Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың тізімі жарияланды

© Photo : Пресс-служба МЧС КазахстанаКадры с места крушения самолета в Актау
Кадры с места крушения самолета в Актау - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.12.2024
Жазылу
Ұшақта болған 6 қазақстандықтың барлығы қаза тапты
АСТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау қаласы маңындағы әуе апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың аты-жөнін жариялады.
Ұшақ апатынан қайтыс болған Қазақстан азаматтары:
Төлесінов Сәндібек, 16.11.1988 жылы туған, туған жері: Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы;
Жұмағұлов Бауыржан, 30.09.1985 жылы туған, туған жері: Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы;
Махсудова Галина, 12.01.1978 жылы туған, туған жері: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы;
Шаймерденова Гаухар, 17.07.1975 жылы туған, туған жері: Алматы қаласы, Астана қаласының тұрғыны;
Жұмағат Эльдар, 23.08.2013 жылы туған, Астана қаласының тұрғыны;
Джутаева Салима, 21.02.1995 жылы туған, туған жері: Қостанай облысының тумасы, тұрған жері Қарағанды қаласы.
Еске салсақ, 25 желтоқсан күні Әзербайжан астангасы Бакуден Ресейдің Грозный қаласына бағыт алған әуе кемесі Ақтау қаласы маңында апатқа ұшырады.

Ақтауда жүрген вице-премьер Қанат Бозымбаев ұшақ апатынан 38 адам қаза тапқанын айтқан болатын. Оның мәліметінше 11 адам жансақтау бөлімінде жатыр.

Құтқарушылар "қара жәшікті" Әзербайжан әуе жолдарының ұшағы құлаған жерден тапты. Бұл туралы Ақтауда өткен брифингте бас көлік прокуроры Тимур Сүлейменов мәлімдеді.
Ал көлік министрі Марат Қарабаев ұшақта болған 6 қазақстандықтың барлығы қаза тапқанын айтты. Бес экипаж мүшесінің үшеуі аман қалған.
Правительственная комиссия начала работу на месте крушения самолета в Актау - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.12.2024
Ақтау маңындағы ұшақ апатынан 38 адам қаза тапты – Бозымбаев
Жаңалықтар
0