https://sputnik.kz/20240327/-beyzhinde-qytaydagy-qazaqstan-turizmi-zhylynyn-resmi-ashyluy-otedi-43234370.html
Бейжіңде Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының ресми ашылуы өтеді
Бейжіңде Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының ресми ашылуы өтеді
Sputnik Қазақстан
Қазіргі таңда ресми іс-шаралар өтетін нысандарда қызу дайындық барысы жүріп жатыр 27.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-27T22:54+0500
2024-03-27T22:54+0500
2024-03-27T22:54+0500
қытай
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e8/03/1b/43233716_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_8f3faaec51072ad11f5283ca8a757bb8.jpg
АСТАНА, 27 наурыз - Sputnik. 28 наурызда Бейжіңде Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының ресми ашылуы өтеді. 2024 жылдың Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы болып жарияланғаны Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылы Қытайға ресми сапары барысында белгілі болды.Қазіргі таңда Бейжіңге Қазақстанның ресми делегациясы келіп жетті. Оның құрамында премьер-министрдің орынбасары, сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу, туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, сондай-ақ әкімдіктердің, "Kazakh Tourism" Ұлттық компаниясының, "Атамекен" ҰКП-ның өкілдері мен 150-ден астам мәдениет қайраткерлері бар.Қазіргі таңда ресми іс-шаралар өтетін нысандарда қызу дайындық барысы жүріп жатыр. Конференц зал мен концерттік залдар қонақтарды күтуге әзірленіп, әртістік ұжымдар дайындықтарын жүргізіп жатыр.Жылдың ашылуы аясында бірқатар іс-шара өтеді. Олар туризм және инвестицияларды дамыту бойынша Қазақстан-Қытай форумы, Қазақстан облыстарының көрмесі, этноауылдағы мәдени іс-шаралар, сонымен қатар гала-концерт болмақ. Ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрлігі.Айта кетейік, форумға қатысушылар Қазақстанның 17 облысының стендтерін тамашалай алады. Онда әрбір өңірдің туристік нысандары көрсетілген.Сондай-ақ форум аясында туризм саласындағы мемлекеттік органдар мен компаниялардың қатысуымен екі панельдік сессия өтеді. Бірінші сессия "Қытай саяхатшылары үшін Қазақстандағы ұйымдастырылған туризм мүмкіндіктері", екінші сессия "Туристік бизнестегі әріптестік: Қазақстан-Қытай арасындағы инвестициялық мүмкіндіктер". Оған қоса, форум барысында "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы мен Messe Frankfurt Asia Holding өкілдері арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылады.Өз кезегінде Қазақстан мәдениетін гала-концертте өнер көрсететін әртістер таныстырады. Олардың қатарында шығармашылық музыка және би ұжымдары, сондай-ақ Роза Рымбаева, Әли Оқапов, Майра Мұхамедқызы, Зарина Алтынбаева, "Ұлытау" тобы және басқа да жарқын солистер бар. Гала-концертте Қытайдың өнерпаздары да өнер көрсетеді.Оған қоса, делегаттар қатарында Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, UFC спортшысы Шавкат Рахмонов пен Олимпиада жүлдегері Қанат Ислам да бар.
қытай
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/03/1b/43233716_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_04bc4565b0c014a554bd05721147d844.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қытай, қазақстан
Бейжіңде Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының ресми ашылуы өтеді
Қазіргі таңда ресми іс-шаралар өтетін нысандарда қызу дайындық барысы жүріп жатыр
АСТАНА, 27 наурыз - Sputnik. 28 наурызда Бейжіңде Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының ресми ашылуы өтеді. 2024 жылдың Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы болып жарияланғаны Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылы Қытайға ресми сапары барысында белгілі болды.
Қазіргі таңда Бейжіңге Қазақстанның ресми делегациясы келіп жетті. Оның құрамында премьер-министрдің орынбасары, сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу, туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, сондай-ақ әкімдіктердің, "Kazakh Tourism" Ұлттық компаниясының, "Атамекен" ҰКП-ның өкілдері мен 150-ден астам мәдениет қайраткерлері бар.
Қазіргі таңда ресми іс-шаралар өтетін нысандарда қызу дайындық барысы жүріп жатыр. Конференц зал мен концерттік залдар қонақтарды күтуге әзірленіп, әртістік ұжымдар дайындықтарын жүргізіп жатыр.
Жылдың ашылуы аясында бірқатар іс-шара өтеді. Олар туризм және инвестицияларды дамыту бойынша Қазақстан-Қытай форумы, Қазақстан облыстарының көрмесі, этноауылдағы мәдени іс-шаралар, сонымен қатар гала-концерт болмақ. Ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрлігі.
Айта кетейік, форумға қатысушылар Қазақстанның 17 облысының стендтерін тамашалай алады. Онда әрбір өңірдің туристік нысандары көрсетілген.
Сондай-ақ форум аясында туризм саласындағы мемлекеттік органдар мен компаниялардың қатысуымен екі панельдік сессия өтеді. Бірінші сессия "Қытай саяхатшылары үшін Қазақстандағы ұйымдастырылған туризм мүмкіндіктері", екінші сессия "Туристік бизнестегі әріптестік: Қазақстан-Қытай арасындағы инвестициялық мүмкіндіктер". Оған қоса, форум барысында "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы мен Messe Frankfurt Asia Holding өкілдері арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылады.
Өз кезегінде Қазақстан мәдениетін гала-концертте өнер көрсететін әртістер таныстырады. Олардың қатарында шығармашылық музыка және би ұжымдары, сондай-ақ Роза Рымбаева, Әли Оқапов, Майра Мұхамедқызы, Зарина Алтынбаева, "Ұлытау" тобы және басқа да жарқын солистер бар. Гала-концертте Қытайдың өнерпаздары да өнер көрсетеді.
Оған қоса, делегаттар қатарында Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, UFC спортшысы Шавкат Рахмонов пен Олимпиада жүлдегері Қанат Ислам да бар.