https://sputnik.kz/20231228/14-ormanshy-51-kenshinin-olimi-bishimbaev-isi-2023-zhyly-bukil-eldi-durliktirgen-oqigalar-40716221.html
14 орманшы мен 51 кенші өлімі, Бишімбаев ісі: 2023 жылы бүкіл елді дүрліктірген оқиғалар
14 орманшы мен 51 кенші өлімі, Бишімбаев ісі: 2023 жылы бүкіл елді дүрліктірген оқиғалар
Sputnik Қазақстан
Биыл елді дүрліктірген оқиғалар аз болған жоқ. Орман өрті кезінде 14 адам қайтыс болса, Қарағанды шахтасында 46 адам қаза тапты. Экс-министр мен полиция бастығы да елді біраз шулатты
2023-12-28T10:10+0500
2023-12-28T10:10+0500
2023-12-28T15:56+0500
2023 жыл
өрт
алматы
семей
қуандық бишімбаев
https://sputnik.kz/img/07e7/06/0e/35931305_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_983dda3b678f349af6edf7a4d1b573d7.jpg
Sputnik Қазақстан биыл бүкіл елді дүрліктіріп, жұрттың назарында болған оқиғаларды еске алды.Мектепке балтамен келген оқушы13 ақпан таңертең Петропавл қаласындағы 4-орта мектепте төтенше жағдай болған еді. 9-сынып оқушысы мектепке балта алып келіп, үш адамды жарақаттады.Ол алдымен әжетханада маскасын киіп алған. Одан кейін дәлізге жүгіріп шығып, 10-шы және 9-шы сынып оқушыларын басынан ұрған. Зардап шеккен екі бала жансақтау бөліміне түсті. Артынан екеуі де жазылып шықты. Үшінші оқушы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне қайтарылды.Жасөспірімнің сөмкесінен пышақ табылды. Шабуыл жасаған оқушыны жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдер ұстап алған. Оның психикалық ауытқуы бар болып шықты. Ал мектепте білім алуға Алматы қаласындағы республиалық психикалық денсаулық ғылыми-тәжірибелік орталығы рұқсат берген. Прокурорлардың тексерісіне сәйкес, бала мектептегі буллингтен кейін өз-өзіне қол салғысы келген. Осыдан кейін оны психикалық диспансерге жатқызған.Жақында облыстық сот Давид Джакиладзені 6 жыл 9 айға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Ол өз жазасын жасөспірімдерге арналған колонияда өтейді. Ал оның туыстары зардап шеккен балаларға 1,5-3 миллион теңге көлемінде моральдық шығын төлеуге міндеттелді.Семей орманындағы алапат өртБиыл орман өрті тағы лап ете түсті. Осы жолы Семей орманы өртенді. Абай облысында бір апта бойы лаулаған орман өртінде көне қарағайлардың біраз бөлігі жанып кетті. Былтыр Қостанай өңірінде 40 мың гектардан астам ағаш өртенсе, биыл әлем бойынша Канада мен Қазақстанда ғана қалған қарағайлардың 60 мың гектары – Семей орманының 10 проценті күлге айналды. Тілсіз жаумен күрескен 14 орманшы қаза тапты. Олардың сүйегін бірден бермеді, ДНК-сараптама жасауға тура келді.Өрт Семей қаласынан 25 шақырым жерде Батпаев орман шаруашылығында басталды. Арғы жағында Успен орман шаруашылығы орналасқан. Дәл осы бөлімшенің мамандары тілсіз жауды тоқтатуға аттанды. Бірақ барлығы қаза тапты. 12 маусымда Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.Семей орманындағы өрт бойынша тергеу шаралары әлі жүргізіліп жатыр.5 жасар Еркежанның өліміЖазда Сарыағаш ауданында жантүршгерлік оқиға болды. Бұрын адам өлтіргені үшін сотталған ер адам көрші үйдің бес жасар қызын зорлап, айуандықпен өлтірді.