Ақтаудағы ұшақ апаты: 6 адам жансақтау бөлімінде жатыр
11:20 26.12.2024 (жаңартылды: 11:22 26.12.2024)
© Photo : Управление здравоохранения Мангистауской областиО состоянии пострадавших в авиакатастрофе сообщили мангистауские врачи
Жазылу
Науқастардың барлығы толық көлемде ем қабылдап жатыр
АЛМАТЫ, 26 желтоқсан - Sputnik. Ақтауда ұшақ апатынан аман қалғандардың жағдайы белгілі болды, деп хабарлады Маңғыстау облыстық әкімдігі.
Әкімдіктің мәліметінше, науқастардың барлығы толық көлемде ем қабылдап жатыр.
© Photo : Управление здравоохранения Мангистауской областиО состоянии пострадавших в авиакатастрофе сообщили мангистауские врачи
О состоянии пострадавших в авиакатастрофе сообщили мангистауские врачи
"Тергеу органдары 2 науқастың кім екенін анықтап жатыр. Олардың біреуі Әзербайжан азаматы екені белгілі болды", - дейді ведомство.
Ақтауға Астана қаласынан ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығының және жетекші республикалық орталықтардың жоғары білікті мамандары келді.
© Photo : акимат Мангистауской области
Мангистауские врачи сообщили о состоянии пострадавших в авиакатастрофе близ Актау
Мангистауские врачи сообщили о состоянии пострадавших в авиакатастрофе близ Актау
© Photo : акимат Мангистауской области
"Сондай-ақ Әзербайжанның денсаулық сақтау министрлігі мен ТЖМ арнайы кеңесі, санавиация бригадасы келді. Барлық зардап шеккен науқастарға тексеру жұмысы жүргізілді. Зардап шеккендермен және олардың туыстарымен психологтар тобы жұмыс істеп жатыр", - делінген облыстық әкімдік хабарламасында.
Бүгін таңертең 08:30-да Ресей ТЖМ орталық аппаратының санитарлық авиация бортымен Ресей азаматтары эвакуацияланды.
"Қазіргі уақытта ауруханада 20 науқас жатыр, оның 6-ауы жансақтау бөлімінде: 5-еуі Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасында жатыр және 1-еуі облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасында 2 науқас травматология бөлімшесіне ауыстырылды", - деп хабарлады облыстық әкімдік.
Еске салсақ, 25 желтоқсан күні Әзербайжан астангасы Бакуден Ресейдің Грозный қаласына бағыт алған әуе кемесі Ақтау қаласы маңында апатқа ұшырады.
Ақтауда жүрген вице-премьер Қанат Бозымбаев ұшақ апатынан 38 адам қаза тапқанын айтқан болатын.
Құтқарушылар "қара жәшікті" Әзербайжан әуе жолдарының ұшағы құлаған жерден тапты. Көлік министрі Марат Қарабаев ұшақта болған 6 қазақстандықтың барлығы қаза тапқанын айтты.