Дерекқор

Хақназар хан туралы не білу керек

© Photo : kazakhfilmstudios.kzКостюмы для фильма сделаны красиво, но кажутся чересчур бутафорскими
Костюмы для фильма сделаны красиво, но кажутся чересчур бутафорскими - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.01.2024
Жазылу
Хақназар хан тұсында Қазақ хандығы қайта бірікті, мемлекет дами түсті. Хандықтың 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес.
Ол 42 жыл бойы билік етті, аса күрделі сыртқы жағдайларда стратегиялық шешімдер қабылдай білді. Sputnik Қазақстан Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығының тарихына шолу ұсынады.

Қасымның ұлы тарих сахнасына шықты

1523 жылы Қазақ хандығын басқарған Тахир хан ноғайлардан біржола жеңіліп, қазақ даласының батысын тастап кетуге мәжбүр болды. Қазақтың бас ханы оңтүстік-шығысқа кеткен соң, хандық үшке бөлініп, әрбіреуі сыртқы жаулардан өздігімен қорғана бастады. Соның салдарынан XVI ғасырдың 30-жылдарында қазақта бірнеше хан болған. Батыста – Ахмед хан, орталықта – Тоғым хан, ал Жетісу аймағын Тахир хан, одан кейін інісі Бұйдаш басқарды. Бірақ ешкім Қазақ хандығын біріктіре алмады, сыртқы жаулармен соғысып, қаза тапты.
Осы уақытта әкесі Қасым ханның "қасқа жолын" ұстанған Хақназар хан тарих сахнасына шықты. Ол - Қасым ханның Ханық сұлтан ханымнан туған баласы, кіші ұлдарының бірі. Ал әпкесі Бұлдыр ханымды әкесі Ноғай ордасының солтүстік қанатын билеген Шейх Мамайға ұзатқан. Хақназар онымен бірге Ноғай Ордасына барып, солардың арасында ержетті. Осылайша, қазаққа да, ноғайға да жақын хан тұқымына айналды. Ноғайлар оны Хақназар сұлтан десе, қазақтар Ақназар хан дейтін.

Сұлтан хан тағына отырды

Ноғай Ордасында "ноғай" дегені болмаса, ол кезде Алшын тайпасы, Байұлы рулары, Қос таңбалы Тама, Телеу, Қара қыпшақтар, яғни артынан қазақ құрамына біржолата енген рулардың ықпалды тұлғалары үстемдік жасады. Хақназар солардың арасында той-томалаққа да барды, дау-жанжалдарды да көріп өсті. Оның туыстары ноғайдың атақты биі Алшағырды өлтірсе, әкесінің кегін алған әйгілі Орақ батыр қазақтың Қожа Ахмед ханын өлтірді. Хақназар ноғайлар арасында жүріп, әскери өнерді меңгерді және қолбасшылық дарынын дамытты.
Ноғай ордасында басты биден кейінгі қанат билеушісі болған Шейх Мамай болашақта билікті толығымен қолына алуды көздеді. Сол себепті өзінің ордасында хан тұқымдарын ұстап, оларды Ноғай Ордасының аймақтарын билейтін, өзіне бағынышты тұлғалар ретінде өсірді. Осы мақсатпен қарауына Ақназарды ғана емес, сібірлік атақты билеуші Ибақтың немерелері, сұлтандар Көшімді және Ахмед Керейді де алып, төре тұқымдарын бауырына тартып тәрбиеледі. Шейх Мамай ноғай арасында түрлі жанжалдар ұйымдастырып, ақыры өзінің мақсатына жетті. Ағасы Сайд Ахмедті биліктен қуып жіберді де, Сарайшықтағы Ноғай ордасының тағына отырып алды.
Қазақ хандығы фильміндегі хан тағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.01.2024
Дерекқор
Шығай хан туралы қызықты деректер
Бірақ қанша тырысқанымен хан тұқымынан болмағандықтан, хан атана алмады, би лауазымын ғана иемденді. Ал шеттегі аймақтарда беделін көтеру үшін өзі тәрбиелеген хан тұқымынан шыққандарды өзінің өкілі ретінде бекітті. Мысалы, Шайбан тұқымы Ахмед Керейді башқұрттарды билеуге жіберді. Ал Хақназарды Сібір аймақтарына билікке қойды. Алайда Сібірдегі билікті қарадан шыққан Тайбұға әулеті тартып алған соң, Шейх Мамай Хақназар сұлтанды Башқұртстан билеушісі етіп тағайындайды. Хақназардың астанасы Имен қаласында (қазіргі Уфаның бұрынғы аты) болды. Бірақ ол башқұрт жерінде көп тұрақтай алмады.
Шейх Мамай ноғай мырзаларымен бірігіп, Қазақ хандығын талқандаған соң оның тағына өздері тәрбиелеген Хақназар сұлтанды 1537 жылы ақ киізге отырғызып, хан көтерді. Құрылтайға жиналған ноғай мырзалары қазақтарды біржолата бағындырудың басты жолы олардың өздері мойындаған әрі ноғай ықпалында жүрген атақты Қасым ханның баласын таққа отырғызу деп ойлады. Бұрын қазақ пен ноғайға бірдей хан болған атақты Қасым ханды ноғайдың қалың жұрты да аса құрметтейтін еді. Осылайша, әкесі тәрізді қазақ-ноғай ханы атанған Хақназар қасиетті әке жолын жалғастырудың алғашқы мүмкіндігіне қол жеткізгендей болды. Алайда шынайы билік оның қолында емес еді. Қазақ даласына хан болу үшін оған әлі оның орталық және шығыс өңірлердегі аймақтарындағы сұлтандарға өзін мойындату керек болған.
1559-1560 жылдары қазақтың бас ханы Әз Жәнібектің немересі Бұйдаш шайбандықтарға қарсы күресте қаза тапқан соң ғана Хақназар толық билікке қол жеткізді. Сол кезде қазақ сұлтандары оны хан ретінде мойындады. Ол енді қазақтардың ғана емес, оларға одақтас қырғыздардың да ханы болып есептеле бастады.

