Шерзат Полаттың ағасы жазған соңғы SMS-хабарлама жарияланды
10:56 09.12.2024 (жаңартылды: 11:02 09.12.2024)
© Sputnik/Айдана ДайыроваМесто жительства и гибели подростка
© Sputnik/Айдана Дайырова
Жазылу
АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. Алматы облыстық полиция депаратменті Шерзат Полаттың өз-өзіне қол салған ағасының соңғы хабарламасын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
30 жастағы ер адамның мәйіті Талғар қаласының маңында табылған. Тергеу кезінде марқұм туыстарының біріне SMS-хабарлама жіберіп, Шерзаттың жанына жерлеуді сұраған. Полиция сол хабарламаның скриншотын жариялады.
© Photo : Алматы облыстық полиция депаратментіШерзат Полаттың ағасы жазған соңғы SMS-хабарлама жарияланды
Шерзат Полаттың ағасы жазған соңғы SMS-хабарлама жарияланды
© Photo : Алматы облыстық полиция депаратменті
"Аға, не істесем де кешір, бұл өмірде бауырымның өлгенін қаламадым, барынша тырыстым сақтап қалуға. Аллаға керек болды, оны да алып қойды. Аға, сен біз үшін кек алуың керек, сен сол үшін жаралғансың, бірақ мен ісетеген істі қайталама, сенде ұл-қыз бар. Родной, соларды ойла, мен сені жақсы көрем, кешір мені", - делінген хатта.
Ал ағасы оны уәдеде тұруын талап етіп, қайдан табуға болатын сұраған. Анасының ауырып қалатынын жазған. Марқұм: "Родной, Шерзаттың жанына жерлесең болды, басқа айтарым жоқ", - деп қысқа ғана жауап берген.
Полиция қылмыстық іс қозғап, барлық мән-жайды анықтауға кірісті.