https://sputnik.kz/20220418/toqaev-kuyeu-bala-ata-zan-24277064.html
Тоқаевтың күйеу баласы Ата заңға түзету енгізілгеннен кейін қызметінен босатылады
Тоқаевтың күйеу баласы Ата заңға түзету енгізілгеннен кейін қызметінен босатылады
Sputnik Қазақстан
Конституцияға түзету осы жылдың соңына дейін қабылданады деп жоспарлануда 18.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-18T11:34+0500
2022-04-18T11:34+0500
2022-04-18T11:35+0500
қасым-жомарт тоқаев
күйеу баласы
https://sputnik.kz/img/07e6/03/02/23245319_0:0:3125:1757_1920x0_80_0_0_f10a85c7fdc2e8c6c2adaddaca27e4b0.jpg.webp
НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір – Sputnik. Президенттің жақын туыстарын басшылық қызметке тағайындауға тыйым салу бойынша Конституцияға түзету енгізілгеннен кейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың күйеу баласы Теміртай Ізбастин қызметінен босатылады.Алдағы уақытта президенттің жақын туыстарына мемлекеттік қызметте басшы лауазымдарын атқаруға заңды түрде тыйым салынады. Әділет министрі Қанат Мусиннің айтуынша, осы лауазымдардың тізіміне дипломаттар да кіреді.Осы орайда тілшілер Тоқаевтың туысын қызметтен ала ма, жоқ па, осы мәселені нақтылап беруді сұрады. Министрдің сөзіне қарағанда, Конституция талаптары барлығына ортақ болады."Жаңағы тыйым енгізілген бойда барлығы заң бойынша жасалады. "Қызметтен алып тастайды" деген сөз кеңес дәуірінен қалған термин шығар. Ол кісі қызметін босатуға тиіс, себебі заң бойынша оны атқара алмайды", - деп атап өтті Мусин.Айта кетері, Тоқаевтың қарындасы – Қарлыға Ізбастинаның күйеуі Теміртай Ізбастин Қазақстанның Болгариядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарып жүр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/02/23245319_115:0:2846:2048_1920x0_80_0_0_f871375f30b0d4a71fbf5a832b7d010d.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, күйеу баласы
қасым-жомарт тоқаев, күйеу баласы
Тоқаевтың күйеу баласы Ата заңға түзету енгізілгеннен кейін қызметінен босатылады
11:34 18.04.2022 (жаңартылды: 11:35 18.04.2022) Конституцияға түзету осы жылдың соңына дейін қабылданады деп жоспарлануда
НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір – Sputnik. Президенттің жақын туыстарын басшылық қызметке тағайындауға тыйым салу бойынша Конституцияға түзету енгізілгеннен кейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың күйеу баласы Теміртай Ізбастин қызметінен босатылады.
Алдағы уақытта президенттің жақын туыстарына мемлекеттік қызметте басшы лауазымдарын атқаруға заңды түрде тыйым салынады. Әділет министрі Қанат Мусиннің айтуынша, осы лауазымдардың тізіміне дипломаттар да кіреді.
"Конституцияға президенттің жақын туыстарына мемлекеттік қызметте саяси лауазымдарды атқаруға тыйым салу тетігі енгізіледі. Ол үлкен тізім, оған белгілі бір дәрежесі бар дипломатиялық қызметкерлер де кіреді", - деді Мусин орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Осы орайда тілшілер Тоқаевтың туысын қызметтен ала ма, жоқ па, осы мәселені нақтылап беруді сұрады. Министрдің сөзіне қарағанда, Конституция талаптары барлығына ортақ болады.
"Жаңағы тыйым енгізілген бойда барлығы заң бойынша жасалады. "Қызметтен алып тастайды" деген сөз кеңес дәуірінен қалған термин шығар. Ол кісі қызметін босатуға тиіс, себебі заң бойынша оны атқара алмайды", - деп атап өтті Мусин.
Айта кетері, Тоқаевтың қарындасы – Қарлыға Ізбастинаның күйеуі Теміртай Ізбастин Қазақстанның Болгариядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарып жүр.