https://sputnik.kz/20240130/tauekel-khan-turaly-ne-bilemiz-42135502.html
Тәуекел хан туралы не білеміз
Тәуекел хан туралы не білеміз
Sputnik Қазақстан
Тәуекел хан – Шығай ханның он шақты ұлының ішіндегі үшіншісі. Оның есімі алғаш рет жазба деректерде XVI ғасырдың 80-жылдары болған оқиғаларға қатысты айтылады.
2024-01-30T16:05+0500
2024-01-30T16:05+0500
2024-02-07T16:05+0500
тәуекел хан
дерекқор
https://sputnik.kz/img/07e6/02/0f/22805355_0:267:2689:1780_1920x0_80_0_0_8bc8d77dc81a29cc3aba7afe8d52cd7a.jpg
Қазақтың оныншы ханы - Тәуекел хан өзіне дейінгі билеушілердің қазақ жерлерін біріктіру жолында жүргізген саясатын одан әрі жалғастырып, өзінен кейін тақ мұрагері болған туған інісі Есім ханға Қазақ елінің үлкен аймағын мұраға қалдырды. Қазақ халқының этностық қалыптасу үдерісін соңына дейін жеткізді. Sputnik Қазақстан Тәуекел хан туралы қызықты деректерді ұсынады.Хақназар хан үшін кек алдыТәуекел хан – Шығай ханның он шақты ұлының ішіндегі үшіншісі. Оның есімі алғаш рет жазба деректерде XVI ғасырдың 80-жылдары болған оқиғаларға қатысты айтылады. 1581 жылы Тәуекелдің әкесі - Шығай хан Мауереннахр билеушісі шайбанилық II Абдаллах ханның сарайына ұлдарымен бірге барды. "Шараф-наме-йи шахи" авторы Хафиз Таныш Шығай ханның жанында ұлдары болғанын жазып, тек Тәуекел сұлтанның есімін атайды.1581 жылы II Абдаллах хан өзінің басты қарсыласы Баба сұлтанға бағытталған жорығына Шығай хан мен оның ұлдарын қатыстырады. Осы жорықтан кейін әскербасыларын өз уәлаяттарына қайтарады да, Шығай ханға Ходжентке оралуына рұқсат береді. Ал Тәуекел сұлтанды өзінің ең сенімді адамдарымен бірге Бұхараға ертіп кетеді.Келесі жылы II Абдаллах хан Баба сұлтанға қарсы кезекті жорығын бастайды. Оған тағы Шығай хан және оның ұлдары қатысады. Шайбанилық билеуші оң қанаттағы әскердің алдыңғы тобына Шығай ханды, қазақ сұлтандарын және Тәуекел сұлтанды бұйрықпен бекітеді. Жорық кезінде II Абдаллах хан әскерінің бір тобы қарсыласының соңына түсіп, Сауық өзені (Торғай өзенінің бұрынғы атауы - Sputnik) бойында ұрысқа түседі. Баба сұлтан әскері қатты табандылық көрсетсе де, ұрыс барысын Тәуекел сұлтан басқарған әскер тобы шешеді. Баба сұлтан маңғыттарға қарай қашуға мәжбүр болады.Тәуекел сұлтан Созақ пен Сауран арасында Баба сұлтанның туған бауыры Тахир сұлтанды тұтқынға алды. Осы ерлігі үшін II Абдаллах хан қазақ сұлтанына өте риза болып, алтын жіптермен тігілген халат, бөрік және қымбат тастармен өрнектелген белдікті сыйға тартады. Ал маңғыт еліне бас сауғалап барған Баба сұлтан жанындағы адамдардың кеңесіне құлақ асып, маңғыт билері мен мырзаларын қастандықпен өлтіріп, маңғыт елінің билігін тартып алуды ойластырады. Бірақ оның бұл ойын сенімді адамдар маңғыт билеушілеріне хабарлап қояды. Содан маңғыттардан қауіптенген Баба сұлтан қайтадан Түркістан уәлаяты жаққа қарай қашады. Тәуекел сұлтан оны біліп қойып, қашқындардың соңынан қуады. Олар қашып құтыла алмасын білген соң, аттарын кері бұрып, садақпен атыса бастайды. Сол кезде садақ оғы тиген Баба сұлтан атынан құлап түседі.