https://sputnik.kz/20231026/ulttyq-qor--balalarga-vitse-ministr-algashqy-aqsha-shotqa-qashan-tusetinin-aytty-39659078.html
"Ұлттық қор – балаларға": вице-министр алғашқы ақша шотқа қашан түсетінін айтты
"Ұлттық қор – балаларға": вице-министр алғашқы ақша шотқа қашан түсетінін айтты
Sputnik Қазақстан
Ата-аналар балаларының шотына ақша түсіп-түспегенін БЖЗҚ сайты арқылы бақылай алады 26.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-26T11:53+0500
2023-10-26T11:53+0500
2023-10-26T11:53+0500
ұлттық қор
балалар
https://sputnik.kz/img/07e7/06/17/36279913_0:13:3084:1747_1920x0_80_0_0_8e494ba5324687eff40ee8d4f33b3a8b.jpg
АСТАНА, 26 қазан – Sputnik. "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясында 18 жасқа толмаған балалардың арнайы шотына алғашқы ақша 2024 жылы 1 ақпанда түседі. Бұл туралы қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Ол "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы келесі жылы 1 қаңтарда іске қосылатынын атап өтті. Ал бір айдан кейін кәмелетке толмаған балалардың шотына ақша түсе бастайды.Сондай-ақ вице-министр ата-аналар балаларының шотына ақша түсіп-түспегенін қалай тексере алатынын айтты."БЖЗҚ сайты арқылы бақылауға болады. ЖСН енгізіп, балаға қаражат аударылды ма, жоқ па, тексере алады. Ал бірнеше жыл ішіндегі соманы білу үшін Egov-тағы жеке кабинетке кіру керек. Интеграция бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр, жыл соңына дейін аяқталады", - деп сендірді Темірбеков.Айта кетері, қазақстандық балалар 18 жасқа толғаннан кейін шоттағы ақшаны екі мақсатқа ғана жұмсай алады: баспана сатып алуға немесе оқу ақысын төлеуге. Бұл ретте балаларға ақшаны шетелде білім алу үшін пайдалануға рұқсат етіледі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/17/36279913_79:0:2810:2048_1920x0_80_0_0_374a7543e60f93a07addadf4235b002b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық қор, балалар
"Ұлттық қор – балаларға": вице-министр алғашқы ақша шотқа қашан түсетінін айтты
Ата-аналар балаларының шотына ақша түсіп-түспегенін БЖЗҚ сайты арқылы бақылай алады
АСТАНА, 26 қазан – Sputnik. "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясында 18 жасқа толмаған балалардың арнайы шотына алғашқы ақша 2024 жылы 1 ақпанда түседі. Бұл туралы қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ол "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы келесі жылы 1 қаңтарда іске қосылатынын атап өтті. Ал бір айдан кейін кәмелетке толмаған балалардың шотына ақша түсе бастайды.
"Алғашқы төлемдер 2024 жылы 1 ақпанда түседі. Неге бұлай? Бір балаға қанша сома аударылатынын анықтау үшін есептеулер жүргізуге бір ай уақыт кетеді. Бұл қарапайым арифметика: 18 жыл ішіндегі инвестициялық табыстың 50%-і 18 жасқа дейінгі балалардың санына бөлінеді. Осылайша бір балаға берілетін сома анықталады. Бұл ақша келесі жылдың 1 ақпанында аударылады", - деді Темірбеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ вице-министр ата-аналар балаларының шотына ақша түсіп-түспегенін қалай тексере алатынын айтты.
"БЖЗҚ сайты арқылы бақылауға болады. ЖСН енгізіп, балаға қаражат аударылды ма, жоқ па, тексере алады. Ал бірнеше жыл ішіндегі соманы білу үшін Egov-тағы жеке кабинетке кіру керек. Интеграция бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр, жыл соңына дейін аяқталады", - деп сендірді Темірбеков.
Айта кетері, қазақстандық балалар 18 жасқа толғаннан кейін шоттағы ақшаны екі мақсатқа ғана жұмсай алады: баспана сатып алуға немесе оқу ақысын төлеуге. Бұл ретте балаларға ақшаны шетелде білім алу үшін пайдалануға рұқсат етіледі.