Қазақстан жаңа жылдан бастап БРИКС-ке серіктес мемлекет атанады

© Фотохост-агентство brics-russia2024.ru / Медиабанкке өтуXVI БРИКС саммиті
XVI БРИКС саммиті  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.12.2024
Жазылу
Бұл мәртебе Қазақстанға 2025 жылғы 1 қаңтарда беріледі
АСТАНА, 24 желтоқсан — Sputnik. Қазақстанға 1 қаңтардан бастап экономикасы қарқынды дамып жатқан елдердің бейресми мемлекетаралық бірлестігі - БРИКС-тің "серіктес елі" мәртебесі беріледі.
Бұл туралы брифингте Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков мәлімдеді.
"Қазандағы саммиттің маңызды нәтижелерінің бірі - БРИКС әріптес елдер санатын құру және 13 мемлекеттің тізімін келісу болды. Бұл мемлекеттерге тиісті шақырулар жіберілді. БРИКС-пен серіктес мемлекет болуға дайын екендерін бүгінгі күнге дейін Беларусь, Боливия, Индонезия, Қазақстан, Куба, Малайзия, Таиланд, Уганда және Өзбекстан растады", - деп түсіндірді ресейлік президенттің көмекшісі.
Бұл елдер 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап БРИКС-тің серіктес мемлекеттері мәртебесіне ресми түрде ие болады.
"Жақын арада тағы төрт елден жауап келеді деп күтіп отырмыз, оларға да шақыру жіберілді", - деді Юрий Ушаков.
Кейіннен Қазақстан сыртқы істер министрлігі елдің БРИКС серіктесі мәртебесін алғанын растады. Бұл туралы Sputnik Қазақстан агенттігіне ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады.
Айта кетейік, осы жылдың қазан айында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли Жақын болашақта Қазақстан БРИКС-ке кіруге өтініш бермейді деп мәлімдеді. Оның айтуынша Қазақстан БРИКС эволюциясын қызығушылықпен бақылап отыр және бұл елдердің кез келген алпауыт державалардың гегемониясынан азат, әділетті әлемдік тәртіп құру жөніндегі барлық үндеуін қолдайды.
ЕАЭО елдерінің рәміздері - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.10.2024
ЕАЭО-да БРИКС елдерімен сауда дамып келеді – ЕЭК
Жаңалықтар
0