https://sputnik.kz/20250104/2025-zhyly-qazaqstandyqtardy-qanday-manyzdy-oqigalar-kutip-tur-49667952.html
2025 жылы қазақстандықтарды қандай маңызды оқиғалар күтіп тұр
2025 жылы қазақстандықтарды қандай маңызды оқиғалар күтіп тұр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 4 қаңтар - Sputnik. Жаңа келген жылан жылында қазақстандықтарды бірқатар маңызды оқиға күтіп тұр. 2025 жылы Қазақстанда болатын республикалық... 04.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-04T09:00+0500
2025-01-04T09:00+0500
2025-01-04T09:00+0500
қазақстан
жаңа жыл
2025 жыл
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/1e/49675863_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_b82d0cacb9a9fd2e7e75eb84e7a0c828.jpg
АСТАНА, 4 қаңтар - Sputnik. Жаңа келген жылан жылында қазақстандықтарды бірқатар маңызды оқиға күтіп тұр. 2025 жылы Қазақстанда болатын республикалық, халықаралық деңгейдегі айтулы іс-шаралар туралы Sputnik Қазақстан материалынан оқи аласыздар. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі2025 жылы Қазақстанда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі өтеді. Бұл ислам, христиан, иудаизм, буддизм, синтоизм, даосизм және басқа діндердің көшбасшылары бір шаңырақ астында бас қосып, әлемнің дамуындағы өзекті мәселелерді, соның ішінде, діннің қоғам дамуына ықпалы бойынша пікір алмасатын жоғары деңгейдегі іс-шара.Съезд алғаш рет 2006 жылы және соңғы рет 2022 жылы өткен болатын. 2022 жылдың 14-15 қыркүйегінде Астанадағы 7-ші съезд отырысы "Әлемдік және дәстүрлі конфессиялар көшбасшыларының адамзаттың пандемиядан кейінгі кезеңдегі әлеуметтік-рухани дамуындағы рөлі" тақырыбымен өтті. Съезге 50 елден 100 делегация қатысты.2025 жылы сегізінші рет ұйымдастырылатын шараның тақырыбы қазіргі замандағы тұрақсыз ахуалды ескеріп, өзекті мәселелерді қамтиды деп күтілуде.Қазақстандағы Қытай туризмінің жылы2025 жыл Қазақстандағы Қытай туризмінің жылы болып жарияланды. Бұл тураля сәйкес шешімді Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин қабылдады."Қазақстанда екінші "Лу Бань шеберханасын" ашу, сондай-ақ келесі жылы Қазақстанда Қытай туризм жылын өткізу туралы шешім қабылданды", - деді Си Цзиньпин Қазақстанға сапары аясында Ақордада БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.Еске салайық, 2024 жыл Қытайда Қазақстан туризмі жылы болып жарияланды. 28 наурызда Бейжіңде Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының ресми ашылуы өтті. Осы жыл аясында туризм және инвестицияларды дамыту бойынша Қазақстан-Қытай форумы, Қазақстан облыстарының көрмесі, этноауылдағы мәдени іс-шаралар, сонымен қатар гала-концерт ұйымдастырылды.Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл2025 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толады. Осы мерейтойлық датаға орай 150-ден астам іс-шара ұйымдастырылады деп күтілуде. Қазақстан мен шет мемлекеттерде өтетін бұл іс-шаралар кемінде 1,5 млн адамды қамтиды деп көзделіп отыр.Қазақстан халқы Ассамблеясы — 1995 жылдың 1 наурызында Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен құрылған мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган. 2008 жылдың 20 қазанында Қазақстан Республикасының "Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы" Заңына қол қойылды. Осы заң этносаралық қатынастар саласындағы негізгі принциптерді айқындай отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның құрылымдарының мәртебесін заң деңгейінде бекітті."