Бишімбаев Салтанат өлген түні көріпкелге неге телефон соққанын түсіндірді

© Sputnik / Санат ИмангалиевҚуандық Бишімбаев
Қуандық Бишімбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2024
Жазылу
Сотталушының айтуынша, көріпкел Шымкентте тұрады. Бишімбаев оның көмегіне екі жыл бойы жүгінген
АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. Азаматтық некедегі әйелін өлтірді деп айыпталып жатқан Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенова өлген түні неге жедел жәрдемге емес, көріпкелге қоңырау шалғанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Астанада Бишімбаев соты жалғасып жатыр. Сот отырысы барысында жәбірленуші тараптың адвокаты сотталушыдан көріпкел жайлы сұрады.
Бишімбаевтың айтуынша, көріпкел Шымкентте тұрады. Ол 1,5-2 жыл бойы оған бизнес мәселелері бойынша жүгініп тұрған.
Адвокат "көріпкелдің медициналық білімі бар ма?" деп сұрады.
"Ол жағы маған белгісіз, бірақ мен оған әрқашан сендім", - деп жауап берді Бишімбаев.
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан Салтанаттың хәлін көріп тұрып, басқа қалада тұратын адамға қандай себеппен хабарласқанын сұрады.
"Көгерген жері біртіндеп үлкейе берді. Мен оның қайдан пайда болғанын түсінген жоқпын. Шынымды айтсам, уайымдап кеттім. Мұрны да ісе бастады. Мен оның қалай, қайдан шыққанын және неге әкеп соғуы мүмкін екенін білгім келді. Көріпкел маған "бәрі жақсы болады, кешке дейін ұйқысы қанады, ішімдік ішкен, шаршаған" деді", - дейді Бишімбаев.
Естеріңізге сала кетейік, экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айыппен сотқа тартылып жатыр. Сот алқабилердің қатысуымен өтуде.
Жаңалықтар
0