2024 жылы көрерменге жол тартатын отандық фильмдер

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуКинотеатр
Кинотеатр - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.12.2023
Жазылу
Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының айтуынша, мемлекет қаржысына түсірілген отызға жуық фильм 2024 жылы жарыққа шығуы мүмкін
Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының баспасөз қызметі айтты.
Әр жылдары түсірілген 29 толықметражды фильм келесі жылға дайын тұр. Барлық фильмді ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы қаржыландырған. Олардың жартысы енді түсіріліп бітіп жатыр, ал жартысы ертеректе түсірілген. Бірақ кей туындылар түрлі себепке байланысты әлі де прокатқа шықпаған. Кионоорталықтың басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали бұл фильмдерді 2024 жылы прокатқа шығару қарастырылып отырғанын алға тартты.

"Менен "біздің ұлттық фильмдеріміз қайда?" деп сұрап жатады. Бұл өте орынды сауал. Себебі соңғы жылдары мемлекетіміз кинематография саласына қомақты қаржы бөлгенімен, көрермен оның нәтижесін көрмей отыр. Фильмдер түсіріледі, алайда көбі прокатқа шықпайды. Әр туынды түсіріліп болған соң сөреде шаң басып қалмауға тиіс. Прокат болсын, фестиваль болсын, стриминг платформалар, телеарналар арқылы болсын – отандық көрерменге қолжетімді болуы керек. Бұл халықтың ақшасына түсірілген фильмдер. Сондықтан жауапкершілікті түсініп, оның көрерменге жетуіне күш салу қажет", - деді Құрманбек Жұмағали.

лепеха - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.10.2023
Балаева "Міржақып. Оян, қазақ!" фильмі жайлы: мұндай дүрлігу болады деп ойламадық
Экранға шықпаған туындылардың қатарында, тіпті, 2019 жылы түсірілген фильмдер де бар. Авторлардың көбі фестивальдерге қатысамын деп ұзақ уақыт жүріп қалған. Бұған қоса тарихи оқиғаларға негізделген, ұлы тұлғалардың мерейтойына арналған жобалар да жетерлік.
"Кейбір киногерлер бастапқыда мемлекет қаражатына фильм түсіру үшін өздерінің жобаларын асыра мақтап, конкурстан жолдама алған. Бірақ соңында жобаларын одан әрі ілгерілету жұмыстарынан өздері бас тартқан. Бұл дегеніміз, олардың мемлекеттік қаржыға деген тек тұтынушылық көзқарасын көрсетеді. Егер фильмнің көрерменге жетуі авторлардың өзіне қызық болмаса, оны түсіріп не қажет? Мұндай компаниялар мен авторлар бойынша орталық болашақта бір шешім шығаратын болады", - деді киноорталықтың басқарма төрағасы.
Авторлық фильмдер кемінде бір жыл халықаралық фестивальдерді аралап, уақытын өткізіп алады. Әрі мұндай туындылардың прокатқа шығуы да қиын. Себебі, қарапайым көрермендер авторлық киноларға көп бара бермейді. Дегенмен, оны іздеп жүріп көретін де киносүйер қауым бар. Сондықтан авторлық фильмдердің де прокатқа шығуына мүмкіндік берілу керектігі ерекше айтылды. Сонымен 2024 жылы Асхат Көшенширековтің "Бауырына салу", Дархан Төлегеновтың "Ағайынды", Кенжебек Шайқақовтың "Айқай", Серік Апрымовтың "Ауыл" және тағы басқа фильмдері көрерменге жол тартады деп жоспарланып жатыр.
Жақсы жаңалығымен қуантып жүрген жобалар да жоқ емес. Мысалы, жыл соңында жарыққа шыққан "Burkit" экшн фильмі бір айда отандық прокаттан қомақты қаражат жинаған. Оқиға желісі бойынша үміткерлер тобы күрең берет алу үшін сынақтан өтеді. Арасындағы үш дос, Руслан, Қайсар және Айбын үнемі бірін-бірі қолдауға тырысады. Руслан мен Қайсар қатал сынақтан бірінші рет өтіп жатса, Айбынның бұл үшінші талпынысы. Әрқайсысы ұлттық гвардияның арнайы жасағына өтуді армандайды, бірақ, мәреге тек біреуі ғана жете алады.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2023
Мәдениет
Кассалық фильмдер қазақ тілінде көрсетілуі керек – мәдениет министрі
Ал "Ева. Батыр қыз" секілді деректі картина жарты жылда 13 халықаралық кинофестивальден жүлделі оралды.
Бақыттас Санитастың "Тезек" картинасы қазір әйгілі "Netflix" компаниясымен келіссөздер жүргізіп жатыр. Әділхан Ержановтың "Мүйізтұмсық" атты киносының әлемдік премьерасы келесі жылы беделді Роттердам кинофестивалінде өтеді. Қысқасы, ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы дайын тұрған 29 жоба 2024 жылы толығымен жарыққа шығарамыз деп білек сыбанып отыр.
29 жобаның ішінде Жамбыл Жабаевтың соңғы жылдарына негізделген "Жамбыл. Жаңа дәуір" фильмі, Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаяны туралы "Соңғы үкім", 30 жылдардағы ашаршылық туралы "Өліара", Ұлы Отан соғысы туралы "Қара қыз", А-студио тобының әндеріне негізделген "Солдат любви" мюзиклы, 1992 жылғы автобусты кепілге алған бандиттер туралы "Набат операциясы", сыбайлас жемқорлық туралы "Жаза" фильмдері бар.
Жаңалықтар
0