Министр екінші АЭС қай кезде салынатынын айтты

© Photo : Пресс-служба государственной корпорации по атомной энергии "Росатом"Түркиядағы "Аккую" атом электр станциясының құрылысы
Түркиядағы Аккую атом электр станциясының құрылысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.01.2025
Жазылу
АСТАНА, 28 қаңтар – Sputnik. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев екінші атом электр станциясын бірінші АЭС-пен қатар салуға болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін бір топ министрлер брифингке шықты. Сол кезде журналистер екінші АЭС-тың құрылысы туралы сұрады.
"Бүгін екінші АЭС туралы айтылды. Сонда екі жобаны бір уақытта сала ма? Жоқ, әлде алдымен біріншісін одан кейін екіншісін көтере ме?", - деді тілшілер.
Энергетика министрі екі жобаны қатар салуға болады деп отыр.
"Алдағы уақытта энергия тапшылығы болады деген болжам бар. Осыған байланысты Қазақстанға энергетикалық қуат көздерін тездетіп салу қажет. Ал ядролық кластер жаңа қуат көздерін арттырып қана қоймай, ауаға шығарылатын зиянды қалдықтарды да азайтуға мүмкіндік беріп отыр. Сондықтан екі АЭС-ты қатар салуға болады деп ойлаймын. Оған қажетті ресурстарымыз бар. Құрылыс екі бөлек алаңда жүргізіледі. Жалпы, ондай сценарий іске асуы мүмкін", - деді Сәтқалиев.
Айта кетері, үкіметтің кеңейтілген отырысында президент екінші АЭС-тың орнын анықтауды тапсырды.
Энергетика министрінің айтуынша, екінші атом электр станциясын салу үшін жалпыхалықтық референдум өткізудің қажеті жоқ.
Правительство Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.01.2025
Екінші АЭС бойынша референдум өте ме – министр жауап берді
Жаңалықтар
0