Тәуекел сұлтанның бұйрығымен жауларының басы кесіліп, 1582 жылдың 7 тамызы күні II Абдаллах ханның аяғының астына тасталады. Сұлтанның ерлігіне әбден риза болған Мауереннахр билеушісі мол сый-сияпаттар беріп, Соғды мен Самарқанд аралығында орналасқан Африкент уәлаятын сыйға тартады.Тәуекелдің Баба сұлтанға және оның жанындағы адамдарына қарсы жан аямай күресуінің өзіндік себебі де болған. Ол Хақназар хан, Жалым сұлтан және олардың ұлдарының өлімі үшін "қанға қан" деген қағидаға сай кек қайтаруды көздеді.Сұлтан Дешті Қыпшаққа оралдыТәуекел сұлтан II Абдаллах ханның жанында тағы да бір жылдай жүреді. 1583 жылғы Андижан мен Ферғана аймақтарына жасаған жорығына да қатысады. Ал қайтар жолда II Абдаллах хан тарапынан өзіне деген сенімсіздіктің пайда болғанын байқайды. Оның да өзіндік себептері болды.Сол жылы Абдаллахтың әкесі Ескендір хан қайтыс болды. Абдаллах өзін заңсыз хан деп жариялайды. Таққа үміткер шайбанилықтардың көбісі күрес барысында қаза табады. Тәуекел сұлтан да Шыңғыс ұрпағы болғандықтан Абдаллах одан да қауіптене бастады. Оны сезген Тәуекел көп ұзамай, Дешті Қыпшаққа кетіп қалады.Тәуекел сұлтанның Дешті Қыпшақ аумағына келгеннен кейінгі алғашғы үш жылы ешбір жазба деректерде айтылмайды. Дегенмен Шығай хан ұлдары ішінде, тіпті сол жылдардағы Жәнібек хан әулеті ішінде ең беделді тұлғалардың бірі болды. Ортағасырлық тарихшы Ескендір Муншидің Тәуекел сұлтанды "хан атағын өзіне алып алған" деп жазған. Тарихшылардың ойынша, бас кезінде оны шығайлық сұлтандар мен жақтастары ғана хан деп мойындаған. Осыдан Тәуекелдің өміріндегі хандық кезең басталады.Ташкентке жасалған алғашқы жорықТәуекел хан Дешті Қыпшақта жүрсе де, Мауереннахрдағы жағдайды жіті бақылап отырады. Бұхара билеушісінің қатты күшеюі өзіне қауіпті екенін білді.1586 жылы Тәуекел хан II Абдаллахтың оңтүстік өңірлерде жүргенін пайдаланып, Бұхара билеушісінің солтүстіктегі шекарасына жақындап барады. Түркістанды, Ташкентті, тіпті, Самарқанды басып алуға ниеті бар екенін ашық көрсетеді. Ал ташкенттіктер азғантай ғана әскерімен қазақтарға қарсы шығады. Сол кезде қазақ әскерлері қарсыласын тас-талқан етіп жеңеді. Бұл хабар тез арада Самарқанға жетеді. Ондағы II Абдаллах ханның бауыры Ибадулла сұлтан бүкіл аймақтан әскер жиып, шұғыл түрде Ташкент маңына келеді. Ал Тәуекел хан ашық ұрысқа шықпай, далалы аймаққа шегініп кетеді. Осы жорығы оған ешқандай нәтиже әкелмесе де, бұл әрекетімен ресми қазақ ханы ретінде Сыр бойындағы қалалар мен Ташкент өңіріне өзінің мүддесі бар екенін ашық көрсетті.