https://sputnik.kz/20240830/bugin---konstitutsiya-kuni-46647032.html
Бүгін - Конституция күні
Бүгін - Конституция күні
Sputnik Қазақстан
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тұсында Конституцияға бес рет өзгеріс енгізілді 30.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-30T09:00+0500
2024-08-30T09:00+0500
2024-08-30T09:00+0500
конституция күні
https://sputnik.kz/img/07e6/05/0c/24777554_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_a333fed9bf1ffc91d02b04c5f4bea509.jpg
АСТАНА, 30 тамыз – Sputnik. Бүгін Қазақстан халқы Конституция күнін атап өтіп жатыр. Ата заңымызға биыл 29 жыл толып отыр. Sputnik Қазақстан Конституцияның тарихына қатысты қызықты деректер ұсынады.Қазақстанның Конституциясы тұңғыш рет 1924 жылы қабылданған болатын. Ал тәуелсіз елдің ең алғашқы Ата заңы 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданды. Оған дейін 1978 жылғы Қазақ КСР Конституциясы қолданыста болды.Тәуелсіз Қазақстанның Ата заңы қабылданса да, ескі әкімшіл-әміршіл ережелері басым болды. Ол құжат жаңа қоғам талабына сай келмеді, әрі онда адамның жеке құқығы мен бостандығы, және оны қамтамасыз ету қағидалары, мемлекеттік үкімет билігін жүргізу нысандары, басқару саласындағы демократиялық институттардың қызметі нақты айқындалмаған еді. Содан араға екі жыл салып, 1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық референдум негізінде 9 тараудан және 98 баптан тұратын жаңа Конституция қабылданды.Осылайша, биыл Конституцияның қабылданғанына 29 жыл толып отыр. Бүгінде Қазақстанның Ата заңы әлемдегі ең жас Конституциялардың бірі болып саналады.Ата заң неше рет өзгердіҚазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тұсында Конституцияға бес рет өзгеріс енгізілді. Мәселен, 2011 жылы қаңтарда парламент депутаттары Назарбаевтың президенттік мерзімін шектемеуге шешім шығарды. Оны Конституцияға да енгізді. Ата заңымызға "бір адам қатарынан екі реттен артық республика президенті болып сайлана алмайды. Бұл шектеу Қазақстанның тұңғыш президентіне – Елбасыға қолданылмайды" деген түзету жасалды.Сондай-ақ Қазақстанның бірінші президентіне "Елбасы" мәртебесі берілді. Оған дейін президенттің жас шегін алып тастады. Ал өкілеттілігі 7 жылға дейін ұзартылды. Конституцияға "Тұңғыш Президент" анықтамасы енгізілді. Оған кезектен тыс сайлауды жариялауға өкілеттілік берілді. Осылайша, Қазақстанда суперпрезиденттік басқару формасы қалыптасты. 2022 жылы Тоқаев осы жүйені өзгертуге кірісті.Тоқаев енгізген өзгерістер2022 жылы 5 маусымда Қазақстанда бүкілхалықтық референдум өтті. Халық Конституцияға енгізілген жаңа өзгерістер үшін дауыс берді. Әсіресе, негізгі заңнан тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мәртебесінің алынып тасталуы қоғамда қызу талқыланды. Атап айтқанда, 91-баптан тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы ретінде тұңғыш президент туралы тұжырым және оның Елбасы (ұлт көшбасшысы) мәртебесі алынды.Бұдан бөлек енді жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі болады.Қазақстан суперпрезиденттік басқару формасынан күшті парламенті бар президенттік формаға көшті. Президенттің жақын туыстары саяси мемлекеттік қызметші, квазимемлекеттік сектор субъектісі басшылары лауазымдарын атқару құқығынан айырылды. Депутаттарды сайлау жүйесі де өзгерді.Сондай-ақ елімізде Конституциялық сот құрылып, қазақстандықтар оған өз бетінше жүгіне алады. Өлім жазасына тыйым салынды. Қазақстанда адам құқықтары мен бала құқықтары уәкілдерінен бөлек халықтың осал санаттарының құқықтары мен бизнес омбудсмендер құрылды.Референдумнан кейін Қазақстанның Ата заңы 9 тараудан және 99 баптан тұрады.