https://sputnik.kz/20241220/endi-egov-mobile-mobildi-qosymshasy-arqyly-gazga-qosyluga-otinish-beruge-bolady---49394019.html
Енді eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы газға қосылуға өтініш беруге болады
Енді eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы газға қосылуға өтініш беруге болады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 20 желтоқсан – Sputnik. Енді жеке үйлер мен жылжымайтын мүлік иелері табиғи газға қосылудың техникалық шарттарын eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы... 20.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-20T08:00+0500
2024-12-20T08:00+0500
2024-12-20T08:00+0500
газ
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/11/15493873_0:0:2305:1296_1920x0_80_0_0_2e69b7298220e3515e3a2da4eddf33bf.jpg
АСТАНА, 20 желтоқсан – Sputnik. Енді жеке үйлер мен жылжымайтын мүлік иелері табиғи газға қосылудың техникалық шарттарын eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы онлайн түрде ала алады, деп хбарлады "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ.Қызмет "QazaqGaz Aimaq" АҚ тұтынушыларына қолжетімді және жеке тұлғалар үшін тегін ұсынылады.Газға қосылуға арналған техникалық шарттар — бұл объектіні газ тарату жүйесіне қосу мүмкіндігін растайтын ресми құжат.Қызметті пайдалану үшін:Өтінім дұрыс толтырылған жағдайда қызмет көрсету нәтижесінде техникалық шарттар беріледі, оларды газ тарату ұйымы – "QazaqGaz Aimaq" АҚ ұсынады немесе негізделген бас тарту шешімі шығарылады.Қызмет көрсету мерзімі объектінің күрделілігіне байланысты: техникалық жағынан күрделі емес объектілер үшін 5 жұмыс күні, күрделі объектілер үшін 10 жұмыс күні.
https://sputnik.kz/20240612/orta-bilim-turaly-attestat-egov-mobile-qosymshasynan-berile-bastady-44909891.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/11/15493873_0:0:1729:1296_1920x0_80_0_0_8c0cb3a4b3e2202952dfd41101493101.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
газ
Енді eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы газға қосылуға өтініш беруге болады
АСТАНА, 20 желтоқсан – Sputnik. Енді жеке үйлер мен жылжымайтын мүлік иелері табиғи газға қосылудың техникалық шарттарын eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы онлайн түрде ала алады, деп хбарлады "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ.
Қызмет "QazaqGaz Aimaq" АҚ тұтынушыларына қолжетімді және жеке тұлғалар үшін тегін ұсынылады.
Газға қосылуға арналған техникалық шарттар — бұл объектіні газ тарату жүйесіне қосу мүмкіндігін растайтын ресми құжат.
"Қызметті мүлік иесі пайдалана алады. Ол үшін пайдаланушы қосымшада көрсетілген барлық міндетті жолдарды толтырып, мүлікке тіркелген құқықтар туралы мәліметтерді растауы қажет", - деп жазылған хабарламада.
eGov Mobile мобильді қосымшасында "Қызметтер" бөліміне өтіп, "Жылжымайтын мүлік және ТКШ" - "Газ тарату желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру" батырмасын басу керек;
газбен жабдықтау объектісінің түрін көрсету және жылжымайтын мүлік объектісін таңдау қажет;
объектінің техникалық паспортын тіркеу керек;
техникалық шарттың түрін, газбен жабдықтау жүйелеріне қосылу себебін және газ шығынын көрсетуі қажет;
газ жабдығының түрін таңдап, қосу, санын көрсетіп және "Жалғастыру" батырмасын басу керек;
өтінімге Face ID/Touch ID арқылы қол қою қажет.
Өтінім дұрыс толтырылған жағдайда қызмет көрсету нәтижесінде техникалық шарттар беріледі, оларды газ тарату ұйымы – "QazaqGaz Aimaq" АҚ ұсынады немесе негізделген бас тарту шешімі шығарылады.
Қызмет көрсету мерзімі объектінің күрделілігіне байланысты: техникалық жағынан күрделі емес объектілер үшін 5 жұмыс күні, күрделі объектілер үшін 10 жұмыс күні.