Шерзат Полаттың ісі бойынша 10 адам күдікке ілінді – Ішкі істер министрлігі

© Sputnik/Айдана ДайыроваМесто жительства и гибели подростка
Место жительства и гибели подростка  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.10.2024
Жазылу
Ведомство оқиға орнында түсірілген бейнежазбаны көрсетті
АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. Ішкі істер министрлігі Талғарда бозбаланың өліміне себеп болған жанжалдың видеосын көрсетті.
ҚР ІІМ Тергеу департаменті басшысының орынбасары Самат Аисов айтқандай, жанжал төленбеген сыра үшін емес, марқұм Шерзат Болат пен сатып алушы дүкеннен шығып кеткен кезде болған. Тауардың ақшасы төленген.
Бұған дейін аты аталған қыздар жанжалға қатыспаған. Олар төбелескендерді ажыратқан, деді Аисов.
"Қыздарды күдікті ретінде тартуға негіз болған жоқ", - деп атап өтті Аисов.
Ал Шерзат Полаттың үйін сырттан өртеген. Оқиға орнынан канистр мен қолғап табылды.
Бұл іс бойынша 10 адам күдікке ілінді.
"Істің айналасында тағы екі адам бар, бірақ олар әзірге ұсталған жоқ. Ұсталғандар арасында бұзақылық үшін сотталғандар да бар", - деді Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов.
Сондай-ақ қылмыстық істің материалына шолақ мылтық пен үш пышақ тіркелген. Олардың кімге тиесілі екенін айтуға әлі ерте, сараптама жасалып жатыр, деп мәлімдеді Ішкі істер министрлігі.
Ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты министрлік мынадай жауап берді:
"Біз күдіктілердің кімдермен байланыс орнатқанын тексердік, ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты ештеңе таппадық. Біз жергілікті полицияны және олардың қылмыстық топпен ықтимал байланысын тексеру туралы ұсыныс жасаймыз. Бірақ қазір ең бастысы осы қылмысты ашу керек", - деді Әленов.
Сонымен қатар полиция төбелес видеосының тарап кетуіне қатысты қылмыстық іс қозғады.
"Бұл факті бойынша өзіндік қауіпсіздік департаменті қылмыстық іс қозғады. Бұл видеоның әлеуметтік желіге қалай түскенін анықтау қажет", - деді ІІМ басшысының бірінші орынбасары Бауыржан Әленов.
Жалпы, бұзақылық бойынша екі қылмыстық іс, адам өлтіру бойынша бір, сондай-ақ қылмыс туралы хабарламау бойынша бір қылмыстық іс қозғалды.
Алматы облысының прокуроры Берік Адамов бұл іс бойынша сотты онлайн режимде өткізуді сұрайтынын айтты.
Еске сала кетейік, 4 қазанға қараған түні Талғарда 16 жастағы Шерзат Полатты отбасының көзінше өлтіріп кеткен болатын. 12 қазанда отбасы тұрған үй өртке оранды. Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды.
Бүгін Талғар қаласының әкімі мен оның орынбасары қызметінен босатылғаны белгілі болды. Бірақ облыс әкімдігі мұның бозбаланың ісіне қатысы бар-жоғын нақтыламады.
Жаңалықтар
0