Қытай - Орталық Азия" саммитіКелесі "Қытай - Орталық Азия" саммиті Қазақстанда өтеді. 2023 жылдың 18-19 мамырында Қытайдың Сиань қаласында өткен саммитте Си Цзиньпин ол саммитті "Қытай мен Орталық Азия елдері басшыларының екі жылда бір рет Қытайда және аймақ елдерінде кезектесіп өтетін кездесулер тетігін ресми түрде құру" мүмкіндігі деп атады. Дәл сол саммитте мемлекет басшылары "Сиань декларациясына" қол қою кезінде кезекті "Қытай - Орталық Азия" саммиті Қазақстанда өтетіні жарияланды.Сиань қаласындағы саммитке Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев және Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов қатысты.Екінші Ресей-Қазақстан медиа форумыЕкінші Ресей-Қазақстан медиа форумы 2025 жылы Астанада өтеді. Бұл форум Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналады. Бұл шара екі ел арасындағы ақпараттық ынтымақтастықты одан әрі дамытады деп күтілуде.Ресейлік тарап өз кезегінде медиафорумды Жеңіс мерейтойына орайластыру аясында барынша қолдау көрсететінін жеткізді. Олардың қатарында соғыс жылдарында түсірілген архивтік суреттер мен түрлі деректерді ұсыну бойынша қолдау бар.Еске салайық, Қазақстан мен Ресейдің жетекші бұқаралық ақпарат құралдары қатысқан алғашқы форум 2024 жылдың қарашасында Мәскеуде өткен болатын. Бұл шара Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға сапары қарсаңында арнайы ұйымдастырылды.Жеңіске 80 жыл, Байқоңырға 70 жыл2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толады. Осыған байланысты Қазақстанда бірқатар ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылады.Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға ресми сапармен келгенде Қасым-Жомарт Тоқаев "келесі жылы бірлесе атқаратын көптеген жұмыс күтіп тұрғанын, 2025 жыл мол мүмкіндікке бастау болатынын" айтты."Біршама ортақ жобаны жүзеге асыру міндеті тұр. 2025 жылы Ұлы Жеңістің 80 жылдығы және "Байқоңыр" ғарыш айлағының 70 жылдығы бар. Осы айтулы даталарға орай екі елде мерекелік іс-шаралар өткізуге келістік. Көріп отырғандарыңыздай, екіжақты күн тәртібі нақты бастамалармен және жаңа мазмұнды жобалармен ұдайы толығып отыр", – деді Қазақстан президенті.Ғарыштағы тәуелсіздікҚазақстан 2025 жылы ғарышқа тәуелсіз қол жеткізе алады. Яғни, ғарышқа тәуелсіз шығуды қамтамасыз ететін Қазақстанның меншікті метеорологиялық зымыраны ұшырылады.Сенаттың жалпы отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев метеорологиялық зымыранды ұшыру 2025 жылға, ал жеңіл зымыранды сынақтан өткізу 2030 жылға жоспарланып отырғанын мәлімдеді.Мұндай операциялар зымыранды ғарышқа шығарудың жеке құралдарын қажет ететіндіктен, Қазақстан "Роскосмоспен" "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешені бойынша жұмысты қайта жаңғыртты. Қазақстан мен Ресей арасындағы "Бәйтерек" кешенін құру туралы келісім 2021 жылы жаңартылып, құжатта ресейлік тарап зымыран тасығыштарын қаржыландыруды және дайындауды, ал қазақстандық тарап қаржыландыруды және жаңғыртуды қамтамасыз етеді деп көрсетілген."Болашақ ойындары" келесі жылға қалдырылды2025 жылы Қазақстанда тағы бір маңызды іс-шара болуы керек еді. Бұл - "Болашақ ойындары". Алайда елдегі су тасқынына байланысты Тоқаев үнемделген қаражатты су тасқынының зардаптарын жоюға және зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетуге жұмсау үшін имидж қалыптастыруға бағытталған және басқа да ірі іс-шаралардан бас тартуды тапсырды. Сол себепті 2025 жылы "Болашақ ойындары" БАӘ-де, 2026 жылы Қазақстанда өтеді деп жоспарланып отыр.