Конституциялық сот не үшін құрылдыКонституцияға енгізілген өзгерістермен бірге Конституциялық сот та қайта құрылды. Оған дейін Конституциялық кеңес болған. Бірақ осы құрылым ширек ғасырдың ішінде бар-жоғы 140-қа жуық істі ғана қараған. Демек, жылына небәрі 5 мәселе ғана қаралды деген сөз. Ал Конституциялық сот алғашқы 7 айдың ішінде 43 істі қарап шықты. Осылайша, азаматтар Конституциялық сотқа тікелей жүгінуге мүмкіндік алды. Бұрын мұндай құқыққа билік институттары ғана ие болған.Тоқаевтың айтуынша, халық Конституциялық сотқа шағымдану арқылы өз құқықтарын қорғап қана қоймайды, еліміздің бүкіл құқық жүйесін жетілдіруге де үлес қосады.Мәселен, биыл Конституциялық сотқа түскен арыздан кейін "Неке және отбасы туралы" кодекстің 91-бабының тармақшасы Ата заңымызға сай емес деген шешім шығарылды. Бұдан бөлек, тағы бір адам жансақтау бөлімінде бейнекамераларды орнатуға тыйым салу мәселесімен келіспеді. Сот мамандары оның арызын да қарап шықты. Конституциялық сотқа арыз түсіру тәртібі қандайБелгілі бір заң нормасының Конституцияға сәйкестігін тексеру үшін алдымен арыз жазу керек. Онда нақты бірнеше талап сақталуы шарт. Олар:Конституциялық Сотқа өтініш беру тәртібі мен рәсімдері туралы жан-жақты консультацияны сот ғимаратында да алуға болады. Сонымен қатар, "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" заңға сәйкес, заңгерлік кеңес алу үшін адвокаттарға, заң консультантарына және басқа да заңгерлік көмек көрсететін мамандарға жүгінуге болады.
https://sputnik.kz/20220607/referendum-resmi-qorytyndy-25371133.html
https://sputnik.kz/20220603/konstitutsiya-tuzetu-toqaev-25276168.html
https://sputnik.kz/20220418/toqaev-kuyeu-bala-ata-zan-24277064.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/0c/24777554_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_bce769d4ffdd8b1383796cdcb1c6cb98.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
конституция күні
Бүгін - Конституция күні
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тұсында Конституцияға бес рет өзгеріс енгізілді
АСТАНА, 30 тамыз – Sputnik. Бүгін Қазақстан халқы Конституция күнін атап өтіп жатыр. Ата заңымызға биыл 29 жыл толып отыр.
Sputnik Қазақстан Конституцияның тарихына қатысты қызықты деректер ұсынады.
Қазақстанның Конституциясы тұңғыш рет 1924 жылы қабылданған болатын. Ал тәуелсіз елдің ең алғашқы Ата заңы 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданды. Оған дейін 1978 жылғы Қазақ КСР Конституциясы қолданыста болды.
Тәуелсіз Қазақстанның Ата заңы қабылданса да, ескі әкімшіл-әміршіл ережелері басым болды. Ол құжат жаңа қоғам талабына сай келмеді, әрі онда адамның жеке құқығы мен бостандығы, және оны қамтамасыз ету қағидалары, мемлекеттік үкімет билігін жүргізу нысандары, басқару саласындағы демократиялық институттардың қызметі нақты айқындалмаған еді. Содан араға екі жыл салып, 1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық референдум негізінде 9 тараудан және 98 баптан тұратын жаңа Конституция қабылданды.
Осылайша, биыл Конституцияның қабылданғанына 29 жыл толып отыр. Бүгінде Қазақстанның Ата заңы әлемдегі ең жас Конституциялардың бірі болып саналады.
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тұсында Конституцияға бес рет өзгеріс енгізілді. Мәселен, 2011 жылы қаңтарда парламент депутаттары Назарбаевтың президенттік мерзімін шектемеуге шешім шығарды. Оны Конституцияға да енгізді. Ата заңымызға "бір адам қатарынан екі реттен артық республика президенті болып сайлана алмайды. Бұл шектеу Қазақстанның тұңғыш президентіне – Елбасыға қолданылмайды" деген түзету жасалды.
