Сарапшы сотта Бишімбаевтың Нүкеноваға қандай жарақаттар келтіргенін манекенде көрсетті

© Sputnik / Санат Имангалиев В специализированном межрайонном суде по уголовным делам Астаны продолжается главное судебное разбирательство по делу экс-министра национальной экономики Казахстана Куандыка Бишимбаева

В специализированном межрайонном суде по уголовным делам Астаны продолжается главное судебное разбирательство по делу экс-министра национальной экономики Казахстана Куандыка Бишимбаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2024
Жазылу
Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысында сот-медициналық сарапшыдан жауап алды 

АСТАНА, 9 сәуір – Sputnik. Салтанат Нүкенованың өліміне қандай жарақаттар себеп болғанын сот-медициналық сарапшы манекенде анықтап көрсетті.
Астанада бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты алқабилер соты жалғасуда.
Бишімбаев ісі бойынша тергеушілер қосымша зерттеулер жүргізу үшін Алматы сот сараптама институтына жүгінген.
Сот-медициналық сарапшы Тахир Халиназаровтың айтуынша, қосымша сараптама өлім себептері туралы мәліметтерді тереңірек зерттеген. Сондай-ақ, ол алғашқы сараптама мойын аймағынан табылған жарақатқа толық баға бермегенін айтты.

"Жәбірленуші Нүкенованың денесіндегі бұл жарақаттар алғашқы сараптама кезінде анықталып, оларға сипаттама берілген, олардың барлығы қорытындыда көрсетілген. Яғни, мұны ешкім ойдан шығарған жоқ, бұл сараптаманың қорытындысында көрсетілген дәлелді деректер", - деді Тахир Халиназаров.

Сотта сот сарапшысы алғашқы сараптама кезінде анықталған зақымдану аймақтарын көрсету үшін манекенді пайдаланды.
Оның айтуынша, зерттеу нәтижесінде бас-ми жарақатын көрсететін сот-медициналық диагноз қойылған.
Бишімбаев Салтанат өлген түні көріпкелге неге телефон соққанын түсіндірді
"Мұның бәрі көгерген, сыдырылған және жаралар - сыртқы жарақаттар, жұмсақ тін астындағы жарақаттар. Қан кетулер желке жағында да табылған. Бұл жарақаттардың барлығы сот медицинасында сыртқы жанасу жарақаттары болып саналады", - деді ол.
Яғни, бұлар мидың зақымдануына әкелетін жарақаттар.
"Алғашқы сараптаманың қорытындысы субдуральды гематома түріндегі сыртқы және бассүйек ішілік жарақаттардың барлығын сипаттайды, қатты қабат пен бас миы арасында қан кету - бұл аумақ қанға толған", - деп түсіндірді сарапшы Тахир Халимназаров.
Сот-медициналық сарапшының пікірінше, марқұмның бас миына субдуральды гематома марқұмның бас миына қысым жасаған, ол жалпы алғанда ауыр зардапқа жатады. Сонымен қатар, патологанатомдар бұл жарақаттардың "өлімге әкелген тікелей себептік байланысы бар" екенін көрсетті.
"Яғни, өлімнің себебі соққылар мен жарақаттардың жиынтығы болып тұр. Оны бөлек қарастыруға болмайды - соққылар бірін-бірі ауырлатады. Мұның бәрі өлімге әкелген бір жарақат ретінде қарастырылады. Біз алғашқы сараптаманың қорытындысын қолдаймыз", – деп түсіндірді сот-медициналық сарапшы.
Осылайша, сот-медициналық сарапшы басынан алған соққыларды Салтанат Нүкенованың өлімінің басты және бірден-бір себебі ретінде мойындады.
"Адам саналы түрде мұндай бас жарақатын алмайды. Тіпті абайсызда құлаған кезде де адам инстинктивті түрде басын қолмен қорғайды", - дейді сот-медициналық сарапшы.
Тахир Халимназаровтың айтуынша, адам өздігенен осылай құлап, мұндай жарақат ала алмайды.
Сонымен қатар, сарапшы дәрігерлер мойын аймағында көгерген жерлерді анықтағанын, бұл мойынның қысылғанын, яғни Нүкенованы тұншықтырғанын көрсетті.
Еске салайық, 2023 жылдың 9 қарашасында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы асқае қатыгездікпен өлтірді деген күдікпен ұсталды. 27 наурызда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен басты сот отырысы басталды.
Бишімбаев соты - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.04.2024
Бишімбаев соты: Нүкенованың өз махаббаты туралы жазған хаты жарияланды
Жаңалықтар
0