https://sputnik.kz/20241012/sherzat-bolattyn-uyi-ortendi-tuystary-oqiganyn-man-zhayyn-aytty-47793478.html
Шерзат Полаттың үйі өртенді: туыстары оқиғаның мән-жайын айтты
Шерзат Полаттың үйі өртенді: туыстары оқиғаның мән-жайын айтты
Sputnik Қазақстан
Талғарда төбелес кезінде пышақтап өлтіріп тастаған жасөспірімнің әкесінің үйінде бүгін түнде өрт шықты 12.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-12T15:48+0500
2024-10-12T15:48+0500
2024-10-12T15:59+0500
талғар
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/0c/47793824_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_273e52965362bae0b17155593ff86e1c.jpg
АЛМАТЫ, 12 қазан - Sputnik. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Азат ауылында марқұм Шерзат Полатовтың үйін өртеп кетті. Оқиғаның мән-жайын Sputnik Қазақстан тілшісі біліп қайтты.Шерзаттың отбасы Азат ауылында тұрады. Туыстары өртті қаскүнемдер қасақана қойды деп отыр.Бұл үй 2015 жылы салынған. Айғазыға өрт туралы 12 қазан түнгі сағат 01:00 шамасында Шерзаттың анасы хабарлап айтқан."Үй өртенгенге дейін күзет бермеді, ал ана "Хутордағы" күдіктілердің үйін күзетіп жүр. Полициядардың көліктері сол жақта тұрады", - дейді қайғы жұтқан үйдің туыстары.Бас прокуратура Талғарда жасөспірімді өлтіру ісі бойынша жәбірленушілердің үйін өртеу фактісіне қатысты ведомствоаралық жедел тергеу тобы құрылғанын хабарлады. Полиция мәліметіне сәйкес, марқұм Шерзат Полаттың отбасы полиция қызметкерлерінің қорғауына алынған.Еске салсақ, 4 қазанда Талғарда 16 жастағы жасөспірімді өлтірді. Шерзат Полат дүкенде әкесіне көмектесіп жүргенде сатып алушының біреуі сыра үшін ақша төлеуден бас тартқан. Содан жанжал шығып, екі жақ сөзге келіспей қалды. Оқиға орнына бір топ адам келіп, жасөспірімді ғана емес, оның әкесі мен ағасын соққыға жықты. Шерзат Болат пышақ жарақатынан қайтыс болды.
талғар
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/0c/47793824_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_1de1eca8f182d69a0d0fa55490fcf492.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
талғар
Шерзат Полаттың үйі өртенді: туыстары оқиғаның мән-жайын айтты
15:48 12.10.2024 (жаңартылды: 15:59 12.10.2024) Талғарда төбелес кезінде пышақтап өлтіріп тастаған жасөспірімнің әкесінің үйінде бүгін түнде өрт шықты
АЛМАТЫ, 12 қазан - Sputnik. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Азат ауылында марқұм Шерзат Полатовтың үйін өртеп кетті. Оқиғаның мән-жайын
Sputnik Қазақстан тілшісі біліп қайтты.
Шерзаттың отбасы Азат ауылында тұрады. Туыстары өртті қаскүнемдер қасақана қойды деп отыр.
"Шерзаттың оқиғасы болардан бұрын осы үйде әкесі Қаржаубай отбасымен тұрған. Сол оқиғадан кейін Қаржаубай отбасымен әкесінің шаңырағына көшіп келіп, бәрі бір жерде жиналды. Өз басым сол үйдің тогын, газын үнемі тексеріп тұрамын. Өрт одан болған жоқ. Біздің ойымызша әдейі өртеді, бірақ нақты кім екенін білмейміз. Біз тіпті "өздері өрт қойып, бізге жала жапты деп өзімізге іс қозғай ма" деп те ойлап отырмыз", - дейді марқұм Шерзаттың жездесі Айғазы.
Бұл үй 2015 жылы салынған. Айғазыға өрт туралы 12 қазан түнгі сағат 01:00 шамасында Шерзаттың анасы хабарлап айтқан.
"Үй өртенгенге дейін күзет бермеді, ал ана "Хутордағы" күдіктілердің үйін күзетіп жүр. Полициядардың көліктері сол жақта тұрады", - дейді қайғы жұтқан үйдің туыстары.
Бас прокуратура Талғарда жасөспірімді өлтіру ісі бойынша жәбірленушілердің үйін өртеу фактісіне қатысты ведомствоаралық жедел тергеу тобы құрылғанын хабарлады.
Полиция мәліметіне сәйкес, марқұм Шерзат Полаттың отбасы полиция қызметкерлерінің қорғауына алынған.
Еске салсақ, 4 қазанда Талғарда 16 жастағы жасөспірімді өлтірді. Шерзат Полат дүкенде әкесіне көмектесіп жүргенде сатып алушының біреуі сыра үшін ақша төлеуден бас тартқан. Содан жанжал шығып, екі жақ сөзге келіспей қалды. Оқиға орнына бір топ адам келіп, жасөспірімді ғана емес, оның әкесі мен ағасын соққыға жықты. Шерзат Болат пышақ жарақатынан қайтыс болды.