Сондай-ақ Қазақстанның бірінші президентіне "Елбасы" мәртебесі берілді. Оған дейін президенттің жас шегін алып тастады. Ал өкілеттілігі 7 жылға дейін ұзартылды. Конституцияға "Тұңғыш Президент" анықтамасы енгізілді. Оған кезектен тыс сайлауды жариялауға өкілеттілік берілді. Осылайша, Қазақстанда суперпрезиденттік басқару формасы қалыптасты. 2022 жылы Тоқаев осы жүйені өзгертуге кірісті.
Тоқаев енгізген өзгерістер
2022 жылы 5 маусымда Қазақстанда бүкілхалықтық референдум өтті. Халық Конституцияға енгізілген жаңа өзгерістер үшін дауыс берді. Әсіресе, негізгі заңнан тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мәртебесінің алынып тасталуы қоғамда қызу талқыланды. Атап айтқанда, 91-баптан тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы ретінде тұңғыш президент туралы тұжырым және оның Елбасы (ұлт көшбасшысы) мәртебесі алынды.
Бұдан бөлек енді жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі болады.
Қазақстан суперпрезиденттік басқару формасынан күшті парламенті бар президенттік формаға көшті. Президенттің жақын туыстары саяси мемлекеттік қызметші, квазимемлекеттік сектор субъектісі басшылары лауазымдарын атқару құқығынан айырылды. Депутаттарды сайлау жүйесі де өзгерді.
Сондай-ақ елімізде Конституциялық сот құрылып, қазақстандықтар оған өз бетінше жүгіне алады. Өлім жазасына тыйым салынды. Қазақстанда адам құқықтары мен бала құқықтары уәкілдерінен бөлек халықтың осал санаттарының құқықтары мен бизнес омбудсмендер құрылды.
Референдумнан кейін Қазақстанның Ата заңы 9 тараудан және 99 баптан тұрады.
Конституциялық сот не үшін құрылды
Конституцияға енгізілген өзгерістермен бірге Конституциялық сот та қайта құрылды. Оған дейін Конституциялық кеңес болған. Бірақ осы құрылым ширек ғасырдың ішінде бар-жоғы 140-қа жуық істі ғана қараған. Демек, жылына небәрі 5 мәселе ғана қаралды деген сөз. Ал Конституциялық сот алғашқы 7 айдың ішінде 43 істі қарап шықты. Осылайша, азаматтар Конституциялық сотқа тікелей жүгінуге мүмкіндік алды. Бұрын мұндай құқыққа билік институттары ғана ие болған.
Тоқаевтың айтуынша, халық Конституциялық сотқа шағымдану арқылы өз құқықтарын қорғап қана қоймайды, еліміздің бүкіл құқық жүйесін жетілдіруге де үлес қосады.
Мәселен, биыл Конституциялық сотқа түскен арыздан кейін "Неке және отбасы туралы" кодекстің 91-бабының тармақшасы Ата заңымызға сай емес деген шешім
шығарылды. Бұдан бөлек, тағы бір адам жансақтау бөлімінде бейнекамераларды орнатуға тыйым салу мәселесімен келіспеді. Сот мамандары оның арызын да
қарап шықты. Конституциялық сотқа арыз түсіру тәртібі қандай
Белгілі бір заң нормасының Конституцияға сәйкестігін тексеру үшін алдымен арыз жазу керек. Онда нақты бірнеше талап сақталуы шарт. Олар:
Конституциялық сотқа не үшін жүгініп отырсыз. Осы өтінішке себеп болған жағдайды қысқаша сипаттаңыз;
Жалпы юрисдикциялы сотта сізге нақты қандай норма қолданылды және оны неліктен Конституцияға сәйкес келмейді деп санайсыз;
Дауланып отырған норма сіздің конституциялық құқықтарыңызға қалай нұқсан келтіреді. Конституцияның тиісті баптарын көрсетіңіз. Өтініштің осы бөлімін жазу күрделі болуы мүмкін және Конституция тұрғысынан бұзушылықтарды негізге алу тәжірибесін қажет етеді.
Конституциялық Сотқа өтініш беру тәртібі мен рәсімдері туралы жан-жақты консультацияны сот ғимаратында да алуға болады. Сонымен қатар, "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" заңға сәйкес, заңгерлік кеңес алу үшін адвокаттарға, заң консультантарына және басқа да заңгерлік көмек көрсететін мамандарға жүгінуге болады.