https://sputnik.kz/20220905/dinder-liderlerinin-sezine-100-den-astam-delegatsiya-qatysady-27307797.html
https://sputnik.kz/20240327/-beyzhinde-qytaydagy-qazaqstan-turizmi-zhylynyn-resmi-ashyluy-otedi-43234370.html
https://sputnik.kz/20241127/putin-toqaevty-maskeuge-shaqyrdy-48862268.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/1e/49675863_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_3f95cbf74b825356a33c4a71cbb50d65.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, жаңа жыл, 2025 жыл
қазақстан, жаңа жыл, 2025 жыл
АСТАНА, 4 қаңтар - Sputnik. Жаңа келген жылан жылында қазақстандықтарды бірқатар маңызды оқиға күтіп тұр. 2025 жылы Қазақстанда болатын республикалық, халықаралық деңгейдегі айтулы іс-шаралар туралы Sputnik Қазақстан материалынан оқи аласыздар.
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі
2025 жылы Қазақстанда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі өтеді. Бұл ислам, христиан, иудаизм, буддизм, синтоизм, даосизм және басқа діндердің көшбасшылары бір шаңырақ астында бас қосып, әлемнің дамуындағы өзекті мәселелерді, соның ішінде, діннің қоғам дамуына ықпалы бойынша пікір алмасатын жоғары деңгейдегі іс-шара.
Съезд алғаш рет 2006 жылы және соңғы рет 2022 жылы өткен болатын. 2022 жылдың 14-15 қыркүйегінде Астанадағы 7-ші съезд отырысы "Әлемдік және дәстүрлі конфессиялар көшбасшыларының адамзаттың пандемиядан кейінгі кезеңдегі әлеуметтік-рухани дамуындағы рөлі" тақырыбымен өтті. Съезге 50 елден 100 делегация қатысты.
2025 жылы сегізінші рет ұйымдастырылатын шараның тақырыбы қазіргі замандағы тұрақсыз ахуалды ескеріп, өзекті мәселелерді қамтиды деп күтілуде.
Қазақстандағы Қытай туризмінің жылы
2025 жыл Қазақстандағы Қытай туризмінің жылы болып жарияланды. Бұл тураля сәйкес шешімді Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин қабылдады.
"Қазақстанда екінші "Лу Бань шеберханасын" ашу, сондай-ақ келесі жылы Қазақстанда Қытай туризм жылын өткізу туралы шешім қабылданды", - деді Си Цзиньпин Қазақстанға сапары аясында Ақордада БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.
Еске салайық, 2024 жыл Қытайда Қазақстан туризмі жылы болып жарияланды. 28 наурызда Бейжіңде Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының ресми ашылуы өтті. Осы жыл аясында туризм және инвестицияларды дамыту бойынша Қазақстан-Қытай форумы, Қазақстан облыстарының көрмесі, этноауылдағы мәдени іс-шаралар, сонымен қатар гала-концерт ұйымдастырылды.
Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл
2025 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толады. Осы мерейтойлық датаға орай 150-ден астам іс-шара ұйымдастырылады деп күтілуде. Қазақстан мен шет мемлекеттерде өтетін бұл іс-шаралар кемінде 1,5 млн адамды қамтиды деп көзделіп отыр.
Қазақстан халқы Ассамблеясы — 1995 жылдың 1 наурызында Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен құрылған мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган. 2008 жылдың 20 қазанында Қазақстан Республикасының "Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы" Заңына қол қойылды. Осы заң этносаралық қатынастар саласындағы негізгі принциптерді айқындай отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның құрылымдарының мәртебесін заң деңгейінде бекітті.
"Қытай - Орталық Азия" саммиті
Келесі "Қытай - Орталық Азия" саммиті Қазақстанда өтеді.
