Ұшақ апатынан аман қалған 9 ресейлік еліне қайтты

© Маңғыстау облысы әкімдігіҰшақ апатынан аман қалған 9 ресейлік еліне қайтты
Ұшақ апатынан аман қалған 9 ресейлік еліне қайтты - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.12.2024
Жазылу
Оларды Ресейден келген арнайы борт алып қайтты
АСТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. Ақтауға Ресейден ұшақ апатынан зардап шеккендерге көмектесу үшін медицина қызметкерлері мінген борт ұшып келген болатын. Бүгін олар түрлі деңгейдегі жарақат алған 9 ресейлікпен еліне қайтты, деп хабарлады Маңғыстау облысының әкімдігі.
© Маңғыстау облысы әкімдігіҰшақ апатынан аман қалған 9 ресейлік еліне қайтты
Ұшақ апатынан аман қалған 9 ресейлік еліне қайтты - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.12.2024
Ұшақ апатынан аман қалған 9 ресейлік еліне қайтты
Ресейлік делегацияны Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов бастаған Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, ел ақсақалдары мен жастар ақ тілектерін айтып, шығарып салды.
Айта кетейік, жарақат алғандардың барлығына Ақтаудағы ауруханаларда қажетті медициналық көмек көрсетілуде.
Сондай-ақ Ақтауда вице-премьер Қанат Бозымбаев бастаған үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр.
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына мемлекет тарапынан тиісті қолдау көрсетілендігін айтты.
Еске салайық, кеше Ақтау қаласының маңында "Баку-Грозный" бағытындағы ұшақ апатқа ұшырады.
Кейіннен Azerbaijan Airlines Баку-Грозный рейсімен ұшқан жолаушылардың тізімін жариялады. Ұшақ бортында Әзербайжан, Қазақстан, Ресей және Қырғызстан азаматтары бар.
Кадры с места крушения самолета в Актау - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.12.2024
Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың тізімі жарияланды
Жаңалықтар
0