Шерзат Полаттың өлімі: қылмыстық іс бес бап бойынша қозғалды

© Sputnik/Айдана ДайыроваМесто жительства и гибели подростка
Место жительства и гибели подростка  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2024
Жазылу
Қазіргі кезде қасақана кісі өлтіруге қатысы бар деген күдікпен 8 адам және қылмыс туралы хабарламау бойынша 3 адам қамауға алынды
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Талғардағы қанды оқиға бойынша бес қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ішкі істер министрі Ержан Сәденовтың депутаттық сауалға жауабында жазылған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Тергеу шараларын Алматы облыстық полиция департаменті жүргізіп жатыр. Баптар:
1.
адам өлтіру (99-бабының 2-бөлігі);
2.
бұзақылық (293-бабының 3-бөлігі);
3.
қорқыту (115-бап);
4.
қылмысты жасырып қалу (432-бап);
5.
қылмыс туралы хабарламау (434-бап).
Қазіргі кезде қасақана кісі өлтіруге қатысы бар деген күдікпен 8 адам және қылмыс туралы хабарламау бойынша 3 адам қамауға алынды.
"Тергеу барысы менің жеке бақылауымда, оқиға орнында министрліктің орталық аппаратының қызметкерлері де жұмыс істеп жатыр. Тергеу барысында басқа да адамдардың қатысы бар-жоғы тексеріліп, әрекеттеріне құқықтық баға беріледі", - дейді Сәденов.
Айта кетері, 4 қазанға қараған түні Талғарда 16 жастағы Шерзат Полатты отбасының көзінше өлтіріп кеткен болатын. 12 қазанда отбасы тұрған үйді белгісіз біреулер өртеп жіберді. Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды.
Шерзат Полаттың үйін өртеп кетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.10.2024
Үйді өртегендер міндетті түрде жауапқа тартылады – ІІМ
Жаңалықтар
0