https://sputnik.kz/20250206/salyq-reformasy-qay-kasipkerlerge-aser-etpeydi--vitse-premer-zhauap-berdi-50607049.html
Салық реформасы қай кәсіпкерлерге әсер етпейді – вице-премьер жауап берді
Салық реформасы қай кәсіпкерлерге әсер етпейді – вице-премьер жауап берді
Sputnik Қазақстан
Салық реформасы өз бизнесін бөлшектеп, салық төлемейтін кәсіпкерлерге ғана қатысты 06.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-06T15:36+0500
2025-02-06T15:36+0500
2025-02-11T11:45+0500
салық
реформа
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/1e/15612987_0:0:3001:1688_1920x0_80_0_0_01974bb5d0dc6605c7afe20656a9f18e.jpg
АСТАНА, 6 ақпан – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қосылған құн салығы көтерілген жағдайда қай кәсіпкерлердің салық жүктемесі өзгремейтінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Вице-премьердің айтуынша, халықпен жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін ештеңе өзгермейді.Оның сөзіне қарағанда, салық реформасы өз бизнесін бөлшектеп, салық төлемейтін кәсіпкерлерге ғана қатысты.Осы орайда Жұманғарин қосылған құн салығына қатысты өзгерістер парламентке 20 ақпанға дейін енгізілетінін де айтты. Оған дейін бұл мәселені кеңінен талқылау жоспарланған.Айта кетері, үкімет қосылған құн салығын 20 процентке дейін көтеруді ұсынып отыр. Бұл бастама іске асса, кәсіпкерлер үшін әлеуметтік салықты алып тастайды. Бірақ облыстық бюджеттер қиналып қалуы мүмкін деген болжам бар.
https://sputnik.kz/20250128/qatelesuge-bolmaydy-toqaev-salyq-reformasyn-qoldady-50347851.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/1e/15612987_374:0:2625:1688_1920x0_80_0_0_5ccec6861708b61c2a8e1c37676c7842.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
салық, реформа
Салық реформасы қай кәсіпкерлерге әсер етпейді – вице-премьер жауап берді
15:36 06.02.2025 (жаңартылды: 11:45 11.02.2025) Салық реформасы өз бизнесін бөлшектеп, салық төлемейтін кәсіпкерлерге ғана қатысты
АСТАНА, 6 ақпан – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қосылған құн салығы көтерілген жағдайда қай кәсіпкерлердің салық жүктемесі өзгремейтінін айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Вице-премьердің айтуынша, халықпен жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін ештеңе өзгермейді.
"Үйдің жанындағы дүкендер, киоскілер, сауда шатырлары, мейрамханалар, шаштараздар және тағы басқа бизнеске салықтық реформаның ешқандай қатысы жоқ. Олар бөлшек саудада қалай жұмыс істесе, тура солай істей береді. Қазір жалпы жылдық табыстың межесі – 2,5 млрд теңге, одан 4 процент төленеді. Соны төлей береді. Олар үшін ештеңе өзгермейді", – деді Жұманғарин.
Оның сөзіне қарағанда, салық реформасы өз бизнесін бөлшектеп, салық төлемейтін кәсіпкерлерге ғана қатысты.
"Ал отбасын асырап отырған, халықпен жұмыс істейтін, базарда сауда жасайтын кәсіпкерлерге салық реформасы әсер етпейді. Бөлшек салық сақталып отыр. Көбісі осы салық реформасын түсінбей жатыр. Мәселе сонда", – деді вице-премьер.
Осы орайда Жұманғарин қосылған құн салығына қатысты өзгерістер парламентке 20 ақпанға дейін енгізілетінін де айтты. Оған дейін бұл мәселені кеңінен талқылау жоспарланған.
Айта кетері, үкімет қосылған құн салығын 20 процентке дейін
көтеруді ұсынып отыр. Бұл бастама іске асса, кәсіпкерлер үшін әлеуметтік салықты алып тастайды. Бірақ облыстық бюджеттер қиналып қалуы мүмкін деген болжам бар.