https://sputnik.kz/20240311/bishimbaev-pen-nukenova-zandy-nekede-bolmagan-42801442.html
Бишімбаев пен Нүкенова заңды некеде болмаған: прокурор бірқатар мәлімдеме жасады
Бишімбаев пен Нүкенова заңды некеде болмаған: прокурор бірқатар мәлімдеме жасады
Sputnik Қазақстан
Бишімбаев Нүкенованы интимдік видеоға түсуге мәжбүрлеген. Кейін бопсаламақ болған 11.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-11T16:00+0500
2024-03-11T16:00+0500
2024-03-11T16:53+0500
қуандық бишімбаев
сот
https://sputnik.kz/img/491/14/4911465_0:0:2016:1134_1920x0_80_0_0_afb2aa08f2f2f34c7e319e46cf39bb60.jpg
АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы өтіп жатыр.Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікке ілінген экс-ұлттық экономика миниситріне Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлігінің 6-тармағы – адам өлтіру, қасақана аса қатыгездікпен адам өлтіру (15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру), Қылмыстық кодекстің 110-бабы, 2-бөлігінің 1-тармағы – адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi не кiнәлi адамға материалдық немесе өзгедей тәуелдi адамды қинау (4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немес осы мерзімге бас бостандығынан айыру) бойынша айып тағылып отыр.Сотта ол өзінің отбасылық жағдайы деген сұраққа "қазіргі уақытта бойдақпын" деп жауап берді.Прокурор жасаған мәлімдемеге сәйкес, ол Салтанат Нүкеновамен заңды некеге тұрмаған. Сонымен қатар прокурордың мәлімдемесінен Бишімбаевтың азаматтық некедеге әйелінің барлық телефон қоңырауын бақылап, оған жұмыс істеуге тыйым салған. Қаржы жағынан өзінен толықтай тәуелді еткен, жүйелі түрде зорлық-зомбылық көрсеткен. 2023 жылдың наурыз айында Бишімбаев Астанада Нүкенованы ұрған. Бишімбаев Нүкенованы интимдік видеоға түсуге мәжбүрлеген. Кейін бопсаламақ болған. Прокурордың айтуынша, Бишімбаев қол көтергенін Салтанат өзінің туыстарына айтқан. Мұны білген соң Бишімбаев та компромат керек деп шешіп, Нүкенованы видеоға түсуге мәжбүрлеген.Салтанат Нүкенованың өліміӨткен жылдың 9 қарашасында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың елордадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтіргені туралы хабар қоғамды дүр сілкіндірген еді.Кейбір БАҚ беттерінде Бишімбаевтың қатты мас болғаны, тіпті есірткіге мас болғаны туралы хабарланды. Полиция марқұмның жедел жәрдем келгенше қайтыс болғанын айтты.ІІМ сол күні мейрамханадағы жанжалдың салдарынан алған дене жарақаттарынан бір әйелдің қайтыс болғанын растаған еді. Алайда оқиғаға қатысты қандай да бір ақпарат берген жоқ: зардап шегушінің атын атаған жоқ.Кейіннен ішкі істер министрлігі Астана мейрамханасындағы кісі өлімі бойынша Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын растады.Тергеу барысында оқиға болған "Bau" мейрамханасы орналасқан Гастро орталық директоры қылмысты жасырды деген күдікке ілініп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/491/14/4911465_135:0:2016:1411_1920x0_80_0_0_77f1c04f023a333aae33c2058773c548.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қуандық бишімбаев, сот
Бишімбаев пен Нүкенова заңды некеде болмаған: прокурор бірқатар мәлімдеме жасады
16:00 11.03.2024 (жаңартылды: 16:53 11.03.2024) Бишімбаев Нүкенованы интимдік видеоға түсуге мәжбүрлеген. Кейін бопсаламақ болған
АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы өтіп жатыр.
Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікке ілінген экс-ұлттық экономика миниситріне Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлігінің 6-тармағы – адам өлтіру, қасақана аса қатыгездікпен адам өлтіру (15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру), Қылмыстық кодекстің 110-бабы, 2-бөлігінің 1-тармағы – адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi не кiнәлi адамға материалдық немесе өзгедей тәуелдi адамды қинау (4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немес осы мерзімге бас бостандығынан айыру) бойынша айып тағылып отыр.
Сотта ол өзінің отбасылық жағдайы деген сұраққа "қазіргі уақытта бойдақпын" деп жауап берді.
Прокурор жасаған мәлімдемеге сәйкес, ол Салтанат Нүкеновамен заңды некеге тұрмаған.
Сонымен қатар прокурордың мәлімдемесінен Бишімбаевтың азаматтық некедеге әйелінің барлық телефон қоңырауын бақылап, оған жұмыс істеуге тыйым салған. Қаржы жағынан өзінен толықтай тәуелді еткен, жүйелі түрде зорлық-зомбылық көрсеткен. 2023 жылдың наурыз айында Бишімбаев Астанада Нүкенованы ұрған.
Бишімбаев Нүкенованы интимдік видеоға түсуге мәжбүрлеген. Кейін бопсаламақ болған. Прокурордың айтуынша, Бишімбаев қол көтергенін Салтанат өзінің туыстарына айтқан. Мұны білген соң Бишімбаев та компромат керек деп шешіп, Нүкенованы видеоға түсуге мәжбүрлеген.
Салтанат Нүкенованың өлімі
Өткен жылдың 9 қарашасында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың елордадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтіргені туралы хабар қоғамды дүр сілкіндірген еді.
Кейбір БАҚ беттерінде Бишімбаевтың қатты мас болғаны, тіпті есірткіге мас болғаны туралы хабарланды. Полиция марқұмның жедел жәрдем келгенше қайтыс болғанын айтты.
ІІМ сол күні мейрамханадағы жанжалдың салдарынан алған дене жарақаттарынан бір әйелдің қайтыс болғанын растаған еді. Алайда оқиғаға қатысты қандай да бір ақпарат берген жоқ: зардап шегушінің атын атаған жоқ.
Кейіннен ішкі істер министрлігі Астана мейрамханасындағы кісі өлімі бойынша Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын растады.
Тергеу барысында оқиға болған "Bau" мейрамханасы орналасқан Гастро орталық директоры қылмысты жасырды деген күдікке ілініп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.