Әйелін өлтірді деген күдікпен Қуандық Бишімбаев ұсталды - БАҚ

© Sputnik / Болат ШайхиновКуандык Бишимбаев приговорен к 10 годам колонии
Куандык Бишимбаев приговорен к 10 годам колонии   - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.11.2023
Жазылу
Ішкі істер министрлігі Астанадағы мейрамханалардың біріндегі жанжал болғанын растады, бірақ күдікті мен марқұмның аты-жөнін атамады
АСТАНА, 9 қараша - Sputnik. Қазақстандық БАҚ-та бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев өзінің әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғаны туралы жазылып жатыр.
Дереккөздерде бұрын жемқорлық үшін сотталған Қуандық Бешімбаев қаладағы мейрамханалардың бірінде әйелін мас күйінде ұрғаны туралы жазылған. Бишімбаевтың әйелі жедел жәрдем көлігі жеткенше қайтыс болған.
ІІМ мейрамханада жанжал болып, салдарынан бір әйелдің көз жұмғанын растады. Алайда осы оқиғаға қатысты не күдіктінің не көз жұмған адамның аты-жөнін атамады.

"Астана ПД жедел басқару орталығына қала мейрамханаларының бірінде келушілер арасында жанжал болып, салдарынан бір әйел дене жарақатынан қайтыс болғаны туралы хабар келіп түсті. Күдікті ұсталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиға орнында Есіл ауданының полиция басқармасы және жедел-тергеу топтары жұмыс істеп жатыр. Тергеу жүргізілуде. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес осы қылмыстық іс бойынша өзге де мәліметтерді ұсынылмайды", - делінген полиция хабарламасында.

Бишімбаевтың ісі

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев 2017 жылдың қаңтарында жемқорлық қылмысы үшін ұсталды.
2018 жылы наурыз айында экс-министр 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Тергеу материалдарына сәйкес, Бишімбаев Қызылорда қаласындағы шыны зауытының құрылысына жауапты болған. Сол кезде оның інісі Сұлтан Нұрлыбек 2 миллион доллар көлеміндегі пара алуға делдалдық жасаған.
Соттың шешімі бойынша Бишімбаев мемлекеттік қызметте басшылық қызмет атқара алмайды. Өткен жылы мамыр айында аппеляциялық сот оның үкімін өзгеріссіз қалдырған болатын. Кейін оны Шымкент қаласындағы колонияға ауыстырды.
Экс-министр ұсталған сәттен бастап 2 жыл және 9 айын темір тордың ар жағында өткізді.
Жаңалықтар
0