https://sputnik.kz/20231212/bala-18-zhasqa-tolgannan-keyin-ulttyq-qordan-qansha-aqsha-alady-40863514.html
Бала 18 жасқа толғаннан кейін Ұлттық қордан қанша ақша алады
Бала 18 жасқа толғаннан кейін Ұлттық қордан қанша ақша алады
Sputnik Қазақстан
Қазақстандық балалардың шотына Ұлттық қордың ақшасы келесі жылы ақпан айынан бастап түсе бастайды 12.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-12T16:43+0500
2023-12-12T16:43+0500
2023-12-12T16:43+0500
ұлттық қор
бала
ақша
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/0c/40833938_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_ebe15c3ab2e51ae9aad92d1d7c6d98f7.jpg
АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев "Ұлттық қор – балаларға" жобасы аясында кәмелетке толған баланың шотында қанша ақша жиналатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Айта кетері, бір ай бұрын президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қордан балаларға арналған қаражатты есептеу, төлеу және пайдалану мәселелері туралы заңға қол қойды."Ұлттық қор – балаларға" жобасы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосылады. Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық кірісінің 50%-і балалар 18 жасқа толғанға дейін олардың арнайы жинақтау шоттарына ақпан айынан бастап аударылады. Бұл ақшаны мерзімінен бұрын алуға тыйым салынады.Бала кәмелетке толғаннан кейін шоттағы ақшасын баспана сатып алуға немесе оқу ақысын төлеуге жұмсай алады. Алайда бала азаматтығын өзгерткен немесе жоғалтқан жағдайда төлем алу құқығынан айырылады. Ұлттық қордан берілетін қаражатқа салық салынбайды.Есепшоттағы ақша доллармен жинақталады. Ал төленетін кезде сол күнгі курспен теңгеге аударылады.
https://sputnik.kz/20231026/ulttyq-qor--balalarga-shotqa-aqsha-audaru-zhane-ony-alu-protsesi-qalay-zhuredi-39660762.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/0c/40833938_71:0:1210:854_1920x0_80_0_0_57a4cf6b27ddec1a5c8eddeae5e8f868.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық қор, бала, ақша
Бала 18 жасқа толғаннан кейін Ұлттық қордан қанша ақша алады
Қазақстандық балалардың шотына Ұлттық қордың ақшасы келесі жылы ақпан айынан бастап түсе бастайды
АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев "Ұлттық қор – балаларға" жобасы аясында кәмелетке толған баланың шотында қанша ақша жиналатынын айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Егер осы жүйеге бала дүниеге келген кезден бастап қатысса, 18 жасқа толғаннан кейін 3 мың доллардан 4 мың долларға дейін алады", - деді Жамаубаев үкіметте өткен брифингте.
Айта кетері, бір ай бұрын президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қордан балаларға арналған қаражатты есептеу, төлеу және пайдалану мәселелері туралы заңға қол қойды.
"Ұлттық қор – балаларға" жобасы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосылады. Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық кірісінің 50%-і балалар 18 жасқа толғанға дейін олардың арнайы жинақтау шоттарына ақпан айынан бастап аударылады. Бұл ақшаны мерзімінен бұрын алуға тыйым салынады.
Бала кәмелетке толғаннан кейін шоттағы ақшасын баспана сатып алуға немесе оқу ақысын төлеуге жұмсай алады. Алайда бала азаматтығын өзгерткен немесе жоғалтқан жағдайда төлем алу құқығынан айырылады. Ұлттық қордан берілетін қаражатқа салық салынбайды.
Есепшоттағы ақша доллармен жинақталады. Ал төленетін кезде сол күнгі курспен теңгеге аударылады.