Қазақстанда жеке медициналық кітапшалар электрондық форматқа ауыстырылады

© Sputnik / Игорь Зарембо / Медиабанкке өтуМедицинский работник выдает медицинскую карту пациенту в регистратуре, архивное фото
Медицинский работник выдает медицинскую карту пациенту в регистратуре, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2024
Жазылу
АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Қазақстанда жеке медициналық кітапшаларды беру, есепке алу және жүргізу 2025 жылғы қаңтардан бастап электрондық форматқа ауыстырылады.
Бүгінгі таңда елімізде 1,6 млн. азаматтың жұмысқа рұқсат туралы белгісі бар жеке медициналық кітапшалары, оның ішінде қоғамдық тамақтану саласында –
780 мың, білім беру саласында-550 мың, денсаулық сақтау саласында –
272 мың және жеке секторда-52 мың медициналық кітапша бар.
Электрондық форматты енгізе отырып, жеке медициналық кітапшаларды бірден бірнеше ұйымда ұсынуға болады, бұл азаматтардың қаражатын үнемдейді.
Тағы бір маңызды артықшылық – бұл қоғамдық денсаулыққа қауіп төндіретін санкітапшаларды бұрмалау фактілеріне жол бермеу.
Цифровое удостоверение личности - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2024
Қаңтардан бастап медициналық анықтамалардың сегіз түрі электрондық түрде берілетін болады
Жаңалықтар
0