Сол күні марқұмның әкесі бірден көршісінен күдіктеніпті. Алайда үйін қанша тінтігенімен мас күйде жатқан жалғызбасты ер адамнан басқа ешкімді таппаған. Ал үшінші рет кіргенде Еркежанның футболкасын көріп, есінен танып қалады. Тоғыз сағатқа созылған іздеу жұмыстарынан кейін мәйітті ауыл тұрғындарының бірі тауып алған. 5 жасар қыздың сау-тамтығы қалмаған, жансыз денесі күдік тудырған көршінің үйіндегі шатырда жатқан. Куәгерлердің айтуынша, 5 жасар қыздың жеті жерінен пышақ сұғылған.50-ден асқан ер адам бұған дейін де адам өлтіргені үшін 10 жылға сотталған. Одан кейін тағы адамға балтамен ауыр жарақат салғаны үшін сотты болған. Бірақ судья оны түрмеге қамамай, жазаны үш жылға шартты түрде өтеуге шешім шығарды. Еркежанның өлімінен кейін оның қызметі төмендетілді.48 жастағы қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сот-медицина сарапшылары оның педофилияға бейімі бар екенін анықтады. Сол себепті химиялық кастрация жасауға шешім қабылданды. Сондай-ақ ол марқұмның отбасына 100 милллион теңге көлемінде моральдық шығын төлеуге міндеттелді.Екі шахтадағы апат: 51 кенші көз жұмдыБиыл тамыз айында Қарағанды облысындағы "Қазақстан" шахтасында конвейер лентасы тұтанып, өрт шықты. Апат салдарынан 5 кенші қаза тапты, 16 адам зардап шекті. Ал шахтадағы өрт әлі өшірілген жоқ. Тілсіз жау көмір қыртыстарына тараған.Әуелі өрт қасақана қойылуы мүмкін деген болжам болды. Бірақ полиция оны жоққа шығарды. Тергеу қорытындысына сәйкес, конвейерде бір механизм айналмай қалған. Содан лента темірге үйкеліп, өрт лап ете түскен. Ал талап бойынша шахтада жанбайтын материалдан жасалған конвейер лентасы болуы қажет. Сондықтан жұмыс беруші кінәлі болып тұр. Комиссия 28 жауапты адамды анықтады. 28 қазанға қараған түні Костенко атындағы шахтада метан жарылды. Апат кезінде жер астында 252 адам болған. Жер бетіне 205 кенші шығарылды. Жоғалған адамдар үш күн бойы іздестірілді, барлығы 46 адам қаза тапты. Жарылыстың қатты болғаны сонша, толқыны жердің астымен екі шақырымға дейін барды, ал қаза болған кейбір кеншілерді арнайы сараптамамен ғана таныды. Осы оқиғадан кейін 29 қазан Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Заң бойынша марқұмдардың отбасына 10 жылдық жалақы көлемінде моральдық өтемақы төленуі шарт. Бұдан бөлек жұмыс берушінің тарапынан барлық кредит жабылуы қажет. Зардап шеккендер баспанамен де қамтылады. Сондай-ақ ай сайын әлеуметтік жәрдемақы төленіп тұрады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың айтуынша, жәрдемақыны мөлшері 400-500 мың теңгені құрайды. Оны балаларға 18 жасқа толғанша беріп отырады. Ал жоғары оқу орнына түссе, тағы төрт жыл төленеді.Айта кетері, 1995 жылдан бері "АрселорМиттал Теміртау" шахталарында 30-ға жуық апат болды. 15 жылдың ішінде ғана 100-ден астам кенші қаза тапты.Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке "АрселорМиттал Теміртау" компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды. Жаңа инвестор - қазақстандық кәсіпкер Андрей Лаврентьев. Компания атауы QARMET болып өзгертілді. Лаврентьев активтерді сатып алумен қатар, өндірісті жаңғыртуға және өңірдің экологиясын қорғауға тағы 3 млрд АҚШ долларын құюға міндетті, оның 1,3 млрд доллары алдағы жылы инвестицияланады.