https://sputnik.kz/20231110/bishimbaev-nelikten-merziminen-buryn-bostandyqqa-shyqty--sot-tusindirdi-40083304.html
Бишімбаев неліктен мерзімінен бұрын бостандыққа шықты
Бишімбаев неліктен мерзімінен бұрын бостандыққа шықты
Sputnik Қазақстан
Бишімбаев 2019 жылдың 11 қазанында бостандыққа шыққан болатын, жаза мерзімі 2021 жылдың 9 қаңтарында аяқталды 10.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-10T14:37+0500
2023-11-10T14:37+0500
2023-11-10T20:28+0500
қуандық бишімбаев
https://sputnik.kz/img/18/26/182678_0:65:1100:684_1920x0_80_0_0_9c3393e112987e6c274e800f0ad1fedc.jpg
АСТАНА, 10 қараша – Sputnik. Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың жазасын толық өтемеу себебі айтылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Шымкент қалалық соттарының әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының 2018 жылғы 14 наурыздағы үкімімен Бишімбаев 10 жылға бас бостандығынан және мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды (Қылмыстық кодекстің 366-бабының 4-бөлігі, 28-бабының 3-бөлігі-189-бабының 4-бөлігі 2-тармағы, 58-бабы 3-бөлігі бойынша).Бишімбаев 2017 жылғы 10 қаңтарда уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды және жазасын өтеу сол кезден бастап есептелді. Сотталушы өз кінәсін мойындады.Президенттің 2019 жылғы 13 ақпандағы жарлығымен Бишімбаевқа кешірім берілді, оған тағайындалған жаза мерзімі 10 жылдан 4 жылға дейін қысқартылды.Содан соң Бишімбаев сотқа 1 жыл 3 ай 13 күн қалған өтелмеген жаза мерзіміне жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш жолдады.Бишімбаев 2019 жылдың 11 қазанында бостандыққа шықты. Жаза мерзімі 2021 жылдың 9 қаңтарында аяқталды.Кеше бірқатар БАҚ елордадағы мейрамханалардың бірінде экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әйелі көз жұмғанын хабарлады. Астана полициясы марқұм соққыға жығылғанын және алған жарақатынан қаза болғанын растады. Күдікті ұсталған, бірақ тәртіп сақшылары оның есімін атамады.Ал бүгін ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов Астанада әйелін соққыға жығып, өлтірген бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын растады.Айта кетейік, Бишімбаев 2018 жылы пара алғаны және ақша жымқырғаны үшін 10 жылға сотталған болатын, алайда бір жылдан кейін шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды.
https://sputnik.kz/20231109/ayelin-oltirdi-degen-kudikpen-quandyq-beshimbaev-ustaldy---baq-40069747.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/18/26/182678_120:0:1100:735_1920x0_80_0_0_a5a45618411809d58dc1c30ab760fa3c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қуандық бишімбаев
Бишімбаев неліктен мерзімінен бұрын бостандыққа шықты
14:37 10.11.2023 (жаңартылды: 20:28 10.11.2023) Бишімбаев 2019 жылдың 11 қазанында бостандыққа шыққан болатын, жаза мерзімі 2021 жылдың 9 қаңтарында аяқталды
АСТАНА, 10 қараша – Sputnik. Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың жазасын толық өтемеу себебі айтылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан Шымкент қалалық соттарының әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының 2018 жылғы 14 наурыздағы үкімімен Бишімбаев 10 жылға бас бостандығынан және мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды (Қылмыстық кодекстің 366-бабының 4-бөлігі, 28-бабының 3-бөлігі-189-бабының 4-бөлігі 2-тармағы, 58-бабы 3-бөлігі бойынша).
Бишімбаев 2017 жылғы 10 қаңтарда уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды және жазасын өтеу сол кезден бастап есептелді. Сотталушы өз кінәсін мойындады.
Президенттің 2019 жылғы 13 ақпандағы жарлығымен Бишімбаевқа кешірім берілді, оған тағайындалған жаза мерзімі 10 жылдан 4 жылға дейін қысқартылды.
Содан соң Бишімбаев сотқа 1 жыл 3 ай 13 күн қалған өтелмеген жаза мерзіміне жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш жолдады.
"Оның шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы заңның талаптарын толық қанағаттандырды. Ол 2/3 мерзім қызмет етті, мекеме әкімшілігі оң сипаттама берді, тәртіп бұзған жоқ. Сондай-ақ, 1,5 млн теңгеден астам көлемде іс жүргізу шығындарын өтеді. Сондықтан Шымкент қаласы Абай аудандық сотының 2019 жылғы 25 қыркүйектегі қаулысымен Бишімбаевтың өтініші қанағаттандырылды", - делінген сот хабарламасында.
Бишімбаев 2019 жылдың 11 қазанында бостандыққа шықты. Жаза мерзімі 2021 жылдың 9 қаңтарында аяқталды.
Кеше бірқатар БАҚ елордадағы мейрамханалардың бірінде экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әйелі көз жұмғанын хабарлады. Астана полициясы марқұм соққыға жығылғанын және алған жарақатынан қаза болғанын растады. Күдікті ұсталған, бірақ тәртіп сақшылары оның есімін атамады.
Ал бүгін ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов Астанада әйелін соққыға жығып, өлтірген бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын растады.
Айта кетейік, Бишімбаев 2018 жылы пара алғаны және ақша жымқырғаны үшін 10 жылға сотталған болатын, алайда бір жылдан кейін шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды.