Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметінен босатылды

© SputnikПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.10.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 15 қазан - Sputnik. Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы Аслан Қасымбаев қызметінен босатылды.
"Сонымен қатар Талғар ауданының әкімі Танат Есенкелдіұлы Айдарбеков және оның орынбасары Айбек Дүйсембекұлы Бидаев "сөгіс" түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - делінген ресми ақпаратта.
Осыған дейін Талғар қаласының әкімі Бахыт Қуатбекұлы Күрішбеков, Талғар қаласы әкімінің орынбасары Матан Сағындық өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны үшін лауазымдарынан босатылған еді.
4 қазанда Талғарда 16 жастағы жасөспірім кісі қолынан қайтыс болды. Марқұмның туыстары әділ сот сұрап, бірнеше рет ереуілге шықты.
Көп ұзамай марқұм жасөспірімнің үйі өртенді. Бұл оқиға халықтың ашу-ызасын тудырды. Ішкі істер министрлігі Қонаев қаласында оқиғаға қатысты брифинг өткізді. Онда әлеуметтік желіде тарап кеткен қылмыс болған күнгі бейнежазба БАҚ өкілдеріне көрсетілді.
Қылмыстық оқиғаға қатысы бар деген 10 күдікті қамалды. Ал өртенген үйге қатысты 600 адам сұралған. Үй жанынан табылған қолғап пен канистра сараптамаға жіберілді.
Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратура өкілдері жалған ақпарат таратып, тергеуге кедергі келтірмеуді сұрады.
Место жительства и гибели подростка  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.10.2024
Талғардағы оқиға: Шерзат Полаттың отбасы әкімдік ұсынған көмектен бас тартты
Жаңалықтар
0