Ташкентке жасаған сәтсіз жорығынан кейін Тәуекел хан Бұхара билеушісімен қарым-қатынасында уақытша бейтарап болады. Тіпті, 1588 жылғы II Абдаллах ханға қарсы Ташкент аймағындағы жергілікті билер мен бектердің үш айға созылған көтерілісіне қатыспайды. Өйткені бүкіл Мауереннахр мен Хорасан аймағының экономикалық қуатына сүйенген шайбанилық билеушінің саяси-әскери күші мықты болды. Тәуекел хан Мауереннахр билеушісімен ашық күреске барудан бас тартып, басқа көршілес елдермен қарым-қатынасын бейбіт түрде, бірақ белсенді жүргізе бастайды.Ташкент көтерілісі1588 жылғы көтеріліс сол кездегі қазақ халқы тарихындағы маңызды оқиғалардың қатарына жатады. Ол жөнінде Хафиз Тыныштың "Шараф-наме – ий шахи" және Мукимидің "Зафар - наме" еңбектерінде қызықты мәліметтер бар. Көтеріліс кезінде қазақ сұлтандары Сауран билеушісі Ишанкелді аутаршы мен Наурыз би құсшының өздеріне қаскүнемдік жасауға дайындалып жатқанын біліп, өзбек әскеріне қарсы аттанды. Алайда бұл күресте Ишанкелді би жеңіп, қазақ сұлтандары мен бүлікші әмірлері жеңіліс тапты. Осылайша, үш айға созылған әскери бүлік сипатындағы көтеріліс аяқталды. Оған бүлікші әмірлермен және қазақ сұлтандарымен қатар көшпелі тайпалар да қатысты. Бұның бәрі 1598-1599 жылдардағы оқиғалардың, атап айтқанда, Шайбани әулетін Аштархани әулетінің алмастыруы сияқты елеулі оқиғаның алғышарты болды. Абдаллахқа қарсы шыққан Тәуекел бұл көтеріліске қатысқан жоқ. Ол қазақ сұлтандары жеңген жағдайда өзіне айтарлықтай пайда тигізетінін білді. Бірақ күреске қосылмады.Орыс мемлекетіне елшілік жіберілдіТәуекел хан Мауереннахрдың өте қуатты билеушісі II Абдаллах ханға қарсы күресу үшін қуаты жағынан одан кем емес әскери одақтас қажет екенін білді. Оның шебер дипломатиялық өнері осы тұста тағы да байқалды. Тәуекел хан Мәскеуге елшілік жіберуге шешім қабылдайды. Ол кезде Орыс мемлекетінің шекарасы Қазақ хандығымен түйісе бастаған еді.1594 жылы Құл-Мұхаммед би бастаған елшілік Мәскеуге барды. Елшіліктің алдына бірнеше мақсат қойылды. Олар:• II Абдаллах ханға қарсы күресу үшін Орыс мемлекетімен әскери одақ құру;• Тәуекел ханның немере інісі, Ондан сұлтанның ұлы Ораз-Мұхаммедті Мәскеудегі тұтқыннан қайтару;• Орыс патшасынан Бұхараға қарсы күресу үшін "от шашатын қару" алу;Мәскеуге барған Құл-Мұхаммед би Орыс еліне Ираннан елшілік келіп жатқанынан естіп, Бұхара ханына қарсы бірігіп күресу үшін қызылбас елінің елшісімен кездесуге тырысады. Одан кейін орыс патшасының рұқсатымен Иран елшісімен кездеседі. Қазақ елшісі Мауереннахрдағы шайбанилық әулеттің билігіне қарсы қазақ-иран одағын құру мәселесін көтеріп, оны нақтылау үшін қазақ елшілігінен бір адамды Иран елшілігіне қосып, ал Мәскеуде жүрген Иран елшілігінің бір адамын қазақ елшілігімен бірге Тәуекел ханға жіберу туралы ұсыныс жасайды.1595 жылдың наурыз айында Тәуекел ханға орыс мемлекетінен Вельямин Степанов бастаған елшілік жіберіледі. Орыс елшілігінің құрамында Иран елшілігінің Дервиш Мұхаммед есімді бір өкілі де болды. Сол жылдың мамыр айының соңғы күні Қазақ ордасына жеткен орыс елшілігі 60 күн қазақтар арасында болып, шілденің соңғы күні кері қайтады. Қыркүйектің