"eGov.kz істеп кетті": министрлік кешірім сұрады
© Sputnik / Тимур БатыршинЦентр обслуживания населения (ЦОН)
© Sputnik / Тимур Батыршин
Жазылу
АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі eGov.kz порталының жұмысын қалпына келтіргенін мәлімдеді , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бүгін мемлекеттік қызметтер порталы істемей қалды.
Ал қазақстандықтар цифрлық құжаттарының шықпай жатқанына шағымданды. Министрлік бәрін қалпына келтірдік деп отыр.
"Цифрлық даму министрлігі "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ сүйемелдейтін сервистердің, соның ішінде eGov.kz порталының, eGov Mobile мобильді қосымшасының, E-license және Ашық үкімет порталдарының, мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасының, сондай-ақ цифрлық құжаттар сервисінің жұмысы қалпына келтірілгенін хабарлайды", - делінген ресми хабарламада.
Сондай-ақ, халыққа қызмет көрсету орталықтарында және екінші деңгейлі банктер қосымшаларында барлық мемлекеттік қызмет қолжетімді.
"Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - дейді министрлік мамандары.