Ақтау маңындағы ұшақ апатынан 38 адам қаза тапты – Бозымбаев

© Пресс-служба акимата Мангистауской областиПравительственная комиссия начала работу на месте крушения самолета в Актау
Правительственная комиссия начала работу на месте крушения самолета в Актау - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.12.2024
Жазылу
Үкімет жанынан құрылған комиссия оқиға орнында жұмысын бастады
АСТАНА, 25 желтоқсан — Sputnik. Ақтауда жүрген вице-премьер Қанат Бозымбаев бүгінгі ұшақ апатынан 38 адам қаза тапқанын айтты.
Оның мәліметінше 11 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Қаза тапқандардың кім екені анықталады. Ұшақта болған кей жолаушылардың денесі өртеніп кеткен.
Үкімет жанынан құрылған комиссия оқиға орнында жұмысын бастады.
Қанат Бозымбаев ауруханаға жеткізілген зардап шеккендерге барып, шетелдік әріптестерімен кездесті, сондай-ақ штаб отырысын өткізуді жоспарлап отыр.
Барлық төтенше жағдайлар қызметі, криминалист-эксперттер, прокуратура органдары төтенше жағдай режимінде жұмыс істеп жатыр.
Еске сала кетейік, бүгін Бакуден Грозныйға ұшқан Azerbaijan Airlines ұшағы Ақтау қаласының маңында апатқа ұшырады. Бортта 69 адам, оның ішінде 5 экипаж болған.
Крушение самолета в  Актау - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.12.2024
"Бет-аузы қанап тұрды": Ұшақтан 15 жолаушыны жұмысшылар шығарып алған
Жаңалықтар
0