соңына таман елшілік Мәскеуге жетеді. Степановтың баяндамасында оның қандай маршрутпен Қазақ еліне келгендігі, қандай қиыншылықтарды басынан өткергені, Тәуекел ханның оны қалай қабылдағаны, патша грамотасын қалай тапсырғаны және тағы басқа елшіліктің жайттары айтылады.XVI ғасырдың 90-шы жылдардың басында Тәуекел ханның сыртқы саясаттағы белсенділігі арта түседі. Қашғарияның ішкі саяси істеріне де араласады. Ол жақта Абд ар-Рашид хан қайтыс болғаннан кейін оның ұлдары арасында билік үшін талас-тартыс басталады. Олар көршілес елдердің билеушілеріне де арқа сүйейді. Кейбіреулері Тәуекел ханнан көмек сұраған. Қазақтың ханы ол жақтағы ықпалын кеңейту үшін көмегін аямайды.Тарихшы Шах Махмуд Чорас 1580-жылдардың соңында Абд ар-Рашид ханның Құрайыш сұлтаннан туған ұлы Хұдабанда сұлтанның Тәуекел ханның көмегімен Тұрфан мен Чалыш қалаларындағы билікті басып алғандығын баяндайды.Бұдан бөлек, Тәуекел хан ойраттарды жеңіп қана қоймай, олардың жекелеген тайпаларына өз билігін мойындатады. Бұл туралы 1594 жылдың қаңтар айында Мәскеуге келген Тәуекел ханның елшісі Құл-Мұхаммед пен Ораз-Мұхаммед сұлтанның арасында болған әңгіменің жазбасында айтылады. Онда Ораз-Мұхаммед сұлтанның өзінің жақын туыстарының жағдайы мен қазақ елінің көршілерімен қарым-қатынасы туралы қойған сұрақтарына елші былай деп жауап қайтарады: "...Қазір сенің көкең Тәуекел хан Қазақ Ордасында хан болып отыр, өзінің інісі Шах-Мұхаммед сұлтанды қалмақтарға отырғызды, олар бір-біріне жақын жерде көшіп-қонып жүр және бәрі ынтымақта. Ал Бұхара патшасымен уақытша бейбіт өмір сүруде, ноғайлармен де, алтыұлдықтармен де бейбіт жағдайда, Дін-Ахмет ұрпақтарымен және Орыс ұрпақтарымен – бірде олай, бірде бұлай өмір сүріп жатыр".Соған қарағанда Қазақ елінің шекарасы батыста Жем мен Жайық өзендері аралығындағы ноғайлармен, шығыста ойрат тайпаларының жайылымдарымен түйісіп жатқан.Тәуекел хан қалай қайтыс болды1598 жылы Тәуекел Шайбани ұрпақтарының мемлекетіне жаңа шапқыншылық жасайды. Абдаллах хан Тәуекелді өзіне лайықты қарсылас деп санамай, оған қарсы шекаралас өңірлерден сұлтандар, әмірлер мен өз әскерінің бір бөлігін жібереді. Ташкент пен Самарқанд арасындағы бір жерде шайқас болды. Сол кезде Абдаллах әскері оңдай жеңілді. Сөйтіп Тәуекел аз уақыт ішінде Түркістанды, Ташкентті, Ферғананы алды.1598 жылы наурызда Абдолла хан қайтыс болды. Оның орнына Абдылһұмин хан отырды. Иран шахы Аббас оған қарсы шығуға шешім қабылдайды. Осыны пайдаланған Тәуекел хан шапқыншылық соғыс қозғап, жүз мыңнан астам қазақ әскерімен Мауараннахрға басып кіріп, Ахси, Әндижан, Ташкент, Самарқанд қалаларын басып алды.Тәуекел хан өзінің туысы Есім сұлтанды 20 мыңдай әскермен Самарқанда қалдырып, өзі 70-80 мың әскерімен Бұхараны алуға аттанады. Қазақ әскерлері Бұхараны 20 күн қоршады. Қала бекінісі түбіндегі бір шайқаста Тәуекел хан ауыр жараланып, Ташкентке қайтар жолды қайтыс болды.