Экс-министр әйелін ұрып өлтірді9 қарашада әлеуметтік желіде экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ұсталғаны туралы ақпарат шықты. Әйелін ұрып өлтірді деген сөз тарады. Ертесінде ішкі істер министрлігі Бишімбаевтың ұсталғанын растады. Ал желіде экс-министрдің ұсталған жердегі фотосы жарияланды.Осы оқиғадан кейін халық арасында тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі тағы қызу талқыға түсті. Бұған дейін жемқорлық үшін сотталған Бишімбаев тағы мерзімінен бұрын босатылып, жазадан құтылып кетеді-ау деген болжамдар да жиі айтыла бастады. Полиция адам өлтіру фактісі бойынша тергеудің басталғанын хабарласа да, халықтың көкейінде жүрген күдік сейілген жоқ.Үш күннен кейін Гастро орталықтың директоры ұсталды. Оны қылмысты жасырғаны үшін айыптап отыр. Президент Тоқаев ішкі істер министрлігіне Бишімбаевтың ісін ерекше бақылауға алуды тапсырды.Бас прокуратураның хабарлауынша, Бишімбаев аса қатігездікпен жасалған адам өлтіру бабымен жауапқа тартылып отыр.Бишімбаев 2018 жылы атышулы шыны зауытының ісі бойынша істі болған. Сол кездегі ұлттық экономика министрі пара алғаны үшін және ақша жымқырғаны үшін 10 жылға сотталған. Алайда бір жылдан кейін шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды. Полиция бастығы кабинетінде қыз зорладыҚарашада Талдықорған қалалық полициясының бастығы 27 жастағы қызды зорлады деген күдікпен ұсталды. Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігі (Қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасаған зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаевтың айтуынша, қамауға алынған полиция басшысы талай рет тексерістен өткен. "Ұят жағдай, оны мойындау керек. Бірақ әр адамның жүрегіне, қанына сіңетін қасиеттерді біз біле алмаймыз. Ондай технология жоқ әлі. Тексерістен талай рет өтті. Жаңадан келген қызметкер емес, талай жыл істеп келе жатқан адам. Жауапкершілігін тергеу анықтайды, сотқа жіберіледі, сол кезде жазасын алады", - дейді Қожаев.Осы оқиғадан кейін облыстық департаменттің басшылығы жұмыстан қуылды.Хостелдегі қайғылы оқиға Қарашаның соңында тағы бір трагедия болды. Алматыдағы хостелдің бірінде өрт шығып, 13 адам көз жұмды.Тексеріс кезінде жертөленің жатақхана ретінде заңсыз жабдықталғаны анықталды. Хостелде 72 адам тұрған. Олардың ішінде 12 студент бар. Сол түні ғимараттың жертөлесінде матрацтар жанған. Салдарынан қою түтін шыққан. Адамдар иіс тиіп, қайтыс болды.Қаза болған адамдардың отбасыларына 1 миллион теңгеден беруге шешім қабылданды. Марқұмдардың арасында екі студент және төрт шетелдік бар. Олар – Ресей Федерациясының 2 азаматы және Өзбекстанның 2 азаматы. Шетел азаматтарының денесін елдеріне жеткізуге жәрдем берілді.Бұған дейін Алматыдағы "Ақкент" ықшам ауданында болған өрт те елді дүрліктірді. Құтқарушылар келгенге дейін тұрғындар балаларын терезеден лақтырған. Зардап шеккендердің ішінде 2 жүкті әйел бар. Бір адам қайтыс болды.
