Таяу болашақта Қазақстан БРИКС-ке кіруге өтініш бермейді – Берік Уәли

© Sputnik / Владислав ВодневОсенний день в Нур-Султане
Осенний день в Нур-Султане  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.10.2024
Жазылу
Тоқаевтың баспасөз хатшысы Tengrinews порталына сұхбат берді
АСТАНА, 16 қазан – Sputnik. Жақын болашақта Қазақстан БРИКС-ке кіруге өтініш бермейді. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли Tengrinews порталына берген сұхбатында мәлімдеді.
Оның айтуынша Қазақстан БРИКС эволюциясын қызығушылықпен бақылап отыр және бұл елдердің кез келген алпауыт державалардың гегемониясынан азат, әділетті әлемдік тәртіп құру жөніндегі барлық үндеуін қолдайды.
"Президенттің атына Қазақстанның БРИКС-ке кіруі туралы ұсыныстар келіп түсті. Өйткені біздің еліміз халықаралық қоғамдастықтың жауапты және беделді мүшесі ретінде танылды. бұл ұсыныстарды мемлекет басшысы мұқият қарастырып жатыр және оның тапсырмасы бойынша тиісті ведомстволар Қазақстанның ұлттық мүдделері тұрғысынан сараптап жатыр", - деп атап өтті Тоқаевтың баспасөз хатшысы.
23-24 қазанда Қазанда БРИКС саммиті өтеді. Ол Қазақстан президентінің жұмыс кестесіне енгізілген. Тоқаев 24 қазанда ұйымның "аутрич" форматындағы кеңейтілген отырысында сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр.
Жаңалықтар
0