https://sputnik.kz/20240116/khaqnazar-khan-turaly-ne-bilemiz-41766154.html
https://sputnik.kz/20231129/qasym-khan-turaly-qyzyqty-derekter-40650032.html
https://sputnik.kz/20231017/kishi-zhuzdin-khany-abilqayyr-khan-turaly-qyzyqty-derekter-39749916.html
https://sputnik.kz/20231011/qazaqtyn-ekinshi-khany-zhanibek-khan-turaly-ne-bilemiz--39488491.html
https://sputnik.kz/20230613/abylay-khan-turaly-qyzyqty-derekter-35871165.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/0f/22805355_0:15:2689:2032_1920x0_80_0_0_779dd16f3b1271cfd87c29b14217d17c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тәуекел хан қазақ хандығы
тәуекел хан қазақ хандығы
Қазақтың оныншы ханы - Тәуекел хан өзіне дейінгі билеушілердің қазақ жерлерін біріктіру жолында жүргізген саясатын одан әрі жалғастырып, өзінен кейін тақ мұрагері болған туған інісі Есім ханға Қазақ елінің үлкен аймағын мұраға қалдырды. Қазақ халқының этностық қалыптасу үдерісін соңына дейін жеткізді.
Sputnik Қазақстан Тәуекел хан туралы қызықты деректерді ұсынады.
Хақназар хан үшін кек алды
Тәуекел хан – Шығай ханның он шақты ұлының ішіндегі үшіншісі. Оның есімі алғаш рет жазба деректерде XVI ғасырдың 80-жылдары болған оқиғаларға қатысты айтылады. 1581 жылы Тәуекелдің әкесі - Шығай хан Мауереннахр билеушісі шайбанилық II Абдаллах ханның сарайына ұлдарымен бірге барды. "Шараф-наме-йи шахи" авторы Хафиз Таныш Шығай ханның жанында ұлдары болғанын жазып, тек Тәуекел сұлтанның есімін атайды.
1581 жылы II Абдаллах хан өзінің басты қарсыласы Баба сұлтанға бағытталған жорығына Шығай хан мен оның ұлдарын қатыстырады. Осы жорықтан кейін әскербасыларын өз уәлаяттарына қайтарады да, Шығай ханға Ходжентке оралуына рұқсат береді. Ал Тәуекел сұлтанды өзінің ең сенімді адамдарымен бірге Бұхараға ертіп кетеді.
Келесі жылы II Абдаллах хан Баба сұлтанға қарсы кезекті жорығын бастайды. Оған тағы Шығай хан және оның ұлдары қатысады. Шайбанилық билеуші оң қанаттағы әскердің алдыңғы тобына Шығай ханды, қазақ сұлтандарын және Тәуекел сұлтанды бұйрықпен бекітеді. Жорық кезінде II Абдаллах хан әскерінің бір тобы қарсыласының соңына түсіп, Сауық өзені (Торғай өзенінің бұрынғы атауы - Sputnik) бойында ұрысқа түседі. Баба сұлтан әскері қатты табандылық көрсетсе де, ұрыс барысын Тәуекел сұлтан басқарған әскер тобы шешеді. Баба сұлтан маңғыттарға қарай қашуға мәжбүр болады.
Тәуекел сұлтан Созақ пен Сауран арасында Баба сұлтанның туған бауыры Тахир сұлтанды тұтқынға алды. Осы ерлігі үшін II Абдаллах хан қазақ сұлтанына өте риза болып, алтын жіптермен тігілген халат, бөрік және қымбат тастармен өрнектелген белдікті сыйға тартады. Ал маңғыт еліне бас сауғалап барған Баба сұлтан жанындағы адамдардың кеңесіне құлақ асып, маңғыт билері мен мырзаларын қастандықпен өлтіріп, маңғыт елінің билігін тартып алуды ойластырады. Бірақ оның бұл ойын сенімді адамдар маңғыт билеушілеріне хабарлап қояды. Содан маңғыттардан қауіптенген Баба сұлтан қайтадан Түркістан уәлаяты жаққа қарай қашады. Тәуекел сұлтан оны біліп қойып, қашқындардың соңынан қуады. Олар қашып құтыла алмасын білген соң, аттарын кері бұрып, садақпен атыса бастайды. Сол кезде садақ оғы тиген Баба сұлтан атынан құлап түседі.
