https://sputnik.kz/20231204/arselormittal-tartipke-nege-bagynbady--bas-prokuror-negizgi-sebebin-atady-40601142.html
АрселорМиттал тәртіпке неге бағынбады – бас прокурор негізгі себебін атады
АрселорМиттал тәртіпке неге бағынбады – бас прокурор негізгі себебін атады
Sputnik Қазақстан
Заңда ірі кәсіпорындар үшін қатаң жаза қарастырылмаған. Жұмысшылардың еңбек құқығын бұзғаны үшін ескерту жасалады, әрі кетсе 500 мың теңгенің айыппұлы салынады 04.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-04T11:19+0500
2023-12-04T11:19+0500
2023-12-04T11:19+0500
арселормиттал теміртау
https://sputnik.kz/img/403/80/4038019_0:0:3648:2052_1920x0_80_0_0_83e2ce34f4feeeede428b56e4ef0aad5.jpg
АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. Бас прокурор Берік Асылов Костенко шахтасындағы трагедияға байланысты депутаттық сауалға жауап берді. Мәжілісмендер еңбек қауіпсіздігі мәселесін тағы көтерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Қазіргі кезде Костенко шахтасындағы апатқа байланысты Қылмыстық кодекстің 277-бабы, 3-бөлігі (Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу) бойынша тергеу жүріп жатыр. Бас прокуратура оны бақылауда ұстап отыр.Бас прокурордың айтуынша, мұндай трагедиялар біріншіден жауапты адамдардың қауіпсіздік мәселесіне атүсті қарауынан болып жатады. Бұдан бөлек, заңда ірі кәсіпорындар үшін қатаң жаза қарастырылмаған. Мәселен, жұмысшылардың еңбек құқығын бұзғаны үшін ескерту жасалады, әрі кетсе 500 мың теңгенің айыппұлы салынады.Мемлекеттік бақылау шаралары да жеткіліксіз. Заңда жұмысшылардың жарақат алуы және қауіпсіздік ережелерін бұзу фактілері тіркелген кәсіпорындарды жыл сайын тексеру нормалары жоқ. Қазіргі кезде мәселе үкіметте қаралып жатыр. Бас прокуратура оның бәрін талқылауға дайын.Айта кетері, 28 қазанға қараған түні Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада метан жарылып, салдарынан 46 кенші көз жұмды. Апат фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Премьер-министрдің төрағалығымен үкіметтік комиссия құрылды. 29 қазан елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
https://sputnik.kz/20231118/kostenko-shakhtasyndagy-apat-dimash-20-otbasyna-aqsha-audardy-40264451.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/403/80/4038019_907:0:3648:2056_1920x0_80_0_0_fa8ad8806514b315e018a558a0f06f43.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
арселормиттал теміртау
АрселорМиттал тәртіпке неге бағынбады – бас прокурор негізгі себебін атады
Заңда ірі кәсіпорындар үшін қатаң жаза қарастырылмаған. Жұмысшылардың еңбек құқығын бұзғаны үшін ескерту жасалады, әрі кетсе 500 мың теңгенің айыппұлы салынады
АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. Бас прокурор Берік Асылов Костенко шахтасындағы трагедияға байланысты депутаттық сауалға жауап берді. Мәжілісмендер еңбек қауіпсіздігі мәселесін тағы көтерді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Қазіргі кезде Костенко шахтасындағы апатқа байланысты Қылмыстық кодекстің 277-бабы, 3-бөлігі (Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу) бойынша тергеу жүріп жатыр. Бас прокуратура оны бақылауда ұстап отыр.
Бас прокурордың айтуынша, мұндай трагедиялар біріншіден жауапты адамдардың қауіпсіздік мәселесіне атүсті қарауынан болып жатады. Бұдан бөлек, заңда ірі кәсіпорындар үшін қатаң жаза қарастырылмаған. Мәселен, жұмысшылардың еңбек құқығын бұзғаны үшін ескерту жасалады, әрі кетсе 500 мың теңгенің айыппұлы салынады.
"Ірі бизнес үшін бұл түк те емес, сол себепті "тәртіпке салудың" ондай тәсілдерінен нәтиже жоқ", - дейді Асылов.
Мемлекеттік бақылау шаралары да жеткіліксіз. Заңда жұмысшылардың жарақат алуы және қауіпсіздік ережелерін бұзу фактілері тіркелген кәсіпорындарды жыл сайын тексеру нормалары жоқ. Қазіргі кезде мәселе үкіметте қаралып жатыр. Бас прокуратура оның бәрін талқылауға дайын.
Айта кетері, 28 қазанға қараған түні Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада метан жарылып, салдарынан 46 кенші көз жұмды. Апат фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Премьер-министрдің төрағалығымен үкіметтік комиссия құрылды. 29 қазан елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.