Енді үйленбеген ер адамдар да бала асырап ала алады

© AP Photo / Vadim GhirdaМужчина держит на руках ребенка
Мужчина держит на руках ребенка - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.07.2024
Жазылу
"Неке және отбасы туралы" заңның тиісті бабы Ата заңымызға қайшы болған
АСТАНА, 23 шілде – Sputnik. Конституциялық сот "Неке және отбасы туралы" кодекстің 91-бабының тармақшасын Ата заңымызға сай емес деген шешімге келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Кодекстің аталған нормасына сәйкес, заңды некеде тұрмаған ер адамдар бала асырап ала алмайды. Осыған байланысты бір азамат Конституциялық сотқа арыз түсірген. Оның айтуынша, бұл норма кемсітуші сипатқа ие. Себебі Ата заңымыздың 14-бабына сәйкес, ешкімді жынысы бойынша кемсітуге болмайды. Некеде тұрмаған әйелдерге ондай шектеу қойылмаған.
Конституциялық сот мамандары заңнаманы тағы зерделеп, жалпы бала асырап алу шарттары мен шектеулері мемлекеттің балалық шақты қорғау мен балалардың мүдделерін барынша жақсы қамтамасыз ету міндеттемелеріне сай келеді деген шешімге келді.
"Сонымен бірге, бала асырап алғысы келетін адамдар үшін заң шығарушы белгілеген шектеулер заңды түрде негізделген мақсаттарға сәйкес келуі және балалардың құқықтары мен мүдделеріне сүйене отырып, әділдік, пропорционалдылық және мөлшерлестік талаптарына сай болуы керек. Тиісінше, заңнамалық тетіктер бала мен әйелдің, ең алдымен, некеде тұрған және отбасы бар, баланың мүдделері мен қамқорлығын жақсы қамтамасыз ету мақсаттарына көбірек жауап беретін адам ретінде бала асырап алуды қолдауға бағытталуы қажет", - дейді сот қызметкерлері.
Осылайша, балаларды асырап алуға ниет білдірген адамдарға деген тең емес көзқарас Конституцияның 14-бабының талаптарына сәйкес келмейді деп танылды.
Жаңалықтар
0