Шерзат Полаттың ағасы қайтыс болды: жерлеу рәсімі кезінде полиция бір адамды ұстап әкетті

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.12.2024
Жазылу
АСТАНА, 10 желтоқсан — Sputnik. Алматы облысы Талғар ауданы Азат ауылында бір азамат қамауға алынды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бүгін сағат 15:30-да Азат ауылында жерлеу рәсімін өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен айналасындағылардың, оның ішінде кәмелетке толмаған балаларға қауіп төндірген оқиға болды.
"Азамат Н, прокурордың заңдылықты сақтау туралы түсіндірмелерін елеместен, өзін өте агрессивті ұстап, айналасындағыларға қауіп төндіріп, суицид жасаймын деп қорқытты. Сондай-ақ полиция қызметкеріне пышақпен шабуыл жасады. Оның мінез-құлқы өзіне де, айналасындағыларға да қауіп төндірді. Азамат Н. жағдайына алаңдаған туыстары мен адвокаттарының өтініші бойынша оның өмірі мен айналасындағылардың өміріне зиян келтірмеу мақсатында полиция қызметкерлері оны ұстау үшін шаралар қабылдады", - делінген хабарламада.
Ол күшпен құрақталған. Қазіргі уақытта полиция бөліміне жеткізіліп, онымен психологтар жұмыс істеп жатыр.
Еске сала кетейік, бүгін Азат ауылында Шерзат Полтаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевты жерлеу рәсімі өтті. Ол суицид жасап қайтыс болған. Қайтыс болар алдында ағасына хабарлама жазып кеткен.
Отбасының адвокаттары Шерзат Полаттың ағасы марқұм Нұрғанат Ғайыпбаевқа қысым болмағанын айтты.
Место жительства и гибели подростка  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2024
Шерзат Полаттың өлімі: қылмыстық іс бес бап бойынша қозғалды
Жаңалықтар
0