Тоқаев АЭС құрылысын тездетуді тапсырды

© Sputnik / Николай Лазаренко / Медиабанкке өтуРовенская АЭС в Украине
Ровенская АЭС в Украине - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.01.2025
Жазылу
Тоқаевтың айтуынша, елімізге ядролық қуат керек, онсыз Қазақстан келешекте ойдағыдай дами алмайды
АСТАНА, 28 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы атом электр стансасының құрылысын тездету қажет екенін айтты.
Президенттің айтуынша, энергия тапшылығы артып келеді. Елімізде ядролық кластер құру ісін қолға алу керек.
"Бұл еліміздің болашақта ойдағыдай дамуына қатысты аса маңызды міндет. Үкіметке "Самұрық-Қазына" қорымен бірлесіп, атом саласын дамытудың ұзақ мерзімге арналған жоспарын әзірлеуді тапсырдым. Нақты нәтиже керек. Жан-жақты талдау жүргізіп, атом электр стансаларын салуға барынша қолайлы жерлерді, сондай-ақ заманауи және қауіпсіз технологияларды анықтау қажет", - деді Тоқаев.
Тоқаев атап өткендей, үкімет пен парламент екінші ядролық стансаны қай аймақта салу қажет екені жөнінде ұсыныс беруі керек.
"Елімізге ядролық қуат керек, онсыз Қазақстан келешекте ойдағыдай дами алмайды. Қуат дегеніміз – бүкіл экономиканың дамуы деген сөз. Екіншіден, қуат жеткілікті болса, барлық аймақтар гүлденіп, өркендей түседі, халықтың тұрмысы жақсарады. Бұл – айдан анық", - деді мемлекет басшысы.
Архивное фото АЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.01.2025
Жақын арада АЭС бойынша келісімдерге қол қойылады – Бектенов
Жаңалықтар
0