2023 жылдың 18-19 мамырында Қытайдың Сиань қаласында өткен саммитте Си Цзиньпин ол саммитті "Қытай мен Орталық Азия елдері басшыларының екі жылда бір рет Қытайда және аймақ елдерінде кезектесіп өтетін кездесулер тетігін ресми түрде құру" мүмкіндігі деп атады. Дәл сол саммитте мемлекет басшылары "Сиань декларациясына" қол қою кезінде кезекті "Қытай - Орталық Азия" саммиті Қазақстанда өтетіні жарияланды.
Сиань қаласындағы саммитке Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев және Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов қатысты.
Екінші Ресей-Қазақстан медиа форумы
Екінші Ресей-Қазақстан медиа форумы 2025 жылы Астанада өтеді. Бұл форум Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналады. Бұл шара екі ел арасындағы ақпараттық ынтымақтастықты одан әрі дамытады деп күтілуде.
Ресейлік тарап өз кезегінде медиафорумды Жеңіс мерейтойына орайластыру аясында барынша қолдау көрсететінін жеткізді. Олардың қатарында соғыс жылдарында түсірілген архивтік суреттер мен түрлі деректерді ұсыну бойынша қолдау бар.
Еске салайық, Қазақстан мен Ресейдің жетекші бұқаралық ақпарат құралдары қатысқан алғашқы форум 2024 жылдың қарашасында Мәскеуде өткен болатын. Бұл шара Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға сапары қарсаңында арнайы ұйымдастырылды.
Жеңіске 80 жыл, Байқоңырға 70 жыл
2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толады. Осыған байланысты Қазақстанда бірқатар ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылады.
Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға ресми сапармен келгенде Қасым-Жомарт Тоқаев "келесі жылы бірлесе атқаратын көптеген жұмыс күтіп тұрғанын, 2025 жыл мол мүмкіндікке бастау болатынын" айтты.
"Біршама ортақ жобаны жүзеге асыру міндеті тұр. 2025 жылы Ұлы Жеңістің 80 жылдығы және "Байқоңыр" ғарыш айлағының 70 жылдығы бар. Осы айтулы даталарға орай екі елде мерекелік іс-шаралар өткізуге келістік. Көріп отырғандарыңыздай, екіжақты күн тәртібі нақты бастамалармен және жаңа мазмұнды жобалармен ұдайы толығып отыр", – деді Қазақстан президенті.
Қазақстан 2025 жылы ғарышқа тәуелсіз қол жеткізе алады. Яғни, ғарышқа тәуелсіз шығуды қамтамасыз ететін Қазақстанның меншікті метеорологиялық зымыраны ұшырылады.
Сенаттың жалпы отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев метеорологиялық зымыранды ұшыру 2025 жылға, ал жеңіл зымыранды сынақтан өткізу 2030 жылға жоспарланып отырғанын мәлімдеді.
Мұндай операциялар зымыранды ғарышқа шығарудың жеке құралдарын қажет ететіндіктен, Қазақстан "Роскосмоспен" "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешені бойынша жұмысты қайта жаңғыртты. Қазақстан мен Ресей арасындағы "Бәйтерек" кешенін құру туралы келісім 2021 жылы жаңартылып, құжатта ресейлік тарап зымыран тасығыштарын қаржыландыруды және дайындауды, ал қазақстандық тарап қаржыландыруды және жаңғыртуды қамтамасыз етеді деп көрсетілген.
"Болашақ ойындары" келесі жылға қалдырылды
2025 жылы Қазақстанда тағы бір маңызды іс-шара болуы керек еді. Бұл - "Болашақ ойындары". Алайда елдегі су тасқынына байланысты Тоқаев үнемделген қаражатты су тасқынының зардаптарын жоюға және зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетуге жұмсау үшін имидж қалыптастыруға бағытталған және басқа да ірі іс-шаралардан бас тартуды тапсырды. Сол себепті 2025 жылы "Болашақ ойындары" БАӘ-де, 2026 жылы Қазақстанда өтеді деп жоспарланып отыр.