Тәуекел сұлтанның бұйрығымен жауларының басы кесіліп, 1582 жылдың 7 тамызы күні II Абдаллах ханның аяғының астына тасталады. Сұлтанның ерлігіне әбден риза болған Мауереннахр билеушісі мол сый-сияпаттар беріп, Соғды мен Самарқанд аралығында орналасқан Африкент уәлаятын сыйға тартады.
Тәуекелдің Баба сұлтанға және оның жанындағы адамдарына қарсы жан аямай күресуінің өзіндік себебі де болған. Ол Хақназар хан, Жалым сұлтан және олардың ұлдарының өлімі үшін "қанға қан" деген қағидаға сай кек қайтаруды көздеді.
Сұлтан Дешті Қыпшаққа оралды
Тәуекел сұлтан II Абдаллах ханның жанында тағы да бір жылдай жүреді. 1583 жылғы Андижан мен Ферғана аймақтарына жасаған жорығына да қатысады. Ал қайтар жолда II Абдаллах хан тарапынан өзіне деген сенімсіздіктің пайда болғанын байқайды. Оның да өзіндік себептері болды.
Сол жылы Абдаллахтың әкесі Ескендір хан қайтыс болды. Абдаллах өзін заңсыз хан деп жариялайды. Таққа үміткер шайбанилықтардың көбісі күрес барысында қаза табады. Тәуекел сұлтан да Шыңғыс ұрпағы болғандықтан Абдаллах одан да қауіптене бастады. Оны сезген Тәуекел көп ұзамай, Дешті Қыпшаққа кетіп қалады.
Тәуекел сұлтанның Дешті Қыпшақ аумағына келгеннен кейінгі алғашғы үш жылы ешбір жазба деректерде айтылмайды. Дегенмен Шығай хан ұлдары ішінде, тіпті сол жылдардағы Жәнібек хан әулеті ішінде ең беделді тұлғалардың бірі болды. Ортағасырлық тарихшы Ескендір Муншидің Тәуекел сұлтанды "хан атағын өзіне алып алған" деп жазған. Тарихшылардың ойынша, бас кезінде оны шығайлық сұлтандар мен жақтастары ғана хан деп мойындаған. Осыдан Тәуекелдің өміріндегі хандық кезең басталады.
Ташкентке жасалған алғашқы жорық
Тәуекел хан Дешті Қыпшақта жүрсе де, Мауереннахрдағы жағдайды жіті бақылап отырады. Бұхара билеушісінің қатты күшеюі өзіне қауіпті екенін білді.
1586 жылы Тәуекел хан II Абдаллахтың оңтүстік өңірлерде жүргенін пайдаланып, Бұхара билеушісінің солтүстіктегі шекарасына жақындап барады. Түркістанды, Ташкентті, тіпті, Самарқанды басып алуға ниеті бар екенін ашық көрсетеді. Ал ташкенттіктер азғантай ғана әскерімен қазақтарға қарсы шығады. Сол кезде қазақ әскерлері қарсыласын тас-талқан етіп жеңеді. Бұл хабар тез арада Самарқанға жетеді. Ондағы II Абдаллах ханның бауыры Ибадулла сұлтан бүкіл аймақтан әскер жиып, шұғыл түрде Ташкент маңына келеді. Ал Тәуекел хан ашық ұрысқа шықпай, далалы аймаққа шегініп кетеді. Осы жорығы оған ешқандай нәтиже әкелмесе де, бұл әрекетімен ресми қазақ ханы ретінде Сыр бойындағы қалалар мен Ташкент өңіріне өзінің мүддесі бар екенін ашық көрсетті.
