ЕАЭО-да БРИКС елдерімен сауда дамып келеді – ЕЭК

© Sputnik/Ертай СарбасовЕАЭО елдерінің рәміздері
ЕАЭО елдерінің рәміздері - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.10.2024
Жазылу
Комиссияның мәліметінше, ЕАЭО мемлекеттерінің сыртқы сауда айналымындағы БРИКС елдерінің үлесі 2021 жылмен салыстырғанда 2023 жылы екі есеге жуық өскен
АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. ЕАЭО мен БРИКС елдері арасындағы сауда серпінді дамып келеді және үлкен өсу әлеуетіне ие, деп жазылған Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) мәлімдемесінде, деп хабарлайды РИА Новости.
"Еуразиялық экономикалық одақтың БРИКС елдерімен саудасы қарқынды дамып келеді және одан әрі өсу үшін үлкен әлеуетке ие. БРИКС елдерімен тауар айналымы 2023 жылы 359 миллиард доллардан асып, 2022 жылмен салыстырғанда 26 пайызға, 2015 жылмен салыстырғанда 3,7 есеге өсті", - делінген хабарламада.
Комиссияның мәліметінше, ЕАЭО мемлекеттерінің сыртқы сауда айналымындағы БРИКС елдерінің үлесі 2021 жылмен салыстырғанда 2023 жылы екі есеге жуық өскен.
"Одақ БРИКС елдерінің көпшілігімен белсенді диалог жүргізуде. Мәселен, Қытаймен сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім жасалып, оны дамытудың жол картасы әзірленді. Үндістанмен еркін сауда аймағын құру мәселесі талқылануда. Бұл ретте Қытай мен Үндістан ЕАЭО-ның ірі сауда серіктестері болып табылады. Одақтың Иранмен ынтымақтастығы белсенді түрде дамып келеді. 2023 жылдың желтоқсанында ЕАЭО мен Иран еркін сауда туралы келісімге қол қойды. Ал 2024 жылдың мамырында Иран ЕАЭО-да бақылаушы мемлекет мәртебесін алу туралы өтініш жіберді", - делінген хабарламада.
Уборка урожая - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.10.2024
Қазақстан ЕАЭО-мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қойма куәліктері арқылы саудалай алады
Жаңалықтар
0