
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин халықпен жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін
ештеңе өзгермейді деп отыр.
"Үй жанындағы дүкендер, киоскілер, сауда шатырлары, мейрамханалар, шаштараздар және тағы басқа бизнеске салықтық реформаның ешқандай қатысы жоқ. Олар бөлшек саудада қалай жұмыс істесе, тура солай істей береді", - деді Жұманғарин сенатта өткен брифингте.
Ұлттық экономика министрлігі қосылған құн салығы 20 процентке көтерілген жағдайда нан бағасы неше процентке өсетінін де есептеп шығарды. Осы есепке сәйкес, шағын дүкендерде бір бөлке нанның бағасы 7,1 процентке көтерілуі мүмкін. Ал сол нанды ірі дүкендер сатса, бағасы 9,8 процентке өседі. Себебі наубайханаға да, оларға да қосылған құн салығын төлеу керек. Кәсіпкерлер бұл салықты бағаның ішіне қосатыны белгілі.
Үй жанындағы шағын дүкендер болса, бұрынғы бөлшек салықты, яғни, жалпы жылдық табыстан 4 процентті төлей береді.
Сондай-ақ үкімет әлеуметтік салық пен жұмыс берушілер төлейтін міндетті зейнетақы төлемдерін алып тастауды ұсынып отыр. Соның есебінен жұмысшылардың жалақысы көтеріледі деген үміт бар.
Ал Жұманғариннің сөзіне қарағанда, қосылған құн салығы 20 процентке дейін көтерілсе, тауар бағасы шамамен 4,5 процентке өседі. Бірақ үкімет бағаны біртіндеп түсіруге
тырысады.Салықшылардың жұмысы көбейеді
Үкімет салықшылардың бірқатар функциясын қайтаруды жоспарлап отыр. Бүгінде салықшы тексеріске жайдан-жай шыға алмайды. Оларға біраз процедурадан өту керек.
"Ал көлеңкелі экономикада жұмыс істейтіндер салықшыларды күтіп отырмайды, олар өте жылдам әрекет етеді", - дейді Жұманғарин.
Осыған байланысты салықшылардың өкілеттілігін күшейту жоспарланып отыр.
Бюджетке түсетін салық қаншаға көбейеді
Министрлер кабинетінің жоспарына сәйкес, салық реформасының нәтижесінде бюджетке қосымша 6-7 трлн теңге түседі. Оны экономиканың нақты секторына жұмсау, алдымен ірі жобаларға салу жоспарланып отыр.