https://sputnik.kz/20230907/turkistan-oblysynda-5-zhasar-qyzdy-zorlap-oltirgen-pedofilge-ukim-shygaryldy-38271636.html
https://sputnik.kz/20231204/arselormittal-tartipke-nege-bagynbady--bas-prokuror-negizgi-sebebin-atady-40601142.html
https://sputnik.kz/20231130/bishimbaevtyn-zansyz-areketi-marqumnyn-olimine-alyp-kelgeni-sozsiz--prokuror-40534013.html
https://sputnik.kz/20231115/ishki-ister-ministri-zhetisu-oblysy-politsiya-departamenti-bastygyn-qyzmetinen-bosatty-40197657.html
алматы
семей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/0e/35931305_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_243237663a5165171661f3b2f5c467fa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
2023 жылы есте қалған оқиғалар қорытынды итоги 2023 года 2023 жылдың қорытындысы апаттар төтенше жағдайлар аза тұту күні день траура өрт шахтадағы апат оқиға орман өрті педофил бишімбаевтың ісі семейдегі өрт
2023 жылы есте қалған оқиғалар қорытынды итоги 2023 года 2023 жылдың қорытындысы апаттар төтенше жағдайлар аза тұту күні день траура өрт шахтадағы апат оқиға орман өрті педофил бишімбаевтың ісі семейдегі өрт
14 орманшы мен 51 кенші өлімі, Бишімбаев ісі: 2023 жылы бүкіл елді дүрліктірген оқиғалар
10:10 28.12.2023 (жаңартылды: 15:56 28.12.2023) Биыл елді дүрліктірген оқиғалар аз болған жоқ. Орман өрті кезінде 14 адам қайтыс болса, Қарағанды шахталарында 51 адам қаза тапты. Экс-министр мен полиция бастығы да елді біраз шулатты
Sputnik Қазақстан биыл бүкіл елді дүрліктіріп, жұрттың назарында болған оқиғаларды еске алды.
Мектепке балтамен келген оқушы
13 ақпан таңертең Петропавл қаласындағы 4-орта мектепте төтенше жағдай болған еді. 9-сынып оқушысы мектепке балта алып келіп, үш адамды жарақаттады.
Ол алдымен әжетханада маскасын киіп алған. Одан кейін дәлізге жүгіріп шығып, 10-шы және 9-шы сынып оқушыларын басынан ұрған. Зардап шеккен екі бала жансақтау бөліміне түсті. Артынан екеуі де жазылып шықты. Үшінші оқушы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне қайтарылды.
Жасөспірімнің сөмкесінен пышақ табылды. Шабуыл жасаған оқушыны жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдер ұстап алған. Оның психикалық ауытқуы бар болып шықты. Ал мектепте білім алуға Алматы қаласындағы республиалық психикалық денсаулық ғылыми-тәжірибелік орталығы рұқсат берген. Прокурорлардың тексерісіне сәйкес, бала мектептегі буллингтен кейін өз-өзіне қол салғысы келген. Осыдан кейін оны психикалық диспансерге жатқызған.
Жақында облыстық сот Давид Джакиладзені 6 жыл 9 айға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Ол өз жазасын жасөспірімдерге арналған колонияда өтейді. Ал оның туыстары зардап шеккен балаларға 1,5-3 миллион теңге көлемінде моральдық шығын төлеуге міндеттелді.
Семей орманындағы алапат өрт
Биыл орман өрті тағы лап ете түсті. Осы жолы Семей орманы өртенді. Абай облысында бір апта бойы лаулаған орман өртінде көне қарағайлардың біраз бөлігі жанып кетті. Былтыр Қостанай өңірінде 40 мың гектардан астам ағаш өртенсе, биыл әлем бойынша Канада мен Қазақстанда ғана қалған қарағайлардың 60 мың гектары – Семей орманының 10 проценті күлге айналды. Тілсіз жаумен күрескен 14 орманшы қаза тапты. Олардың сүйегін бірден бермеді, ДНК-сараптама жасауға тура келді.
Өрт Семей қаласынан 25 шақырым жерде Батпаев орман шаруашылығында басталды. Арғы жағында Успен орман шаруашылығы орналасқан. Дәл осы бөлімшенің мамандары тілсіз жауды тоқтатуға аттанды. Бірақ барлығы қаза тапты. 12 маусымда Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.
