https://sputnik.kz/20250128/zhumangarin-atauly-aleumettik-komek-pen-zhalaqy-qay-kezde-koteriletinin-aytty-50361712.html
Жұманғарин атаулы әлеуметтік көмек пен жалақы қай кезде көтерілетінін айтты
Жұманғарин атаулы әлеуметтік көмек пен жалақы қай кезде көтерілетінін айтты
Sputnik Қазақстан
Қазіргі кезде Салық кодексі аясында қосылған құн салығын 20 процентке дейін көтеру жоспарланып отыр 28.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-28T14:49+0500
2025-01-28T14:49+0500
2025-02-11T11:47+0500
салық
жалақы
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744613_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_d98eba81ee5241afee9e4512d3d1ddfc.jpg
АСТАНА, 28 қаңтар – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қосылған құн салығы көтерілген жағдайда атаулы әлеуметтік көмек пен жалақының көтерілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Қазіргі кезде Салық кодексі аясында қосылған құн салығын 20 процентке дейін көтеру жоспарланып отыр. Соның арқасында бюджетке түсетін қаржы артады. Бірақ тауарлардың бағасы да шамамен 4,5 процентке өседі.Вице-премьер қосылған құн салығы көтерілгеннен кейін инфляцияның өсетінін растап отыр. Бірақ үкімет бағаны біртіндеп түсіруге тырысады.
https://sputnik.kz/20250128/qatelesuge-bolmaydy-toqaev-salyq-reformasyn-qoldady-50347851.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744613_491:0:2742:1688_1920x0_80_0_0_f498ff6b890b4f65f94aba87e9ab5e95.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
салық, жалақы
Жұманғарин атаулы әлеуметтік көмек пен жалақы қай кезде көтерілетінін айтты
14:49 28.01.2025 (жаңартылды: 11:47 11.02.2025) Қазіргі кезде Салық кодексі аясында қосылған құн салығын 20 процентке дейін көтеру жоспарланып отыр
АСТАНА, 28 қаңтар – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қосылған құн салығы көтерілген жағдайда атаулы әлеуметтік көмек пен жалақының көтерілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде Салық кодексі аясында қосылған құн салығын 20 процентке дейін көтеру жоспарланып отыр. Соның арқасында бюджетке түсетін қаржы артады. Бірақ тауарлардың бағасы да шамамен 4,5 процентке өседі.
"Егер салықтық реформа қазіргі формада жүзеге асатын болса, әрине, онда біз атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін арттырамыз. Бұдан бөлек, бюджеттік ұйымдардың барлық қызметкерінің жалақысын, зейнетқаны және тағы басқа төлемдерді инфляцияға сай көтереміз. Негізгі идеямыз сол, кедейлер ол реформаны сезбеуі керек", - деді Жұманғарин үкіметте өткен брифингте.
Вице-премьер қосылған құн салығы көтерілгеннен кейін инфляцияның өсетінін растап отыр. Бірақ үкімет бағаны біртіндеп түсіруге тырысады.