Бишімбаевтың соты онлайн көрсетіледі

© Sputnik / Болат ШайхиновКуандык Бишимбаев приговорен к 10 годам колонии
Куандык Бишимбаев приговорен к 10 годам колонии   - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2024
Жазылу
Қуандық Бишімбаевқа қатысты басты сот отырысы 27 наурыз сағат 10:00-ге белгіленді
АЛМАТЫ, 26 наурыз - Sputnik. Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың соты онлайн-трансляция арқылы көрсетіледі. Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі хабарлайды.
"Бишімбаевқа қатысты сот процесіне қоғамның жоғары қызығушылығын ескере отырып, осы іс бойынша ашық сот отырыстарының онлайн трансляциясын ұйымдастыру туралы шешім қабылданды", - делінген хабарламада.
Ашық режимдегі сот отырыстары алқабилерді іріктеуден кейін өтеді.
Қуандық Бишімбаевқа қатысты басты сот отырысы 27 наурыз сағат 10:00-ге белгіленді.
Қуандық Бишімбаев алдын ала сот тыңдауында өзіне тағылған айыптарды мойындамады.
Салтанат Нүкенованың өлімі
Өткен жылдың 9 қарашасында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың елордадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтіргені туралы хабар қоғамды дүр сілкіндірген еді.
Кейбір БАҚ беттерінде Бишімбаевтың қатты мас болғаны, тіпті есірткіге мас болғаны туралы хабарланды. Полиция марқұмның жедел жәрдем келгенше қайтыс болғанын айтты.
ІІМ сол күні мейрамханадағы жанжалдың салдарынан алған дене жарақаттарынан бір әйелдің қайтыс болғанын растаған еді. Алайда оқиғаға қатысты қандай да бір ақпарат берген жоқ: зардап шегушінің атын атаған жоқ.
Кейіннен ішкі істер министрлігі Астана мейрамханасындағы кісі өлімі бойынша Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын растады.
Тергеу барысында оқиға болған "Bau" мейрамханасы орналасқан Гастро орталық директоры қылмысты жасырды деген күдікке ілініп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Суд, правосудие - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2024
Қоғам
Бишімбаев соты: алқабилер қалай іріктеледі
Жаңалықтар
0