Семей орманындағы өрт бойынша тергеу шаралары әлі жүргізіліп жатыр.
Жазда Сарыағаш ауданында жантүршгерлік оқиға болды. Бұрын адам өлтіргені үшін сотталған ер адам көрші үйдің бес жасар қызын зорлап, айуандықпен өлтірді.
Сол күні марқұмның әкесі бірден көршісінен күдіктеніпті. Алайда үйін қанша тінтігенімен мас күйде жатқан жалғызбасты ер адамнан басқа ешкімді таппаған. Ал үшінші рет кіргенде Еркежанның футболкасын көріп, есінен танып қалады. Тоғыз сағатқа созылған іздеу жұмыстарынан кейін мәйітті ауыл тұрғындарының бірі тауып алған. 5 жасар қыздың сау-тамтығы қалмаған, жансыз денесі күдік тудырған көршінің үйіндегі шатырда жатқан. Куәгерлердің айтуынша, 5 жасар қыздың жеті жерінен пышақ сұғылған.
50-ден асқан ер адам бұған дейін де адам өлтіргені үшін 10 жылға сотталған. Одан кейін тағы адамға балтамен ауыр жарақат салғаны үшін сотты болған. Бірақ судья оны түрмеге қамамай, жазаны үш жылға шартты түрде өтеуге шешім шығарды. Еркежанның өлімінен кейін оның қызметі төмендетілді.
48 жастағы қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сот-медицина сарапшылары оның педофилияға бейімі бар екенін анықтады. Сол себепті химиялық кастрация жасауға шешім қабылданды. Сондай-ақ ол марқұмның отбасына 100 милллион теңге көлемінде моральдық шығын төлеуге міндеттелді.
Екі шахтадағы апат: 51 кенші көз жұмды
Биыл тамыз айында Қарағанды облысындағы "Қазақстан" шахтасында конвейер лентасы тұтанып, өрт шықты. Апат салдарынан 5 кенші қаза тапты, 16 адам зардап шекті. Ал шахтадағы өрт әлі өшірілген жоқ. Тілсіз жау көмір қыртыстарына тараған.
Әуелі өрт қасақана қойылуы мүмкін деген болжам болды. Бірақ полиция оны жоққа шығарды. Тергеу қорытындысына сәйкес, конвейерде бір механизм айналмай қалған. Содан лента темірге үйкеліп, өрт лап ете түскен. Ал талап бойынша шахтада жанбайтын материалдан жасалған конвейер лентасы болуы қажет. Сондықтан жұмыс беруші кінәлі болып тұр. Комиссия 28 жауапты адамды анықтады.
28 қазанға қараған түні Костенко атындағы шахтада метан жарылды. Апат кезінде жер астында 252 адам болған. Жер бетіне 205 кенші шығарылды. Жоғалған адамдар үш күн бойы іздестірілді, барлығы 46 адам қаза тапты. Жарылыстың қатты болғаны сонша, толқыны жердің астымен екі шақырымға дейін барды, ал қаза болған кейбір кеншілерді арнайы сараптамамен ғана таныды. Осы оқиғадан кейін 29 қазан Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
Заң бойынша марқұмдардың отбасына 10 жылдық жалақы көлемінде моральдық өтемақы төленуі шарт. Бұдан бөлек жұмыс берушінің тарапынан барлық кредит жабылуы қажет. Зардап шеккендер баспанамен де қамтылады. Сондай-ақ ай сайын әлеуметтік жәрдемақы төленіп тұрады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың айтуынша, жәрдемақыны мөлшері 400-500 мың теңгені құрайды. Оны балаларға 18 жасқа толғанша беріп отырады. Ал жоғары оқу орнына түссе, тағы төрт жыл төленеді.
Айта кетері, 1995 жылдан бері "АрселорМиттал Теміртау" шахталарында 30-ға жуық апат болды. 15 жылдың ішінде ғана 100-ден астам кенші қаза тапты.
Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке "АрселорМиттал Теміртау" компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды. Жаңа инвестор - қазақстандық кәсіпкер Андрей Лаврентьев. Компания атауы QARMET болып өзгертілді. Лаврентьев активтерді сатып алумен қатар, өндірісті жаңғыртуға және өңірдің экологиясын қорғауға тағы 3 млрд АҚШ долларын құюға міндетті, оның 1,3 млрд доллары алдағы жылы инвестицияланады.
Экс-министр әйелін ұрып өлтірді
9 қарашада әлеуметтік желіде экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ұсталғаны туралы ақпарат шықты. Әйелін ұрып өлтірді деген сөз тарады. Ертесінде ішкі істер министрлігі Бишімбаевтың ұсталғанын растады. Ал желіде экс-министрдің ұсталған жердегі фотосы жарияланды.
Осы оқиғадан кейін халық арасында тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі тағы қызу талқыға түсті. Бұған дейін жемқорлық үшін сотталған Бишімбаев тағы мерзімінен бұрын босатылып, жазадан құтылып кетеді-ау деген болжамдар да жиі айтыла бастады. Полиция адам өлтіру фактісі бойынша тергеудің басталғанын хабарласа да, халықтың көкейінде жүрген күдік сейілген жоқ.
Үш күннен кейін Гастро орталықтың директоры ұсталды. Оны қылмысты жасырғаны үшін айыптап отыр. Президент Тоқаев ішкі істер министрлігіне Бишімбаевтың ісін ерекше бақылауға алуды тапсырды.
Бас прокуратураның хабарлауынша, Бишімбаев аса қатігездікпен жасалған адам өлтіру бабымен жауапқа тартылып отыр.
Бишімбаев 2018 жылы атышулы шыны зауытының ісі бойынша істі болған. Сол кездегі ұлттық экономика министрі пара алғаны үшін және ақша жымқырғаны үшін 10 жылға сотталған. Алайда бір жылдан кейін шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды.
Полиция бастығы кабинетінде қыз зорлады
Қарашада Талдықорған қалалық полициясының бастығы 27 жастағы қызды зорлады деген күдікпен ұсталды.
Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігі (Қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасаған зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаевтың айтуынша, қамауға алынған полиция басшысы талай рет тексерістен өткен.
"Ұят жағдай, оны мойындау керек. Бірақ әр адамның жүрегіне, қанына сіңетін қасиеттерді біз біле алмаймыз. Ондай технология жоқ әлі. Тексерістен талай рет өтті. Жаңадан келген қызметкер емес, талай жыл істеп келе жатқан адам. Жауапкершілігін тергеу анықтайды, сотқа жіберіледі, сол кезде жазасын алады", - дейді Қожаев.
Осы оқиғадан кейін облыстық департаменттің басшылығы жұмыстан қуылды.
Қарашаның соңында тағы бір трагедия болды. Алматыдағы хостелдің бірінде өрт шығып, 13 адам көз жұмды.
Тексеріс кезінде жертөленің жатақхана ретінде заңсыз жабдықталғаны анықталды. Хостелде 72 адам тұрған. Олардың ішінде 12 студент бар. Сол түні ғимараттың жертөлесінде матрацтар жанған. Салдарынан қою түтін шыққан. Адамдар иіс тиіп, қайтыс болды.
Қаза болған адамдардың отбасыларына 1 миллион теңгеден беруге шешім қабылданды. Марқұмдардың арасында екі студент және төрт шетелдік бар. Олар – Ресей Федерациясының 2 азаматы және Өзбекстанның 2 азаматы. Шетел азаматтарының денесін елдеріне жеткізуге жәрдем берілді.
Бұған дейін Алматыдағы "Ақкент" ықшам ауданында болған өрт те елді дүрліктірді. Құтқарушылар келгенге дейін тұрғындар балаларын терезеден лақтырған. Зардап шеккендердің ішінде 2 жүкті әйел бар. Бір адам қайтыс болды.