Қазақ хандығы бұрынғы жерлерін қайтарды

Хақназар хан әкесі Қазақ хандығын Қасым ханның кезіндегі дәрежеге жеткізуді ешқашан да естен шығармаған. Содан ноғай мырзаларына тұтқиылдан соққы беретін сәтті үлкен төзіммен күтті. Тіпті, ноғай мырзалары өзара жанжалдасып, билікке таласып жатқанда араласпай, шығысқа кетіп қалды. Сол жақта моғол ханы Абд әл-Керімнің аймағын басып алуға тырысты. Алайда бұл тайталаста жеңіске жете алмады. Одан кейін біраз уақыт моғолдардан аулақ кетіп, қазақ рубасылары мен сұлтандардын өзінің төңірегіне жинап, әскерін күшейтті.
Әбілқайыр хан - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.10.2023
Дерекқор
Кіші жүздің ханы Әбілқайыр хан туралы қызықты деректер
1557 жылы қазақ әскерлері Хақназар ханның бастауымен Жайықтың арғы бетіне өтіп, ноғай билеушісі Исмайылды Еділге қарай ығыстырды. Ал 1568 жылы күзде 20 қазақ сұлтандарын бастап ноғайларға тағы шабуыл жасады. Олардың арасында қазақтың болашақ ханы Жәдіктің ұлы Шығай сұлтан да болды. Шейх Мамайдың балалары бастаған ноғайлар бұл жолы орыстарға қараған Астрахан жеріне шегініп, солардың қолдауымен аман қалды. Араға екі жыл салып Хақназар ноғайларға қайта шабуылдап, олардың біразын Қазақ хандығына қосып алды. Енді оның хандығы шығыста Ертіс бойынан батыстағы Ембіге дейін, ал оңтүстікте Сыр бойынан солтүстіктегі башқұрттар аймағына дейін созылып жатты.
Хақназар қазақ-қырғыз одағына сүйене отырып, Моғолстан хандарының Жетісу мен Ыстықкөл алабын жаулап алу әрекетіне де тойтарыс берді.

