Бишімбаев өзіне тағылған айыптарды мойындамады

© Sputnik / Болат ШайхиновПредварительные слушания по делу Куандыка Бишимбаева
Предварительные слушания по делу Куандыка Бишимбаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2024
Жазылу
Бишімбаев сот БАҚ өкілдерінің қатысуымен ашық өтуін сұрады
АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Қуандық Бишімбаев алдын ала сот тыңдауында өзіне тағылған айыптарды мойындамады.

"Айып түсінікті. Кінәмды мойындамаймын", - деді ол.

Бишімбаев іс алқабилердің қатысуымен қаралуын және сот БАҚ өкілдерінің қатысуымен ашық өтуін сұрады.
Күдікті Қуандық Бишімбаевқа ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы бойынша адам өлтіру, қасақана, аса қатыгездікпен адам өлтіру, Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша материалдық жағынан тәуелдi адамды жүйелі түрде ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттері арқылы физикалық және психикалық қинау фактісі бойынша айып тағылып отыр.
Ол азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен 9 қарашада ұсталды.
Астанада өтіп жатқан алдын ала сот тыңдауында мемлекеттік айыптаушы Нүкенова мен Бишімбаевтың арасындағы қарым-қатысқа қатысты бірқатар мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, Бишімбаев әйелін интимдік видео түсіруге мәжбүрлеп, бопсалаған.
Салтанат Нүкенованың өлімі
Өткен жылдың 9 қарашасында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың елордадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтіргені туралы хабар қоғамды дүр сілкіндірген еді.
Кейбір БАҚ беттерінде Бишімбаевтың қатты мас болғаны, тіпті есірткіге мас болғаны туралы хабарланды. Полиция марқұмның жедел жәрдем келгенше қайтыс болғанын айтты.
ІІМ сол күні мейрамханадағы жанжалдың салдарынан алған дене жарақаттарынан бір әйелдің қайтыс болғанын растаған еді. Алайда оқиғаға қатысты қандай да бір ақпарат берген жоқ: зардап шегушінің атын атаған жоқ.
Кейіннен ішкі істер министрлігі Астана мейрамханасындағы кісі өлімі бойынша Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын растады.
Тергеу барысында оқиға болған "Bau" мейрамханасы орналасқан Гастро орталық директоры қылмысты жасырды деген күдікке ілініп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Министр нацэкономики РК Куандык Бишимбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.11.2023
Бишімбаев неліктен мерзімінен бұрын бостандыққа шықты
Жаңалықтар
0