Тәтішевті өлтіргені үшін сотталған Мұратхан Тоқмәди мерзімінен бұрын босатылмайды

© AP Photo / Jean-Francois BadiasСудебный молоток, архивное фото
Судебный молоток, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2024
Жазылу
2018 жылдың наурызында Токмади 10,5 жылға бас бостандығынан айырылды, тамызда бірінші сатыдағы сот оны шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы шешім қабылдады
АЛМАТЫ, 12 қыркүйек - Sputnik. Алматы облыстық сотының апелляциялық алқасы БТА банкінің басшысы Ержан Тәтішевті өлтіргені үшін сотталған Мұратхан Тоқмадиді шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы бірінші сатыдағы соттың шешімінің күшін жойды.
Шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы туралы шешімді Қонаев қалалық соты 2024 жылдың тамыз айының басында қабылдады. Тәтішевтің туыстары Алматы облыстық сотына шағымданды. Ержан Тәтішев 2004 жылы басынан атып өлтірілді. Тергеу банкирдің өлімі аңшылық кезіндегі "жазатайым оқиға" деген қорытындыға келді.
Кәсіпкер Мұратхан Тоқмадиге "абайсыздағы кісі өлімі" бабы бойынша айып тағылды. Сот оған бір жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. 2017 жылы іс қайта қаралып, Тоқмади банкирді өлтіргенін мойындады.
Іс материалдарына сәйкес, ол Мұхтар Әблязовтың қысымымен кісі өлтірген. 2018 жылдың наурызында Тоқмади 10,5 жылға бас бостандығынан айырылды. 2022 жылы қаңтардағы оқиғалардан кейін ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Мәсімов қамауға алынғанда, Тоқмади өзіне қылмысты күштеп мойындатқанын мәлімдеді.
Жаңалықтар
0