https://sputnik.kz/20250124/egov-memlekettik-qyzmetter-sayty-isten-shyqty-50251371.html
eGov мемлекеттік қызметтер сайты істен шықты
eGov мемлекеттік қызметтер сайты істен шықты
Sputnik Қазақстан
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы техникалық ақау болғанын хабарлады 24.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-24T14:53+0500
2025-01-24T14:53+0500
2025-01-24T14:53+0500
электрондық үкімет
сервис
https://sputnik.kz/img/1165/23/11652345_0:63:1199:737_1920x0_80_0_0_40018de3f83bef979b77b620fd42d4f8.jpg
АСТАНА, 24 қаңтар — Sputnik. eGov сервисіне кіргенде монитор экранында "Қате 404" деген жазуы бар сурет көрсетіледі.Сондай-ақ сот кабинетінің сайты, e-Otinish (мемлекеттік органдарға өтініш жолдауға арналған), "Ашық НҚА" (нормативтік-құқықтық актілердің жобалары) және "Әділет" (нормативтік құқықтық актілер) сайттары да ашылмай тұр."Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы техникалық ақау болғанын хабарлады.Қазақстандықтарға осыған байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарында және мемлекеттік қызмет көрсететін банк өтініштерінде қызмет алуда қиындықтар туындауы мүмкін екені ескертілді.eGov порталының операторы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ (ҰАТ) болып табылады, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті оның жалғыз акционері болып табылады.
https://sputnik.kz/20241220/endi-egov-mobile-mobildi-qosymshasy-arqyly-gazga-qosyluga-otinish-beruge-bolady---49394019.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1165/23/11652345_65:0:1132:800_1920x0_80_0_0_522ece388ef199e4f6fe3e37692a34c6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
электрондық үкімет, сервис
электрондық үкімет, сервис
eGov мемлекеттік қызметтер сайты істен шықты
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы техникалық ақау болғанын хабарлады
АСТАНА, 24 қаңтар — Sputnik. eGov сервисіне кіргенде монитор экранында "Қате 404" деген жазуы бар сурет көрсетіледі.
Сондай-ақ сот кабинетінің сайты, e-Otinish (мемлекеттік органдарға өтініш жолдауға арналған), "Ашық НҚА" (нормативтік-құқықтық актілердің жобалары) және "Әділет" (нормативтік құқықтық актілер) сайттары да ашылмай тұр.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы техникалық ақау болғанын хабарлады.
"Қазіргі уақытта "ҰАТ" АҚ мамандары сервистердің қызметін толық қалпына келтіру үшін бар күшін салып жатыр және жұмысты жақын арада аяқтауды жоспарлап отыр. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - делінген ресми хабарламада.
Қазақстандықтарға осыған байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарында және мемлекеттік қызмет көрсететін банк өтініштерінде қызмет алуда қиындықтар туындауы мүмкін екені ескертілді.
eGov порталының операторы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ (ҰАТ) болып табылады, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті оның жалғыз акционері болып табылады.