Хақназар тұсындағы өзгерістер

ХVІ ғасырдың 60 жылдары Ноғай Ордасы ыдырады. Оның бір бөлігі орыс мемлекетіне, енді бір бөлігі Қазақ хандығына қосылды. Сарайшық қаласы да қазақтарға өтті. Ал Орыс мемлекеті шығысқа қарай ірге кеңейтіп, 1552 жылы Қазан хандығын, 1556 жылы Астрахан хандығын басып алды.
Хақназар хандықтың шекарасын Еділ мен Жайыққа дейін жеткізді. Башқұрт халқының Ресейге мойынсұнбаған бөлігі де Қазақ ордасының құрамына кірді. Орыс патшасы Иван Грозный Хақназарды құдіретті әмірші ретінде танып, елшілер жіберіп тұрды.
Ақназар Сібір хандығымен күрестің нәтижесінде Орта жүздің шетте жүрген руларын оңтүстікке топтастырды. Ойраттарға 1554 жылы күйрете соққы берді. 1555 жылы Моғолстан ханы Абд әр-Рашид ұлы Абд әл-Ләтиф сұлтанды жеңіп, Ұлы жүз руларының көпшілігін қосып алды. Моғолдар шебі Тәңіртаудан әрі ысырылды. Түркістан, Сығанақ, Сауран, Сайрам, Тараз қалаларын қайтарып алды. Қырғыздардың бір бөлігі Хақназарды хан деп таныды.
Абылай хан - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2023
Дерекқор
Абылай хан туралы қызықты деректер
1563 жылы Сібір хандығының билігін тартып алған Көшім хан ендігі жерде Қазақ хандығына дұшпандық позиция ұстады. Оның үстіне моңғол билеушілері мен қазақ хандары арасында қақтығыстар болып отырды. Осындай күрделі жағдайлармен есептескен Хақназар хан Қазақ хандығының сыртқы саясатын өзгертті. Өзінен бұрынғы қазақ хандары үнемі жауласып келген Мауараннахрдағы Шайбани әулетімен одақтастық байланыс орнатуға ұмтылды. Орта Азияның ең ірі қалаларының бірі Ташкентті басып алуға бағытталған әскери қимылдарын тоқтатты. Сөйтіп, Шайбани әулетінен шыққан Бұхара ханы Абдолла ІІ-мен қазақ ханы Хақназар "қастаспай дос болып, өзара көмектесу" жөнінде "анттастық шарт" жасасты. Осының арқасында соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады, қазақтардың Орта Азия халқымен сауда-саттық қарым-қатынасы, экономикалық байланысы одан әрі өрістеді. Қазақ хандығының ішкі жағдайы жақсарды, шаруашылық өмірі оңалды, хандық күшейе түсті.
Бұхар ханы Абдолла мен Ташкент уәлаятының әмірі Баба сұлтанның алауыздығын пайдаланып, Ташкентті қосып алуды көздеп жүрген Хақназар жорықта қаза тапты.

Хақназар хан қалай қайтыс болды

Қазақ хандығының күшеюінен қатты қорыққан сібірлік Көшім хан, Бұхара ханы Абдолла, ноғай билері Дінмұхаммед пен Ұрыс оған қарсы бірігіп күресу үшін одақ құрды. Алайда шайбандық сұлтандар арасындағы өзара тартыстарды пайдаланған Хақназар шебер дипломатиялық жолдармен Абдолланы уақытша болса да өз жағына тарта білді.
Хақназар хан Абдолланы ташкенттік Баба сұлтанға қарсы күресте қолдап, соңғыны өлтіруге де әрекеттер жасады. Бірақ осыны сезген және бұрыннан өшіккен Баба сұлтан жедел қимылдап, Хақназар ханның жасағына тұтқиылдан бас салып, ханның өзін де өлтірді.
Осылайша, орталықтанған мықты Қазақ хандығын қалпына келтіру бағытында батыл қадамдар жасаған және қазақтардың мақтан тұтар айтулы тұлғасына айналған Хақназар хан елді 42 жыл (1538-1580 жж.) биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес.
Хақназардан Дінмұхамед, Мұңғытай, Бозғыл есімді балалар қалған. Дінмұхамед біраз уақыт Ташкентті және Хиуаны билеген.
Керей-Жәнібек хандар - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.10.2023
Дерекқор
Қазақтың екінші ханы Жәнібек хан туралы не білеміз
Жаңалықтар
0