Ұшақ апатынан қаза тапқандар арасында 7 адамның кім екені анықталды
11:57 26.12.2024 (жаңартылды: 11:59 26.12.2024)

© Photo : Пресс-служба МЧС Казахстана
Жазылу
Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақты бөлшектеу жұмысы әлі жүріп жатыр
АЛМАТЫ, 26 желтоқсан - Sputnik. Ақтаудағы ұшақ апатының салдарын жоюға 306 адам, 101 техника, 2 әуе кемесі және 6 кинологиялық есептоп жұмылдырылды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі
Жұмыстарға қазақстандық мамандармен қоса Әзербайжан ТЖМ қызметкерлері тартылды.

Крушение самолета близ Актау: на месте происшествия продолжаются работы по разбору конструкций самолета.
© Photo : Пресс-служба МЧС Казахстана
Апаттар медицинасы орталығының психологтары Ақтау қаласына келген зардап шеккендердің туыстарына психологиялық көмек көрсетуде.
Кеше Ақтау қаласының медициналық мекемелеріне 29 адам, оның ішінде 3 кәмелетке толмаған адам құтқарылып, ауруханаға жатқызылды.
"Қаза тапқан 38 адамның мәйіті табылды, олар медициналық сараптама орталығына жеткізілді. Ішінде 6 Қазақстан азаматы және 3 экипаж мүшесі бар. 7 адамның денесі анықталды. Сонымен қатар кеше іздеу тобының нәтижесінде ТЖМ құтқарушылары қара жәшікті тапты. Оқиға орнында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды", - дейді ведомство.
Қазіргі уақытта Ақтау қаласында апаттың себептерін тергеу жөніндегі үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр.

Крушение самолета близ Актау: на месте происшествия продолжаются работы по разбору конструкций самолета.
© Photo : Пресс-служба МЧС Казахстана
Астана қаласындағы Командалық орталықта және Маңғыстау облысының ТЖД-да жедел штабтар мен жедел желі телефондары жұмысын жалғастыруда:
8-7172-55-96-21,
8-7172-55-96-83,
8-7292-31-90-91.
Жедел желі телефондарына шұғыл психологиялық көмек және ақпараттық сипаттағы 1 063 өтініш түсті.
Еске сала кетейік, кеше 25 желтоқсанда сағат 11.00-де Баку-Грозный бағытында ұшып бара жатқан Azerbaijan Airlines әуе компаниясының әуе кемесі апатқа ұшырады.
Оқиға орнына құтқарушылар жедел жіберілді.
"Сағат 11.30-да әуежайдан 3 км жерде ұшақтың апатқа ұшырағаны туралы ақпарат түсті. Ұшақтың фюзеляжының екі көлденең бөлікке (қиранды арасындағы қашықтық 300 м) бөлініп, содан кейін ұшқыштар кабинасының маңында өрт шыққан. Сағат 11.35-те келген құтқарушылар өртті сөндіруге кірісті, ал сағат 12.05-те өрт толығымен сөндірілді. Апат болған жердің жалпы ауданы – 4 200 шаршы метр", - дейді министрлік.
Ұшақтың бортында 67 жолаушы, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған.
Оқиға салдарын жоюға жалпы 492 адам, 102 техника, 2 әуе кемесі және 10 кинологиялық есептоп, оның ішінде Астана қаласынан барған санитарлық борт жұмылдырылды.
Апаттан зардап шеккен Ресей азаматтары санавиациямен Ресейге эвакуацияланды.
Еске салсақ, 25 желтоқсан күні Әзербайжан астангасы Бакуден Ресейдің Грозный қаласына бағыт алған әуе кемесі Ақтау қаласы маңында апатқа ұшырады.
Ақтауда жүрген вице-премьер Қанат Бозымбаев ұшақ апатынан 38 адам қаза тапқанын айтқан болатын.
Құтқарушылар "қара жәшікті" Әзербайжан әуе жолдарының ұшағы құлаған жерден тапты. Көлік министрі Марат Қарабаев ұшақта болған 6 қазақстандықтың барлығы қаза тапқанын айтты.
Дәрігерлер Ақтауда ұшақ апатынан аман қалғандардың жағдайын айтты. 6 адам жансақтау бөлімінде жатыр.
Дәрігерлер Ақтауда ұшақ апатынан аман қалғандардың жағдайын айтты. 6 адам жансақтау бөлімінде жатыр.