Ташкентке жасаған сәтсіз жорығынан кейін Тәуекел хан Бұхара билеушісімен қарым-қатынасында уақытша бейтарап болады. Тіпті, 1588 жылғы II Абдаллах ханға қарсы Ташкент аймағындағы жергілікті билер мен бектердің үш айға созылған көтерілісіне қатыспайды. Өйткені бүкіл Мауереннахр мен Хорасан аймағының экономикалық қуатына сүйенген шайбанилық билеушінің саяси-әскери күші мықты болды. Тәуекел хан Мауереннахр билеушісімен ашық күреске барудан бас тартып, басқа көршілес елдермен қарым-қатынасын бейбіт түрде, бірақ белсенді жүргізе бастайды.
1588 жылғы көтеріліс сол кездегі қазақ халқы тарихындағы маңызды оқиғалардың қатарына жатады. Ол жөнінде Хафиз Тыныштың "Шараф-наме – ий шахи" және Мукимидің "Зафар - наме" еңбектерінде қызықты мәліметтер бар. Көтеріліс кезінде қазақ сұлтандары Сауран билеушісі Ишанкелді аутаршы мен Наурыз би құсшының өздеріне қаскүнемдік жасауға дайындалып жатқанын біліп, өзбек әскеріне қарсы аттанды. Алайда бұл күресте Ишанкелді би жеңіп, қазақ сұлтандары мен бүлікші әмірлері жеңіліс тапты. Осылайша, үш айға созылған әскери бүлік сипатындағы көтеріліс аяқталды. Оған бүлікші әмірлермен және қазақ сұлтандарымен қатар көшпелі тайпалар да қатысты. Бұның бәрі 1598-1599 жылдардағы оқиғалардың, атап айтқанда, Шайбани әулетін Аштархани әулетінің алмастыруы сияқты елеулі оқиғаның алғышарты болды. Абдаллахқа қарсы шыққан Тәуекел бұл көтеріліске қатысқан жоқ. Ол қазақ сұлтандары жеңген жағдайда өзіне айтарлықтай пайда тигізетінін білді. Бірақ күреске қосылмады.
Орыс мемлекетіне елшілік жіберілді
Тәуекел хан Мауереннахрдың өте қуатты билеушісі II Абдаллах ханға қарсы күресу үшін қуаты жағынан одан кем емес әскери одақтас қажет екенін білді. Оның шебер дипломатиялық өнері осы тұста тағы да байқалды. Тәуекел хан Мәскеуге елшілік жіберуге шешім қабылдайды. Ол кезде Орыс мемлекетінің шекарасы Қазақ хандығымен түйісе бастаған еді.
1594 жылы Құл-Мұхаммед би бастаған елшілік Мәскеуге барды. Елшіліктің алдына бірнеше мақсат қойылды. Олар:
• II Абдаллах ханға қарсы күресу үшін Орыс мемлекетімен әскери одақ құру;
• Тәуекел ханның немере інісі, Ондан сұлтанның ұлы Ораз-Мұхаммедті Мәскеудегі тұтқыннан қайтару;
• Орыс патшасынан Бұхараға қарсы күресу үшін "от шашатын қару" алу;
Мәскеуге барған Құл-Мұхаммед би Орыс еліне Ираннан елшілік келіп жатқанынан естіп, Бұхара ханына қарсы бірігіп күресу үшін қызылбас елінің елшісімен кездесуге тырысады. Одан кейін орыс патшасының рұқсатымен Иран елшісімен кездеседі. Қазақ елшісі Мауереннахрдағы шайбанилық әулеттің билігіне қарсы қазақ-иран одағын құру мәселесін көтеріп, оны нақтылау үшін қазақ елшілігінен бір адамды Иран елшілігіне қосып, ал Мәскеуде жүрген Иран елшілігінің бір адамын қазақ елшілігімен бірге Тәуекел ханға жіберу туралы ұсыныс жасайды.
1595 жылдың наурыз айында Тәуекел ханға орыс мемлекетінен Вельямин Степанов бастаған елшілік жіберіледі. Орыс елшілігінің құрамында Иран елшілігінің Дервиш Мұхаммед есімді бір өкілі де болды. Сол жылдың мамыр айының соңғы күні Қазақ ордасына жеткен орыс елшілігі 60 күн қазақтар арасында болып, шілденің соңғы күні кері қайтады. Қыркүйектің соңына таман елшілік Мәскеуге жетеді. Степановтың баяндамасында оның қандай маршрутпен Қазақ еліне келгендігі, қандай қиыншылықтарды басынан өткергені, Тәуекел ханның оны қалай қабылдағаны, патша грамотасын қалай тапсырғаны және тағы басқа елшіліктің жайттары айтылады.
