https://sputnik.kz/20240101/ulttyq-qor--balalarga-zhobasy-bastaldy-40920985.html
"Ұлттық қор – балаларға" жобасы басталды
"Ұлттық қор – балаларға" жобасы басталды
Sputnik Қазақстан
Кәмелетке толмаған балалардың арнайы шотына Ұлттық қор табысының елу пайызы ақпан айында түсе бастайды
2024-01-01T15:34+0500
2024-01-01T15:34+0500
2024-01-01T15:34+0500
қоғам
ұлттық қор
балалар
https://sputnik.kz/img/128/26/1282677_20:0:982:541_1920x0_80_0_0_60a8895b423a1c77dd46d1154ef7a80a.jpg
АСТАНА, 1 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда "Ұлттық қор – балаларға" жобасы іске қосылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Тиісті заңға президент былтыр қараша айында қол қойды.2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық кірісінің 50%-і он сегіз жасқа толмаған балалардың арнайы жинақтау шоттарына аударылады. Алғашқы төлемдер ақпан айында түсе бастайды. Жиналған қаражатты кәмелетке, яғни 18 жасқа толған соң ғана алуға рұқсат етіледі.Вице-премьер – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, 18 жыл ішінде баланың шотында 3-4 мың доллар ақша жиналады.Бала кәмелетке толғаннан кейін шоттағы ақшасын баспана сатып алуға немесе оқу ақысын төлеуге жұмсауға құқылы. Бұл ретте ақшаны шетелде білім алу үшін пайдалануға рұқсат етіледі.Жылдар бойы жиналған қаражат мақсатқа сай жұмсалуы үшін БЖЗҚ оны екінші деңгейлі банкте немесе ұлттық пошта операторында ашылған шотқа жібереді. Айта кетері, 18 жасқа толған азамат шотты өзі қалаған банктен ашады.Егер бала 18 жасқа толғаннан кейін жиналған ақшасын алмаса, ол шотта 10 жыл бойы сақталады. Он жылдан кейін де қажет болмаса, қаржы сол адамның зейнетақы шотына аударылады.Бала азаматтығын өзгерткен немесе жоғалтқан жағдайда төлем алу құқығынан айырылады. Ұлттық қордан берілетін қаражатқа салық салынбайды.Есепшоттағы ақша доллармен жинақталады. Ал төленетін кезде сол күнгі курспен теңгеге аударылады.Естеріңізге сала кетейік, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасын 2022 жылы қыркүйекте Қазақстан халқына жасаған жолдауында президент ұсынған болатын. Қасым-Жомарт Тоқаев әр отбасы елдің ұлттық байлығынан өз үлесін алуы керек екенін мәлімдеді.Мемлекет басшысы Ұлттық қор шынымен "ұлттық" деген мәртебеге ие болып, халықтың мүддесіне қызмет ететінін атап өтті.
https://sputnik.kz/20231026/ulttyq-qor--balalarga-vitse-ministr-algashqy-aqsha-shotqa-qashan-tusetinin-aytty-39659078.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/128/26/1282677_140:0:861:541_1920x0_80_0_0_cca6ca54292cbd10cf79d3420cf1b93f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық қор балаларға жобасы
ұлттық қор балаларға жобасы
"Ұлттық қор – балаларға" жобасы басталды
Кәмелетке толмаған балалардың арнайы шотына Ұлттық қор табысының елу пайызы ақпан айында түсе бастайды
АСТАНА, 1 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда "Ұлттық қор – балаларға" жобасы іске қосылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Тиісті заңға президент былтыр қараша айында қол қойды.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық кірісінің 50%-і он сегіз жасқа толмаған балалардың арнайы жинақтау шоттарына аударылады. Алғашқы төлемдер ақпан айында түсе бастайды. Жиналған қаражатты кәмелетке, яғни 18 жасқа толған соң ғана алуға рұқсат етіледі.
Вице-премьер – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың
айтуынша, 18 жыл ішінде баланың шотында 3-4 мың доллар ақша жиналады.
Бала кәмелетке толғаннан кейін шоттағы ақшасын баспана сатып алуға немесе оқу ақысын төлеуге жұмсауға құқылы. Бұл ретте ақшаны шетелде білім алу үшін пайдалануға рұқсат етіледі.
Жылдар бойы жиналған қаражат мақсатқа сай жұмсалуы үшін БЖЗҚ оны екінші деңгейлі банкте немесе ұлттық пошта операторында ашылған шотқа жібереді. Айта кетері, 18 жасқа толған азамат шотты өзі қалаған банктен ашады.
Егер бала 18 жасқа толғаннан кейін жиналған ақшасын алмаса, ол шотта 10 жыл бойы сақталады. Он жылдан кейін де қажет болмаса, қаржы сол адамның зейнетақы шотына аударылады.
Бала азаматтығын өзгерткен немесе жоғалтқан жағдайда төлем алу құқығынан айырылады. Ұлттық қордан берілетін қаражатқа салық салынбайды.
Есепшоттағы ақша доллармен жинақталады. Ал төленетін кезде сол күнгі курспен теңгеге аударылады.
Естеріңізге сала кетейік, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасын 2022 жылы қыркүйекте Қазақстан халқына жасаған жолдауында президент ұсынған болатын. Қасым-Жомарт Тоқаев әр отбасы елдің ұлттық байлығынан өз үлесін алуы керек екенін мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Ұлттық қор шынымен "ұлттық" деген мәртебеге ие болып, халықтың мүддесіне қызмет ететінін атап өтті.