Екінші АЭС бойынша референдум өте ме – министр жауап берді

© Sputnik / Санат ИмангалиевПравительство Казахстана
Правительство Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.01.2025
Жазылу
Бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысында президент екінші АЭС-тың орнын анықтауды тапсырды
АСТАНА, 28 қаңтар – Sputnik. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев екінші атом электр станциясы бойынша референдум өткізуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысында президент екінші АЭС-тың орнын анықтауды тапсырды.
Энергетика министрінің айтуынша, екінші атом электр станциясын салу үшін жалпыхалықтық референдум өткізудің қажеті жоқ.
"Референдум өткізудің қажеттілігі жоқ. Заңнамаға сәйкес, аталған станция үкіметтің шешімі бойынша салынатын болады", - деді Сәтқалиев.
Осы орайда министр Балқаштың маңайында салынатын АЭС-ты салу шараларына тоқталды. Оның айтуынша, қазіргі кезде барлық вендормен келіссөздер жүргізілді. Енді арнайы комиссия өз жұмысына кіріседі. Мамандар АЭС салатын компанияларды анықтайды.
"Қазір талқыланып жатқан елдердің бәрі консорциумға енуі мүмкін", - деп атап көрсетті Сәтқалиев.
Ровенская АЭС в Украине - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.01.2025
Тоқаев АЭС құрылысын тездетуді тапсырды
Жаңалықтар
0