XVI ғасырдың 90-шы жылдардың басында Тәуекел ханның сыртқы саясаттағы белсенділігі арта түседі. Қашғарияның ішкі саяси істеріне де араласады. Ол жақта Абд ар-Рашид хан қайтыс болғаннан кейін оның ұлдары арасында билік үшін талас-тартыс басталады. Олар көршілес елдердің билеушілеріне де арқа сүйейді. Кейбіреулері Тәуекел ханнан көмек сұраған. Қазақтың ханы ол жақтағы ықпалын кеңейту үшін көмегін аямайды.
Тарихшы Шах Махмуд Чорас 1580-жылдардың соңында Абд ар-Рашид ханның Құрайыш сұлтаннан туған ұлы Хұдабанда сұлтанның Тәуекел ханның көмегімен Тұрфан мен Чалыш қалаларындағы билікті басып алғандығын баяндайды.
Бұдан бөлек, Тәуекел хан ойраттарды жеңіп қана қоймай, олардың жекелеген тайпаларына өз билігін мойындатады. Бұл туралы 1594 жылдың қаңтар айында Мәскеуге келген Тәуекел ханның елшісі Құл-Мұхаммед пен Ораз-Мұхаммед сұлтанның арасында болған әңгіменің жазбасында айтылады. Онда Ораз-Мұхаммед сұлтанның өзінің жақын туыстарының жағдайы мен қазақ елінің көршілерімен қарым-қатынасы туралы қойған сұрақтарына елші былай деп жауап қайтарады: "...Қазір сенің көкең Тәуекел хан Қазақ Ордасында хан болып отыр, өзінің інісі Шах-Мұхаммед сұлтанды қалмақтарға отырғызды, олар бір-біріне жақын жерде көшіп-қонып жүр және бәрі ынтымақта. Ал Бұхара патшасымен уақытша бейбіт өмір сүруде, ноғайлармен де, алтыұлдықтармен де бейбіт жағдайда, Дін-Ахмет ұрпақтарымен және Орыс ұрпақтарымен – бірде олай, бірде бұлай өмір сүріп жатыр".
Соған қарағанда Қазақ елінің шекарасы батыста Жем мен Жайық өзендері аралығындағы ноғайлармен, шығыста ойрат тайпаларының жайылымдарымен түйісіп жатқан.
Тәуекел хан қалай қайтыс болды
1598 жылы Тәуекел Шайбани ұрпақтарының мемлекетіне жаңа шапқыншылық жасайды. Абдаллах хан Тәуекелді өзіне лайықты қарсылас деп санамай, оған қарсы шекаралас өңірлерден сұлтандар, әмірлер мен өз әскерінің бір бөлігін жібереді. Ташкент пен Самарқанд арасындағы бір жерде шайқас болды. Сол кезде Абдаллах әскері оңдай жеңілді. Сөйтіп Тәуекел аз уақыт ішінде Түркістанды, Ташкентті, Ферғананы алды.
1598 жылы наурызда Абдолла хан қайтыс болды. Оның орнына Абдылһұмин хан отырды. Иран шахы Аббас оған қарсы шығуға шешім қабылдайды. Осыны пайдаланған Тәуекел хан шапқыншылық соғыс қозғап, жүз мыңнан астам қазақ әскерімен Мауараннахрға басып кіріп, Ахси, Әндижан, Ташкент, Самарқанд қалаларын басып алды.
Тәуекел хан өзінің туысы Есім сұлтанды 20 мыңдай әскермен Самарқанда қалдырып, өзі 70-80 мың әскерімен Бұхараны алуға аттанады. Қазақ әскерлері Бұхараны 20 күн қоршады. Қала бекінісі түбіндегі бір шайқаста Тәуекел хан ауыр жараланып, Ташкентке қайтар жолды қайтыс болды.