https://sputnik.kz/20231026/ulttyq-qor--balalarga-shotqa-aqsha-audaru-zhane-ony-alu-protsesi-qalay-zhuredi-39660762.html
"Ұлттық қор – балаларға": шотқа ақша аудару және оны алу процесі қалай жүреді
"Ұлттық қор – балаларға": шотқа ақша аудару және оны алу процесі қалай жүреді
Sputnik Қазақстан
Балалар ақшаны мақсатқа сай пайдалануы үшін БЖЗҚ жиналған қаражатты екінші деңгейлі банкте немесе ұлттық пошта операторында ашылған шотқа жібереді 26.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-26T13:40+0500
2023-10-26T13:40+0500
2023-10-26T13:40+0500
ұлттық қор
балалар
https://sputnik.kz/img/639/76/6397616_0:0:1499:844_1920x0_80_0_0_1a15f89c4e32c279073b5fc7163ce170.jpg
АСТАНА, 26 қазан – Sputnik. Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков "Ұлттық қор – балаларға" жобасы қалай іске асырылатынын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Ұлттық қордың инвестициялық табысынан жиналған ақшаны балалар 18 жасқа толғаннан кейін ғана пайдалана алады."Ең алдымен, өткен жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қорға тәуелсіз аудит жүргізіледі. Аудит нәтижесі бойынша Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің мәні мен оның 50 пайызының мөлшері анықталады. Бұдан әрі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бір жыл ішінде дүниеге келген, қайтыс болған, азаматтық алған және азаматтықты жоғалтқан балалар санын нақтылайды", - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.Деректер толықтай нақтыланған соң, Ұлттық банк кәмелет жасына жеткен балаларға төлем жасау үшін қажетті соманы БЖЗҚ-ға аударады.Балалар ақшаны мақсатқа сай пайдалануы үшін БЖЗҚ жиналған қаражатты екінші деңгейлі банкте немесе ұлттық пошта операторында ашылған шотқа жібереді.Айта кетері, 18 жасқа толған азамат шотты өзі қалаған банктен аша алады.Шотқа түскен ақшаны қазақстандықтар баспана сатып алуға немесе оқу ақысын төлеуге жұмсайды.Ұлттық қордан берілетін төлемдерге салық салынбайды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/639/76/6397616_11:0:1344:1000_1920x0_80_0_0_5e0aa9abb1d0bde35c66c007290d8366.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық қор, балалар
"Ұлттық қор – балаларға": шотқа ақша аудару және оны алу процесі қалай жүреді
Балалар ақшаны мақсатқа сай пайдалануы үшін БЖЗҚ жиналған қаражатты екінші деңгейлі банкте немесе ұлттық пошта операторында ашылған шотқа жібереді
АСТАНА, 26 қазан – Sputnik. Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков "Ұлттық қор – балаларға" жобасы қалай іске асырылатынын түсіндірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ұлттық қордың инвестициялық табысынан жиналған ақшаны балалар 18 жасқа толғаннан кейін ғана пайдалана алады.
"Ең алдымен, өткен жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қорға тәуелсіз аудит жүргізіледі. Аудит нәтижесі бойынша Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің мәні мен оның 50 пайызының мөлшері анықталады. Бұдан әрі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бір жыл ішінде дүниеге келген, қайтыс болған, азаматтық алған және азаматтықты жоғалтқан балалар санын нақтылайды", - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Деректер толықтай нақтыланған соң, Ұлттық банк кәмелет жасына жеткен балаларға төлем жасау үшін қажетті соманы БЖЗҚ-ға аударады.
Балалар ақшаны мақсатқа сай пайдалануы үшін БЖЗҚ жиналған қаражатты екінші деңгейлі банкте немесе ұлттық пошта операторында ашылған шотқа жібереді.
Айта кетері, 18 жасқа толған азамат шотты өзі қалаған банктен аша алады.
Шотқа түскен ақшаны қазақстандықтар баспана сатып алуға немесе оқу ақысын төлеуге жұмсайды.
Ұлттық қордан берілетін төлемдерге салық салынбайды.