Балаева "Міржақып. Оян, қазақ!" фильмі жайлы: мұндай дүрлігу болады деп ойламадық

© Photo : Пресс-служба правительства Казахстаналепеха
лепеха - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.10.2023
Жазылу
Ол қазір фильмді кез келген адам YouTube-арнасынан тамашалай алатынын атап өтті
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева көрермендердің сұрауымен прокаты бір аптаға ұзартылған "Міржақып. Оян, қазақ!" фильміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкіметте өткен брифингте журналистер министрден фильмнің прокаты басқа кинотуындыларға қарағанда неге қысқа болғанын сұрады.
"Барлық прокаттық ұйымның өз кестесі бар. Біз мұндай дүрлігу болады деп ойламадық, сондықтан бір уақытты таңдадық. Көрермендер осы фильмнің көрсетілімі одан әрі жалғасқанын қалаған соң, біз тағы бір аптаға создық. Қазір прокат уақыты аяқталды. Бізде өз көрерменін күтіп отырған басқа да фильмдер бар. Сол себепті бұл жерде қандай да бір проблема бар деп ойламаймын", - деді Балаева үкіметте өткен брифингте.
Бұл фильм Qazaqstan телеарнасынан үш рет көрсетілген, бірақ ол уақытта аса қатты қызығушылық болмады, бұл парадокс, дейді министр.
Ол қазір фильмді кез келген адам YouTube-арнасынан тамашалай алатынын атап өтті.
"Біздің қазақстандық сериал өніміміз де табысты болады деген үміт бар. Бұған дейін бізде тек нашар және сапасы төмен өнімдер түсіріледі деген стереотип болған. Біздің режиссерлеріміз бен продюсерлік компанияларымыз мақтауға лайықты фильмдер түсіре алады деп айта аламыз", - деді министр.
Жаңалықтар
0