Банкирді өлтіргені үшін сотталған Мұратхан Тоқмәди бостандыққа шығады

Муратхан Токмади - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.08.2024
Жазылу
2018 жылы Тоқмәди 10,5 жылға бас бостандығынан айырылды
АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. Қонаев қалалық соты Мұратхан Тоқмәдидің мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішін қанағаттандырды.
Тоқмәди банкир Ержан Тәтішевті өлтіргені үшін сотталды.
Ержан Тәтішев 2004 жылы басына тиген оқтан көз жұмды. Тергеу банкир аңшылық кезіндегі "оқыс жағдайдың" салдарынан өлді деген қорытындыға келген.
Кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдиге "Абайсызда өлімге әкеп соқтыру" бабы бойынша айып тағылды. Сот оны бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті.
2017 жылы іс қайта қаралды, Тоқмәди банкирді өлтіргенін мойындады. Іс материалына сәйкес, ол марқұмды Мұхтар Әбілязовтың қысымымен өлтірген.
2018 жылдың наурыз айында Тоқмәди 10,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сотталушы - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2018
Қоғам
Ержан Тәтішевті не үшін өлтірген – сотта жаңа дерек шықты
Жаңалықтар
0